«Жасуша ж?не оны? ??рылысы. Cell and its structure.».


Сабақ тақырыбы: Жасуша және оның құрылысы.
Cell and its structure. Сабақтың мақсаты: Адам ағзасының түрлі құрылымдық деңгейлері,жасушалық құрылысы, жасушаның және оның органоидтерінің құрылысы туралы білімді жүйелеу.
Міндеттері:
Білімділік: Жасушаның құрылысы мен қызметі туралы білімдерін тереңдету, мәтін бойынша негізгі биологиялық терминдердің ағылшынша атауларын түсіндіру.
Дамытушылық: Жасуша бойынша алған білімдерін кеңейтіп жануар мен өсімдік жасушасын салыстыру, ағылшын тілінде сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Пәнді ағылшын тілімен кіріктіру арқылы осы пәндерге қызығушылығын арттыру, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: аралас сипатта
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топпен жұмыс жасау, сөздікпен жұмыс.
Сабақтың оқыту құралдары: Оқулық «Biology 8.» , интерактивті тақта, флипчарт, компьютер, бейне көрсетілім.
Сабақ көрнекілігі: Пазлдардан құрылған өсімдік және жануар жасушасының суреттері, бағдаршам, флипчарттағы тапсырмалар.
Пәнаралық байланысы: Ағылшын тілі, орыс тілі, технология, биология.
І. Ұйымдастыру.
Good morning, dear children! How are you?
We are fine.And how are you?
I ‘m fine, thank you. Who is on duty today? What day and date is it today?
Психологиялық дайындық.
I am glad to see you dear children. I wish good mood and success. Please, accept my best wishes. My wishes with sweets. Open you withes and read one by one. / Сендерді көргеніме қуаныштымын.Сендерге жақсы көңіл-күй, жетістіктер тілеймін.Менің жылы тілектерімді қабыл алыңдар. Тілектерім конфеттің сыртына бекітілген.
All the best ! - Всего хорошего!
I wish you good luck !- Желаю удачи!
I wish you Health ! - Желаю Здоровья!
I wish you wealth !- Желаю богатства!
May all your dreams come true ! - Пусть все твои мечты исполняются!
Strong Health ! – Крепкого здоровья!
I wish you well!-Всего хорошего!
You deserve all the luck in the world!- Ты заслуживаешь удачи Вселенной!
Many happy returns ! -Много счастливых моментов!
I wish you success !-Желаю успехов!
The best of luck ! -Удачи!
Break a leg!-Ни пуха,ни пера!
I wish cloudless happiness! -Желаю безоблачного счастья!
I wish a bright destiny!- Желаю светлой судьбы!
Топтастыру. Пазлды таңдау арқылы екі топқа бөлінеді. Пазлды құрастырып А 3 форматына жапсырады. Суретте өсімдік, жануар жасушасының көлденең кесіндісі.
ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. 1-флипчарт.
2- флипчарт. Әдемі зәулім үй салу үшін не қажет?/ кірпіш- құрылыстың негізі/
Сөйлем құру үшін не қажет? / сөздер/
Сөз құруға не қолданамыз? / буындар,ал буындар әріптерден тұрады/
Ал өсімдік,адам, жануарлар ағзасы неден құралған? / жасушадан/
Сонымен, жасуша-тірі ағзаның негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі.Ең алғаш жасушаны 1665 жылы Роберт Гук ағаштың тоз ұлпасынан ұяшықтарды байқап, оларды «жасуша» деп атады.
Қазіргі уақытта жасушалардың 200 ден астам түрлері анықталған. Олар тыныс алады, қоректенеді,өседі, бөлінеді және тіршілігін жояды.Жасушаның бөліну есебінен бүкіл ағза өседі. Жасушалар бірінен-бірі пішіні, көлемі, қызметтері арқылы ерекшеленеді.
Ерекше жыныс жасушалары да бар,ірі жасуша-аналық жұмыртқа жасушасы.Аталық-сперматозоидтар.Олар екеуі қосылып, жаңа өмірге бастама береді.
3-флипчарт. Барлық жасушалар негізінен кішкентай, оларды тек микроскоп арқылы көруге болады. Ал тауықтың жұмыртқа жасушасын жай көзбен де көруге болады. Ең үлкен жұмыртқа жасуша ол- страуста, тауықтың 30 жұмыртқасымен сай. Сонымен қатар балықтардың да жұмыртқажасушасын- уылдырықтарды көруге болады. Әр балықтың түріне қарай уылдырықтарының да көлемі түрліше болады.
ІІІ .Мәселе қою. 4-флипчарт. Бағдаршам суретіне ағылшын тілінде жазылған терминдерді орналастыру керек. Қызыл- білмеймін, Сары- жауабыма сенімсізбін, Жасыл-аудармасын білемін.
5-флипчарт. Кез келген тірі ағза мүшелерден тұрады.
Өсімдік- тамыр, сабақ, жапырақ, гүл мен жемістерден тұрады.
Адамдар мен жануардардың ағзасы ішкі мүшелерден тұрады. Олар мүшелер жүйесін құрайды.
Бейне ролик көрсетемін./ Как мы устроены?/
6-флипчартты түсіндірген соң, оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар оқып, мәтінді аударады.
Жасушаның да өзінің мүшелері бар, оларды органоидтар деп атайды.
7-флипчарт Жасуша органоидтарын «прожектор» арқылы қарап, жарық түскен органоидтың құрылысы мен қызметін сипаттайды.
8-флипчартта көп нүктенің орнына «жасуша органоидтарын» немесе терминдерді қою керек.
9-флипчарт. «Органоидтар» папкасының ішінде жасырылған органоидтарды алып шығып, қызметіне байланысты берілген сөйлемдер жанына қою қажет.
10-флипчарт. Let’ s compare animal and plant cells./ жануар мен өсімдік жасушасын салыстырайық/
ІV. Қорытынды.
11-флипчарт. Қорытынды. /Summary./ Оқып шығып, бірге аудармасын айтамыз.
12-флипчарт. Active vocabulary.
І-бағанда мәтінде берілген сөздер, ІІ-бағанда жасуша органоидтарының атаулары.
V. Рефлексия.
Балалар ІІ бағандағы терминдерді бірден жасыл бағдаршаға қояды деп ойлаймын.Бұл жаһандық терминология базасының бірдейлігімен түсіндіріледі. Оқып, аудармасын айтқан соң балалар сабақтың басында берілген тапсырмаға қайта оралып, барлық сөздерді жасыл бағдаршаға әкелуі керек.
Let ‘ s conclude our lesson today./ Сабағымызды қорытындылайық/
Do you have any guestions according to this lesson?/ Бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтарың бар ма?/
VI. Бағалау. Today’ s marks are for…….
VII. Үйге тапсырма. Biology 8. Page 13-14

Приложенные файлы


Добавить комментарий