Білімі:Таным.Б?лімі:Жаратылыстану.Ашы? саба?Данышпан тасба?аБірінші кіші топ


Ашық сабақ «Балапан» бірінші кіші тобынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Данышпан тасбақа».
Мақсаты : балаларды тірі жаңдарды күтуге,жағдай жасауға қалыптастыру.Табиғат бұрышындағы жәндікке қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: табиғат бұрышындағы тасбақа,презентация.
Алдын ала өткізілген жұмыс:Сабақта балалармен тасбақаның суретін құрастыру. Ойыншығын қарап сипаттамасын жасау. Тасбақа қайда тұратынын, не жейтінін балаларға түсіндіру.
Сабақ барысы: шаттық шеңбер
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!
Балалар шеңберге тұрып қимыл қозғалысты қайталайды.
Кіріспе: балаларды табиғат бұрышына шақырып,тасбақамен таныстыру.
Әңгімелеу: Бүгінгі сабақта біз табиғат бұрышындағы мекендеушілердің бірімен таныс боламыз.Балаларға жұмбақ жасыру:Аяғы бар, басы барАрқалаған тасы бар.(тасбақа)Балалардың жауабын тыңдаймын— Дұрыс: «Тасбақа»Балалардың алдына тасбақаны әкеліп қоямын. Балалар, 1 – 2 минут тасбақаны бақылаймыз:— Бұл не?Тасбақа.— Тасбақаның қандай дене мүшелері бар?Басы, ауызы, көзі, денесі, аяқтары.
Балалардың жуабын тыңдаймын. Тәрбиеші тасбақаны қолына алып әр балаға көрсетеді. Балалардың назарын тасбақаныңсүйекті сауыты болатының ескертіп, басы, аяғы, құйрығы бар екеніне назар аударады. Тәрбиеші сұрақ қоя отырып, балалармен әңгімені жалғастырады. Балалар тасбақаны қолымен сипап ұстап, сипаттап береді. Балалардың жауабы: Қатты, жуан сүйекті сауатының арасында басы, аяғы көрінеді.Балаларға тәрбиеші тасбақа туралы мәлімет береді.— Тасбақа қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап сүйекті сауытына тығылады. Тасбақа шөптің арасында далада өмір сүреді. Шөппен қоректенеді. Қыста ол тамақ жемейді. Ол ұйықтайды. Тасбақа екі түрлі болады. Жерде және суда өмір сүретін болады.Тасбақаны топта ұстауға болады.
Сергіту сәті: «Бақа,бақа балпақ» қимылмен көрсетеді
Данышпан тасбақа туралы мәлемет презинтациядан көорсету.
Балалар сендер білесіндерме тасбақа немен қоректенеді?Қырыққабат, сәбіз, алманы жақсы көреді.Сабақтың қорытындысы:— Балалар бүгін біз не істедік?— Тасбақаны бақыладық.— Тасбақа қандай? Дене мүшелерін атап кетейікші.Тасбақада не бар?— Басы, көзі, ауызы, аяқтары, құйрығы.Балалар біздің табиғат бұрышында тасбақа мекендеушіледің біреуі болсын, онымен достасайық.Дидактикалық ойын: «Тасбақаны құрастыру».Балаларға ойын шартын түсіндіру. Сабақты ойыннан кейін аяқтау. Балаларды мадақтау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий