Ерте?гілік сайыс. К?ктем аруы


Тақырыбы: «Көктем аруы»
Мақсаты: Балаларға аналар мерекесін ұғындырып, кең көлемде түсінік беру. Аналарға тағзым етуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ана туралы қанатты сөздер, әсем безендірілген зал.
Әдісі: Сайыс түрінде.
Тәрбиеші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер. Көктем мерекесі аналар мен қыздар мерекесіне орай «Көктем аруы» атты ертеңгілік сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Осы қуанышты сәтті пайдалана отырып, аналарымызды, бүлдіршін қыздарымызды «8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен» құттықтаймыз. Сіздерге өмірде болып жатқан барлық жақсылықтарды тілейміз.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей.
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім балалар?
Балалар: Ана, аналар.
Ән: «Анашым»
Орындайтын: О. Ердәулет.
1-бала: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
2-бала: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Айналайын, күнім» - дейтін.
Вальс биі: «Қыз сыны»
Орындайтындар: Мейрамгүл, Сырым, Аружан, Дәулет.
3-бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетайым сені жақсы көремін», - деп
Ақырын құлағына сыбырлаймын.
4-бала: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.
Хор: «Ақ мамам»
5-бала: Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыйдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
6-бала: Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең
Құтты болсын аяулы анам,
Қуанышты берекең.
7-бала: Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан,
Бөбегіде кетпейді.
8-бала: Ол мықты адам табанды,
Басымды мен иемін.
Сүйгеннен соң анамды,
Тіліңде оның сүйемін.
Ән: «Анашым»
Орындаған: Аягөз
Би: «Қара жорға»
Орындағандар: Ақылбек, Ақбота, Арсен, Айым.
«Көктем аруы»
Тәрбиеші: Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың белгісі ретінде қолданылады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде:
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын, орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын, - деген өлеңі бар. Бұл қыз баланы айрықша әдепті де, көрікті болытынын аңғартады. Ендігі кезекті біздің кішкентай аруларымыздың сайысына берейік. Біздің тобымыздың көктемгі аруларын ортаға шақырамыз.
Бірінші сайысымыхда арулар өздерін таныстырады.
1-ару Ақниет: Армысыздар ата – ана, ұстаздарым,
Бұл сайыста сыналар менің бағым.
Өздеріңнен тұтанған мен бір жалын,
Сұрасаңыз Ақниет менің атым.
2-ару Аружан: Осы кешке жиналған,
Армысыңдар ағайын.
Таныстырсам өзімді,
Аружан қыз боламын.
3-ару Аягөз: Аспанның құйрықты жұлдызы,
Аягөздің Бейсенбайдың қызы.
Сараптап дұрыс баға беруге,
Атсалыс әділқазы алқасы.
4-ару Айым: Армысың өнер сүйген халқым менің,
Алдымен амандасу салтым менің.
Бір қызың Айым атты мен боламын,
Ту ғып ұстар шамшырағын.
5-ару Эльмира: Таныстырып айтайын елге мінін,
Дастан әкем аты еркесімін.
Қазағымның дәстүр салтын сақтаған,
Мен бір үйдің Эльмира атты үлкенімін.
Сайысымыздың балаларға беретін тапсырмасы «шарды үріп байлау».
Арулардың жылдамдықтарын байқау.
Келесі сайыс: Арулардың өнерге бейімділігін байқау мақсатында қию, жапсыру тапсырмасы беріледі. Қыздарымыз болғанша ер балалар сән үлгесін көрсетеді.
Тәрбиеші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқыра жатыр жолында.
1-ару Ақниет: ән «Ботақаным»
2-ару Аружан: ән «Ақ мамам»
3-ару Аягөз: би «Аққу»
4-ару Айым: би «Қыз сыны»
5-ару Эльмира: би «Шығыс би»
Ән: «Мама»
Орындайтын: Аяжан
Хор: «Анашым»
Тәрбиеші: Құрметті ата – аналар, балалар, ұстаздар мінекей кішкентай аруларымыздың өнерлерін көріп, куә болдыңыздар. Ендігі кезекті қорытындылау мақсатында әділ қазылар алғасына берейік.
Бас жүлде: Аягөз
1 орын
2 орын
3 орын
Тәрбиеші: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып, - дей отырып аналар балаларыңыз сіздерді осындай жеңісімен, қызықты қылықтарымен қуанта берсін. Келгендеріңізге көп – көп рахмет!

Приложенные файлы


Добавить комментарий