Математикадан ?ыс?а мерзімді жоспар: Екі айнымалысы бар сызы?ты? те?деулер ж?йесін ?осу т?сілімен шешу


Сабақ: 169 Мектеп: Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия
Күні:16.04.2016ж Мұғалімнің аты-жөні: Салмаева Назипа
Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың
тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу.
Сабақ негізделген оқу мақсаты Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге берілген есептерді шығару дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді ажырата алады
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қосу тәсілімен шешудің алгоритмін қолдана алады.
Кейбір оқушылар істей алады: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін салып шешімін таба алады.
Математикалық мақсат Оқушылар: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге берілген есептерді шығара алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу, ұқсас мүшелер
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімін қалай табамыз?
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:
Жетістік критерийлері: 12-15ұпай «5» 8-11 ұпай «4» 4-7 ұпай «3»
Алдыңғы оқу №1547 есеп
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз. Ресурстар
Басы
1мин
5мин Ұйымдастыру(5-7 мин): Оқушылар 4 топқа бөлінеді І-топ: у=kх+l сызықтық функция ІІ-топ: у=kх тура пропорционалдық ІІІ-топ: у=l тұрақты функция ІҮ-топ: ах+ву=с екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу. (Әр топ өз атаулары бойынша мәлімет береді) Сызықтық функция дегеніміз не? Сызықтық функцияның графигі нені береді? Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен қалай шешеді? Таратпа материалдар
Ортасы
5мин
15 мин
5мин
Үй тапсырмасын тексеру(интерактивті тақта дұрыс жауаптар арқылы оқушылар үйден орындап келген тапсырмаларын нүктелер арқылы белгілеп, график сызады) «Графикалық диктант»Жеке жұмыс (7 мин) Бағалау: Оқушылар жұптасып өзара дәптерлерін алмастырып дұрыстығын тексеріп, ұпайларын есептеп, дәптерге жазады. №1549 есеп (1, 2), №1550 есеп (1, 2) (203 бет) Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер: І-топ: №1549(1) Есепті шығарылу жолымен орындайды ІІ-топ: №1549 (2) Оқушыларға шығарылу жолы ұсынылады, дұрыс құрастыру керек. ІІІ-топ:№1550(1) Есепті шығарылу жолымен орындайды ІҮ-топ: №1550(2) Оқушыларға шығарылу жолы ұсынылады, дұрыс құ растыру керек. Бағалау: Топтар бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды Математика (ІІ бөлім) 6 сынып, оқушы дәптері, Интерактивті тақта, үлестірме қағаз
Соңы
7 мин
3 мин Деңгейлік тапсырма: (10 минут)
А деңгейі (1 ұпай): А(4; 2) және В(5; -2) нүктелерінің қайсысы 2х-3у=2 теңдеуінің графигіне тиісті болады? В деңгейі (2 ұпай)
4х+2у=15 теңдеуіндегі у айнымалыны х арқылы өрнектеп алып, теңдеудің екі шешімін тап. С деңгейі (3ұпай)
Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шеш: №1561(1) есеп Үлестірме қағаздар
Қосымша ақпарат Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешудің үш жағдайы.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Деңгейлік тапсырма Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Деңгейлік тапсырма Қосымша сұрақ
Ұпай саны
Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? - Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? - Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Тексерілді:

Приложенные файлы


Добавить комментарий