Ата-ананы? о?у -т?рбие ?дерісіндегі міндеттері мен жауапкершілігі ата-аналар жиналысы


Бекітемін: Келісемін:
№3 Талапкер орта мектебінің директордың тәрбие жұмысы
директоры Абеева. С. Қ жөніндегі орынбасары
«__» ____2016ж. Хамзина Г.А
«__» ___2016 ж.
Ата-ананың оқу -тәрбие үдерісіндегі міндеттері мен жауапкершілігі
(ата-ана жиналысы)
88836419050

3«А» сынып жетекшісі:Жакенова.Г
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: Ата-ананың оқу -тәрбие үдерісіндегі міндеттері мен жауапкершілігіМақсаты:1. Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.2. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.Міндеті:1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі.2. Мектепте ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлі.3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы.Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз, плакат, маркер.
Әдіс-тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ-жауап, көрініс, «Қол көмек», «Сиқырлы таяқша» ойын Сабақ барысы1. Ұйымдастыру кезеңі:Қатысушы ата-аналарды 2 топқа бөліп отырғызу.Әділ-қазылар алқасын сайлап алу.2. Кіріспе:1. Сабақтың мақсатын айту2. Тренинг ережесімен таныстыру3. Кіріспе сөз. Мұғалім: Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен  туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген,  құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек.Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.
 
406336568580256794027641553. Қызығушылығын ояту.Оқушылар ата-аналарына ыстық лебізін білдіреді.І – бөлім«Стол резюмесі» 2 - топқа плакат таратылады. 1. Топтың образы2. Топтың аты, ұраны3. Топтың жасы4. Топтың білімі5. Топтың балалары6. Топтың түсі7. Топтың хоббиіТоп мүшелерін өз топтарын таныстыру
ІІ – бөлім«Өнеге отбасынан»Сұрақ-жауап.І- топ1. Балаңызға сөзіңізді толық тыңдату үшін не істер едіңіз? 2. Өз балаңызға оқуға қолайлы жағдай жасадыңыз ба?3. Балаңызды сіз жазалайтындай жағдай болды ма?4. Кейбір ата-аналар жағдайы бола тұра неліктен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлмейді?ІІ – топ 1. Бала бойында қандай қасиетті көргіңіз келеді?2. Балаңыздың жағымсыз мінезін байқаған кезде өзіңізді қалай сезінесіз?3. Өз балаңызбен қандай қарым-қатынаста болдыңыз?4. Сіз балаңызға қанша уақыт бөлесіз?Балалардан естілікІ. Мені көп еркелеттіңіз (айтқанымды көбіне орындауға тырыстыңыз). Бірақ оның барлығының бірдей болуы, орындалуы мүмкін емес екенін жақсы білемін. Сондықтан менің еркелігімді кешіріп, парықсыз болуға итермеледіңіз.ІІ. Өзімнің қолымнан келетін нәрселерді сіз мен үшін атқармаңыз, әйтпесе сізді мен күтушім ретінде пайдалана беретін боламын.Әр топ мүшелері тапсырманы өз топтарында талдап, балалардың жүрегінен шыққан ой-пікірге көз қарастарын, ойларын ортаға салады.Мағынаны тануІV – бөлімБаланы жастанБ. Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмін еске түсіруге арқылы ата-аналарға топтық тапсырма Қадіров Қожаның сотқарлығы. Майқанова апайының сумкасына бақа салу, біреудің қозысын ұрлап союы, темекі шегу тағы басқа бұзақылығын естіп шешесін шақыртып педсоветте қарайды. Ол ашуланып Қожаны жазалайды.І. Жазалау әдісінің бізге тигізер пайдасыІІ. Жазалау әдісінің кері әсері туралы ой-пікіріңіз!V – бөлім«Көрініс»Ата-ана жиналысқа шақырылды. Бала анасына барды.- Мама, сізді жиналысқа шақырды.- Балам, менің қолым тимейді. Әкеңе бар.- Папа, сізді мұғалім жиналысқа шақырған болтын.- Мен жұмыстамын бара алмаймын.Осы көрініс бойынша ата-аналар өз ойларын айтады.VI – бөлім«Қол көмек» ойыны Әр ата-анаға бір парақтан таратылады.«Балаңызға қандай көмек бере аласыз?»(Мұндағы мақсат ата-ананың өз жауапкершілігін сезіну, бала, ұстаз алдындағы міндетін аңғарту)Ой толғаныс
3755390-1611630ҮІІ. «Сиқырлы таяқша» арқылы ата-аналар бір-бір тілек айтып шығады.Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал-мәтелдерден көруіңізге болады.
Егер балаңызды жақсы көргіңіз келсе...1- кеңес. Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала елден ерек екенмін деген сезімде болмауы, басқаларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырық үйірледі дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мадақтауға болмайды.2-кеңес. Баланың ырқына жүгіре бермеңіз. Бала не талап қойса да елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет, қайсысының қажет емес екенін айтып, түсіндіріп қоюы қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады.3- кеңес. Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап қолынан келетін істеуге болатын істерінің бәріне араласа беруге болмайды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын жалтақ болып қалады.
Қорытынды бөлім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі тренингімізді аяқтағалы отырмыз.
 
450786534290Ата-аналар мұғалімге жеке сұрақтарын қалдырады.




Приложенные файлы


Добавить комментарий