: ?оз?алыс?а байланысты м?тінді есептерді екі айнымалысы бар сызы?ты? емес те?деулер ж?йесі ар?ылы шешу


Пәні: Алгебра Сабақ № 16
Сыныбы: 9 «ғ»
Уақыты:
Тақырыбы: Қозғалысқа байланысты мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер
жүйесі арқылы шешу.
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
- ақпараттық: оқушыларға қозғалысқа берілген есептер, бір қалыпты қозғалыс, бір мезеттік жағдайларға берілген мәтінді есептер туралы ақпарат беру;
- коммуникативтілік: ақпаратты зейін қоя тыңдай отырып, есеп шығару барысында тиімді қолдана тиімді қолдана білуге дағдыландыру;
- проблеманы шешу: қойылған сұрақтарға жауап беріп, сабаққа белсенді қатысу;
Сабақтың типі: жаңа ақпаратты оқу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау
Оқыту құралдары: тақта, оқулық, А.Г. Альсейтов «Математика»-2
Пәнаралық байланыс: педагогика, психология, физика
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлім
Сәлемдесу;
Сынып тазалығын қадағалау;
Сынып тізімін тексеру:
Оқушылар зейінін сабаққа аудару;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
№ 119 (дәптерлері жинап алынып тексеріледі)
ІІІ Жаңа ақпаратты меңгертуге кіріспе
Қозғалысқа берілетін есептерде қандай шамалар беріледі?
Шамалар арасындағы байланысты қандай формуламен беріледі?
IV Жаңа ақпаратты меңгерту


Мысалы
Аэродромнан бір мезгілде екі самолет ұшты: біреуі – батысқа, екіншісі оңтүстікке. 2 сағаттан соң олардың ара қашықтығы 2000 км болды. Біреуінің жылдамдығы екіншісінің жылдамдығының 75%-не тең болса, әрқайсысы қанша?
Шешуі: II - =x км/сағ
I - =(0,75x) км/сағ

S=2000 км
Жауабы: 800 км/сағ; 600 км/сағ
V Практикалық бекіту.
№114
Катер өзен ағысымен 15 км және 4 км тынық суда жүзді. Барлық жолға 1 сағ уақыт кетті. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығын табыңдар.
Шешуі: Sағ = 15 км; S2= 4 км;
t= 1сағ; V ағ = 4 км/сағ; =>
t ағ = 15/(х+4); t 2 = 4/х;
15/(х+4)+4/х=1
15х+4х+16= х2+4х
х2 –15х-16= 0
D=289 => x=(15+17)/2=16
Жауабы: V ағ =16+4 = 20км/сағ
№ 118; 121
VІ Үйге тапсырма
№ 124, 122
VІІ Қорытынды Cабақ қорытындыланып, белсене қатысқан оқушылар бағаланады

Приложенные файлы


Добавить комментарий