Ересек топ балаларына арнал?ан ?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекеті. Та?ырыбы К?з


Рудный қаласы әкімдігінің «№12 балалар бақшасы » КМҚК
Тақырыбы:«Күз»
41910107315
Орындаған:
Хусаинова А.Б.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Күз
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Табиғатқа, қоршаған әлемге деген жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Күз суреті, тірек-схема, көкөністер мен жемістердің муляждары, күз тақырыбына байланысты слайд.
Билингвалды компонент:күз, жеміс, көкөніс, жомарт.
Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Қонақтарға жылы лебізімізді білдіріп, олармен амандасайықшы.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!Өте жақсы, балалар! Ал енді шаттық шеңберін құрайық:
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге.
-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын, өзімізді қонақтарға таныстырып өтейік.
Дидактикалық ойын: «Танысу» . Сенің атың кім?-деген сұрақ қойып, балалардан жауап алу.
- Жарайсыңдар балалар, отыра қойыңдар!- Балалар, кім айтады, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күзде ауа-райы қандай болады?
- Күзде не жиі жауады?
-Жақсы, балалар!
-Балалар, тыңдаңдаршы, біреу есік қағып тұрған сияқты.
Есік ашылып, хат келеді. Хатта күзді сиқыршы ұстап алғанын, егер оның тапсырмаларын орындаған жағдай да ғана, күзді босататыны туралы жазылған. Балаларға жеңіл болсын деп, күз оларға сиқырлы текше беріп жіберіпті, текшенің әр бетінде тапсырмалар берілген.
Схема бойынша жұмыс жасау: 2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құрастыру.
Көкөністер мен жемістер слайды. Көкөністер мен жемістерді, олардың түстерін, дәмін, пішіндерін атау.
Сергіту сәті: музыкалық әуен арқылы жаттығулар жасау.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс жинап ал» Араласып жатқан көкөністер мен жемістерді бөлек-бөлек теріп, екі түсті себетке салу. Көкөністі жемістен ажырату. Оларды салыстыру.
Жарайсыңдар, балалар! Бұл тапсырманы да бұлжытпай орындап шықтыңдар. Олай болса, келесі тапсырманы да орындайық. Дайынсыңдар ма?
Дидактикалық ойын: «Не артық» Слайд арқылы берілген суреттердің ішінен артық көкөністі немесе жемісті табу. Неге артық екенін түсіндіру.
-Балалар кәне, күз туралы тақпақты есімізге түсірейікші.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
-Балалар экранға қараңдаршы, түстер берілген. Кәне, түстерді атап шығайық.
Балалар түстерді атап шығып, берілген көкөністер мен жемістерді санап шығады.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын». Шарты: қоржынның ішінен көкөністі немесе жемісті алып, атауын, түсін айтады.
Жарайсыңдар, балалар! Бұл тапсырманы да бұлжытпай орындап шықтыңдар. Олай болса, келесі тапсырманы да орындайық. Дайынсыңдар ма?
283210023495565785234951870710147320
Схема:
«Ғажайып сәт»- «Сиқырлы қорап».
-Балалар бүгін сендер өте жақсы білім көрсете алдыңдар! Осы үшін менің сендерге берер сыйлығым бар!
Қорытындылау: Сұрақ-жауап.

Приложенные файлы


Добавить комментарий