Конспект на тему:?аза?стан аума?ыны? таби?и аудандары


Тақырыбы: «Экология – ел тағдыры»
Мақсаты: Экология ілімінің негізгі қағидаларын негізге ала отырып, білімділікке, салауаттылыққа және тәрбиелікке мән беріп, еліміздің экологиясын қорғауға және өзіндік үлес қосуға шақыру.
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
1 - жүргізушіЕлбасымыз Н. Ә. Н “Қазақстан – 2030” стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында“Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ақуалы жақсы болуы тиіс” деп атап кеткен болатын. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, ауасы таза, көк желекті дамыған елде тұру керек.
2 - жүргізуші“Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады” деп айтылғандай, қазіргі уақытта көптеген аурулар дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе, сондықтан әрбір адам осыны білсе мұның алдын алуға болады.Экология бөтен сөз, бір туғаның бірақ та.Білгенге бұл көсем сөз, мәңгі қалар құлақта.
Эко, деген - үй, ОтанЕжелден - ақ грекше,
Сөз патшасын ұнатам жүрегіме гүл ексе.Бізше ғылым - логия, тұтқасы бар әлемнің,
Онсыз мекен, жоқ ұя, жоқ киесі өлкенің.“ Өз үй - өлең төсегің” табиғат болып қалады,Оған айтқан кесегін өз басынды жарады.
1 - жүргізуші. ҰлШу аз ба қазір,Шаң аз ба?Бәріне соның алаңмын.Дүңкиген анау “Камаздар”-Динозавры даланың.Көгалға кілем төсейтін,Қап - қара асфальт төседік.Даналық қолы сызғаншаДаланың шаңын бір қақтық.Су таппай жүріп біз қаншаБатпақты қолдан құрғаттық1 – бөлім:ТаныстыруӘр топ өзін ортаға келіп таныстырады1 - жүргізушіТабиғаттың тарылтпайықМөлдір кәусар тынысынПәк табиғат, әр жүректіңТамылжыған жарысың2 - жүргізушіЕй, азамат! ақылға сал
Қатыгездік жасамаӨзің - дағы содан тудыңТабиғаттың ұлысың2 - бөлім Ой бөлісу бөлімі:Жұмбақтар1.Адам мен жануардан бөлінедіӨсімдіктін торына ілінеді (көмірқышқыл газы)
2.Ол болмаса асыңның дәмі кірмесКім бар екен ортада оны білмес (ас тұзы)3 - бөлім Менің өнерім бөлімі. Өз өнерін көрсету4- бөлім Сұрақ - жауап бөлімі.
1.Ағзаға өте қажетті бейорганикалық зат? (су, минеральды тұздар)2. Қауіпті тіс ауруы? (тіс жиегі)3.Атмосферадағы азон қабатының маңызы неде?4.Қазақстанның халық саны қанша? (17 миллион)5.Адам күніне қанша литр су ішеді? (2 - 3л)6. Экология ғылымы нені зерттейді?7. Озон тесігі ұғымына қандай түсінік беріңіз?8. Өзіміздің Байзақ ауданының экологиясы туралы не айтар едіңіз?9. Қазақстынның өзен көлдерінің экологиясы қандай жағдайда?10. Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуінен қандай аурулар пайда болады деп ойлайсың?
1 - жүргізушіТабиғатты сүю - парыз,Сүю үшін қорғау - парыз.Табиғатсыз күнің жоқ,Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ2 - жүргізушіАспанымыз ашық болсын!Жеріміз кең болсын!Ауамыз таза болсын!Суымыз тұнық болсын!Гүліміз жайқалып өссін!
Қорытынды сөз:
мұғалім: Құрметті оқушылар! Міне, бүгін өздеріңмен экология ел тағдыры - атты тақырыбында қазіргі заманымыздағы өзекті мәселелердің бірі - экология жайында біршама сөз қозғап, өз ойымызды ортаға салдық.Әрине, экологиялық мәселелерді бір күнде шеше алмаймыз, бірақ та әрбір мектеп оқушысы өзінің туған жерінде қоршаған ортасының тазалығына жауапкершілікпен қарай білсе, бұл мәселе біртіндеп шешілері сөзсіз.
1 - жүргізушіТабиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз,Бір - бір ағаш егейік.Текке отырмай жасымызбен кәріміз,Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Приложенные файлы


Добавить комментарий