Тірі организмдер бірлестіктеріні? ?алыптасу тарихы. ??рлы?тарды? геологиялы? тарихы, о?шаулану, климатты? жа?дайлар.


Пән Биология 11-сынып
Тақырыбы: Тірі организмдер бірлестіктерінің қалыптасу тарихы. Құрлықтардың геологиялық тарихы, оқшаулану, климаттық жағдайлар.
Мақсаты: Тірі организмдер бірлестіктерінің қалыптасу тарихы, құрлықтардың геологиялық тарихы; оқшаулану, климаттық жағдайлары туралы оқушының өз бетімен меңгеруіне мүмкіндік туғызу.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы;
Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық;
11- сыныпқа арналған нұсқаулық:
Тақырыпқа арналған слайдтар;
Сергітуге арналған бейнекөріністер

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Оқушылар тірі организмдер бірлестіктерінің қалыптасу тарихы. Құрлықтардың геологиялық тарихы; оқшаулану, климаттық жағдайлар.туралы түсіндіріп, көрсете алады;
Тақырыпты толық түсініп, өмірмен байланыстырады;
Тақырыпты оқып білу барысында кесте толтыра алады.
Салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтай алады.
өз ойларын талдайды және сараптайды.
Негізгі идеялар: Ғылыми дәлелдерді, оның зерттеу әдістерін, ашылған жаңалықтар, деректер туралы білім негізін салу арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Сабақта қолданылатын материалдар: Флипчарт, стикер, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар, таратпа материалдары, интерактивті тақта т.б
Оқыту әдістері:  Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:
АКТ, СТО: сұрақ- жауап, диалог, миға шабуыл.
Бағалау: формативті бағалау:стикерлер, қол шапалақтау.
Жиынтық бағалау. Жұмыс түрлері:
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3.Жұптық жұмыс
4. Топтық жұмыс Тапсырмалар: Кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, рефлексия жасау.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (5 мин) Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін күй тындату. Оқушылар күй тындайды
І. Үй тапсырмасын тексету (7мин) Топтық жұмы:
кластер әдісі, постер жасау.
1-топ: Биосфералық айналым деген не?
2-топ: Геологиялық айналымның
анықтамасы;
3-топ: Биологиялық айналым немесе
кіші айналым деген не?
4-топ: Биогеохимиялық айналымға
мысал келтіріңдер. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, постермен жұмыс жасайды.
Топтық жұмыс Әр түрлі суреттер арқылы топқа бөлу: Неотропиктік аймақ тобы,
Эфиопиялық аймақ тобы,
Аустралия аймағы тобы, Палеоарктикалық аймақ тобы суреттер арқылы топқа бөлінеді
Топтық жұмыстың тапсырмалары. Жеке жұмыс:
1.Гидробионттар тобы:
Семантикалық карта;
2.Планктондар тобы: Сәйкесін табу
кестесі;
3.Бентостар тобы: Графиктік диктант; 4.Фитопланктондар тобы: Венн
диаграммасын толтыру.
Бағалау: Формативті «Жақсы», «Тамаша» «Жарайсыңдар» т.б. Жеке жұмыс:
Оқулықтағы мәтінді талдау арқылы кесте толтыру.
Сергіту сәті
(2 мин) Видео-ролик көрсетілімі Би билейді
IV.Қорытындылау
(5 мин) Топтық жұмыс, «аялдама» әдісі
1-сұрақ: Топырақтану ғылымын
негізін салған кім?
2-сұрақ: Тундра белдемінен экваторға
қарай құрлық биомассасының
өзгеруін сипаттаңдар?
3-сұрақ: Гидросфераның қандай қабаты
тіршілік үшін қолайлы және
оған қандай факторлар әсер
етеді?
4-сұрақ: Құрлықтағы тірі
организмдердің биомассасы
неліктен полюстерден
экваторға қарай арта түседі? әр аялдамада орналасқан топ берілген сұрақтарға өз ойларын жазады.
VII. Рефлексия
(5 мин )
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы өз ойларын білу үшін стикерлерге жазады Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын
«Тілек ағашы» арқылы жеткізу, стикерлерге жазып,іледі

Приложенные файлы


Добавить комментарий