Д?ріс ?леуметтік ?амсыздандыру бойынша ??ы?ты? ?атынастарды? ??ымы


Тақырыбы: Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құықтық қатынастардың ұғымы
Тақырыптың мақсаты: Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының басқа құқық салаларымен қатынасын анықтай отырып, олардың құқықтық реттелуін сипаттау.
Жоспары:
1.Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық қатынастары
2. Әлеуметтік қатынастарды құқықтық реттеу
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір түрі болып табылады. Олар бір мезетте әлеуметтік қорғану құқығын жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады. Кез келген құқықтық қатынастар сияқты әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық нормалардың әсерімен туындайды, өзгереді және тоқтатылады. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың түрлерін екі негіз бойынша түрлерге бөлуге болады: әлеуметтік қамсыздандырудың түріне байланысты және құқықтық қатынастардың әрекет ету мерзімі бойынша. Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар субъектілерінің түрлері. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар бір жағынан – азаматтың, екінші жағынан – мемлекеттік органның арасында туындайды. Алайда, жекелеген жағдайларда, мысалы, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы төлеу кезінде құқықтық қатынастар отбасы мен мемлекеттің арасында туындайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері болып мыналар табылады. Бұл ретте ескеретін бір жайт, әлеуметтік қамсыздандырудың субъектілерінің шеңбері өз ерекшеліктеріне ие. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері – жеке тұлғалардың арасында қарт адамдар, жүйке ауруына шалдыққандар, кәмелетке толмағандар көп. Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласында өкілдік институты дамыған. Кәмелетке толмаған балалардың, сонымен қатар белгіленген тәртіпті әрекет қабілетсіз деп танылған тұлғалардың құқық қабілеттілігі қорғаншылармен, қамқоршылармен, өзге де өкілдермен (туыстары, ата-аналары, балалар үйлерінің, сәбилер үйінің, интернат мекемелерінің  басшылығы және т.б.).
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың тағы бір субъектісі болып мемлекеттік органдар табылады. Оларға мыналар жатады:
· халықты әлеуметтік қорғау органдары, бұлар жәрдемақыларды, зейнетақыларды төлейді, қызмет көрсетеді және т.б.;
· жекелеген министрліктер мен ведомстволардың арнайы зейнетақы қызметтері (мысалы, ішкі істер органдары, прокуратура, Әділет министрлігі және т.б.);
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілерінің арасында әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін көрсетуге және алуға қатысты заңды байланыс туындайды.
Әлеуметтік қамсыздандырудың нақты, белгілі бір түрі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Заң әдебиеттерінде әлеуметтік қамсыздандырудың нақты түрін нақты игілік деп атау жиі кездеседі. Бұл игіліктерді немесе әлеуметтік қамсыздандырудың нақты түрлерін шартты түрде материалдық және материалдық емес игіліктер немесе объектілер деп бөлуге болады.
Оларға мыналар жатады:
· зейнетақы – белгілі бір заңды оқиға туындаған кезде немесе  тұлға белгіленген жасқа толған кезде азаматтарға мемлекет есебінен Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретінде төленетін ай сайынғы ұзақ мерзімді ақшалай төлем (әлеуметтік зейнетақылар – мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін);
...Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастар ұзақ мерзімді сипатқа ие. Сол себепті, оларды өзгерту негіздері туралы мәселе үлкен мәнге ие. Мұндай қатынастардың өзгеруіне негіз болып күрделі заңды құрамдар, яғни заңды фактілердің жиынтығы – азаматтың ерік білдіруі және мемлекеттік органның құқықтық қатынастарды өзгерту туралы шешім қабылдауы табылады. Мысалы, зейнеткерді зейнетақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру үшін келесі заңды фактілер қажет: азаматтың өтініші, мұндай өзгеруге мүмкіндік беретін оқиғаның болуы, құзыретті органның ауыстыру туралы шешімі. Құқықтық қатынастардың өзгеруі белгілі бір тұлғада жаңа құқықтың көрініс табатынын растайтын жаңа заңды фактілер туындаған кезде орын алады, яғни қамсыздандырылатын тұлғаның құқық қабілеттілігінде өзгерістер туындайды.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:Әлеуметтік қамсыздандырудың басқа құқық салаларымен қатынасын анықтаңыз
Әлеуметтік қамсыздандыруды құқықтық реттеуӘлеуметтік құқықтық қатынастарҰсынылатын әдебиеттер:1. Қағазов Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2011.2. Айымханова Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 20123. Кузярина А.С., Берешев С.Х. Трудовое законодательство РК в вопросах и ответах. Алматы: ТОО Баспа, 2008. – 88с.
4.Әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң
5.Зейнетақы төлемдері туралы ҚР заңы
6.Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы ҚР заңыПайдалы сілтемелер:
1) www.e.gov.kz/ - «электронды үкімет» порталы («Заңнама» бөлімі);
2) www.pavlodar.com/zakon/ - заңнама базасы бар интернет-ресурс.

Приложенные файлы


Добавить комментарий