Сыныбы: 5»д». К?ні: 31.01.17ж Саба?ты? та?ырыбы: Физикалы? денелер мен заттарды? сипаттамасы, диффузия Сыныбы: 5 «д» Ма?саты :Білімділік: Диффузия ??ымымен таныстыру, заттарды сипаттау, заттарды? агрегатты? т?р


Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі.
Сыныбы: 5»д». Күні: 31.01.17ж
Сабақтың тақырыбы: Физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, диффузия                                       
Сыныбы:  5 «д»
Мақсаты :Білімділік: Диффузия ұғымымен таныстыру, заттарды сипаттау, заттардың агрегаттық түрлері, диффузияға тәжірибелер жүргізу.
Дамытушылық: Оқушыларды шапшаң ойлауға, ойларын қорыта білуге, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Өзіне сын көзбен қарай білуге, ұжыммен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
  а) «Шаттық шеңберін» құруә) топқа бөлуСәлемдесу. Шаттық шеңберін құруға оқушыларды ортаға шақыруТүрлі-түсті асықтарды   таңдауды ұсынады. Шаттық шеңберін құрады. Бір-біріне тілек айтады. «Алғырлар» және «Тапқырлар», «Ойшылдар» тобына бөлінеді.  
Үй тапсырмасы 
  Сөзжұмбақ шешу Сөзжұмбақты ұсынуСөзжұмбақты шешеді қорғайды.
Сұрақ-жауапСөзжұмбақтағы түйін сөздердің мағанасын  ашуда оқушыларға сұрақ қоя отырып, жаңа сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстырады.
Денелер дегеніміз не?
Дене неден құралады?
Заттардың қандай күйлері бар?       
Атом дегеніміз не?
Молекула дегеніміз не? Сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді. Мысалдар келтіреді.
 
 
Жаңа сабақ  Диффузия дегеніміз - деп бір заттағы молекулалардың екінші заттардың молекулаларымен араласуын айтады. Мысалы, иіс суды ауаға таратайық,  ауада иіс пайда болды. Яғни молекулалар үнемі қозғалыста болып тұрады және ол бірдей таралады. Бұл молекулалар қозғалысының бір қасиеті.   Біз бүгінгі сабақта  диффузия құбылысының орындалу барысын  тәжірибе жүзінде жасап, молекулардың қасиеттерін анықтаймыз. Ол үшін 3 топқа арнайы нұсқаулықпен тәжірибе жасауды ұсынамын.   
Тәжірибелік тапсырмалар І топ
Ас содасы мен ас сірке суының араласуы.
Стаканның үштен біріне су құямыз, бірнеше тамшы  ас сіркесуын (уксус) тамызамыз. Шай қасықтың төрттен біріндей ас содасын қосамыз.
ІІ топ
2 стаканның біреуінде ыстық, екіншісінде суық су. Екеуіне бірдей шай пакеттерін саламыз. Не байқадық? Қандай қорытынды шығарамыз?
ІІІ топ
Ішінде суы бар ыдысқа бірнеше тамшы сия құйып, араластырыңдар. Не байқадық? Қандай қорытынды шығарамыз?   Тәжірибелік тапсырмалар бойынша алынған нәтижелерді талқылады, қорытындылайды. 
Ой қозғау Балалар бүгінгі сабағымызда жасалған тәжірибелер қандай заттардың арасында жүргізілді деп ойлайсыңдар?
Қай күйде молекулар қозғалысы  жылдамырақ жүрді деп ойлайсыңдар?
 Заттың үшінші күйі не деп аталады?        
Заттар қандай жағдайда бір күйден екінші күйге ауысады?
Қатты денелерде молекулалардың қозғалысын қалай байқаймыз.
Ол үшін төмендегі тәжірибелік жұмысты жасайық. 
Қызыл түсті ылғал матаны ақ түсті матамен араластырайық.  Бірнеше минут күтеміз. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәтіОсы уақытта «Молекулалар қозғалысы» ойынын ұйымдастыруОқушылар «Молекулалар қозғалысы» ойынын ойнайды. Музыка ырғағына қарай жеке, жұптық топтасып билейді.
БекітуҚорытындылауҚатты денелердегі  молекула қозғалысы бойынша оқушылардың пікірін сұрау, тыңдауҚатты денелер арасында болатын молекулалар қозғалысы туралы жасалған тәжірибелер мен ойын туралы өз пікірлерін топта талқылайды, айтады.
Сөйлемді  жалғастырМолекула – ол…
Молекула неден…
Әр заттың  молекуласы…
Диффузия ол...
Қатты денелердегі диффузия
Сұйықтарда дифуззия газдарға қарағандаСөйлемді жалғасытыр карточкасы бойынша жұмыс жасайды. Дәптерге жазады.
 
Рефлексия
  Кері байланыс  Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, өз тобына және қарсы топқа баға беруді жазуды ұсыну. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазуБағалау  Оқыту мен оқуды бағалауСабаққа және оқушыларға өз бағасын беру  
Үй тапсырмасы    §18 оқу
Диффузияның өмірдегі  қолданыста байқалуы (эссе жазу).  


Приложенные файлы

Добавить комментарий