Презентация на тему творчество Батырхана Шукенова


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Батырхан Шүкенов шығармашылығы 1979 жылы Батырхан Қызылордадағы № 233 орта мектепті аяқтады. Мектеп жылдарында музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н. К. Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады.1981жылы Шүкенов Алматыдағы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекеттік консерваторияға ауысты.Өмірбаяны «Арай» тобы Роза Рымбаеваға аккомпоне -мент жасауымен Қазақстанға танымал ансамбль еді. Ұжымның құрамында Батырхан инструменталдық джаз композицияларын орындай жүріп, өзін альт- және тенор-саксофон виртуозы ретінде көрсетті. 1985-1986 жылдары аралығында ол Совет Армиясы қатарында әскери қызметін атқарады. Мұнда да оркестр құрамында музыкамен шұғылдануды жалғастырады. Қазақстандық және  ресейлік эстрада әншісі, сазгер.Алғаш танымалдылығы A`Studio топ арқылы келген. 2000 ж. дейін A`Studio тобының құрамында өнер көрсетті.  1989 жылы музыканттар өзінің алғашқы бүкілодақтық хиты «Джулияны» шығарды. Алла Пугачева бірден топпен танысып, оларды Қазақстаннан Мәскеуге шақырады. Кейін А’Студио бүкіл елге танымал болып, атағы шығады. Музыканттар Алла Пугачеваның Ән Театрында 1989-1994 жылдар аралығында жұмыс жасады. Батырханның сөзі бойынша, олар Алла Борисовнамен «шынайы дос болған». «Алла Борисовнаға жиі қонаққа барып, әңгіме-дүкен құрып, сурет салатын едік…». Ал Батырханды ол «балам» деп атаған. 2000 жылдың күзінде Батырхан топтан кетіп, этникалық музыкаға оралуға шешім қабылдады. Ол қысқа атқа ие болған «Батыр» жобасымен айналыса бастайды. Оның жаңа репертуарының авторларының бірі Павел Есенин аталды.2002 жылы Батыр өзінің алғашқы жеке альбомы «Отан ананы» жарыққа шығарды 2007 жылы Республика Сарайындағы концерттері мен видеоклиптері бар «Батыр LIVE» альбомы жарық көреді.2007 жылдан 2015 жылға дейін Батырхан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы кеңесшісі қызметін атқарады.2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті бұйрығы бойынша, Батырхан Шүкеновке «Қазақстан өнеріндегі еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді.2013 жылы Батырханның соңғы альбомы «Душа» шықты.2013 жылы «Россия-1» телеарнасындағы «Живой звук» телебағдарламасының жеңімпазы атанды.2015 жылы әртіс «Россия-1» телеарнасындағы «Один в один!» музыкалық бағдарламасына қатысты. Батырхан Шүкенов – қазақ музыка өнері мен эстрадасының беткеұстар бірегей тұлғасы еді. Осылай қала да береді. Оның өнерін қазақ халқы ғана емес, бүкіл ТМД елдері жоғары бағалады. Әндерін құмарта тыңдады. Өнерімен ұлтын танытты. Тіпті ресейліктер қазақ музыка өнерінің майталманына «құда» да түсті. Бірақ Батырхан түбі көшпенділердің ұрпағы екенін бір сәт те ұмытқан емес. Қайда жүрсе де, туған елінің топырағын бәрінен биік қойды. 2002 жылы елге келіп, «Отан Ана» атты альбомын жарыққа шығаруы – осының бір айқын көрінісі. Батырхан Шүкеновтың – Отан Ана әні– маған ең ұнайтын ән. Дискографиясы«A`Studio» тобының құрамында«Путь без остановок» — 1988, «Мелодия» фирмасы«Джулия» — 1990, «Русский диск»«A`СТУДИО» — 1993, «Jeff Records»«Солдат любви» — 1994, «Союз» студиясы«A`STUDIO LIVE» — 1995, «Союз» студиясы«Нелюбимая» — 1996, «Союз» студиясы«The Best» — 1997, «Союз» студиясы«Грешная страсть» — 1998, «ОРТ-Рекордз»Жеке«Отан ана» — 2002«Батыр Live» — 2007«Осторожно, милая девушка!» — 2010«Всё пройдёт...» — 2010«Душа» — 2013 Пайдаланған әдебиет:http://massaget.kz/http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_died_batyrkhan_shukenov/26984349.htmlhttps://www.google.kz/

Приложенные файлы


Добавить комментарий