Биология п?нінен ?арапайымдар — бір жасушалы ж?ндіктер. Жал?аная?тылар класы.


4-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қарапайымдар- біржасушалы жәндіктер. Жалғанаяқтылар класы
Сілтеме Биология 7 сынып оқулығы. Әдістемелік құрал.
Жалпы мақсаты Қарапайымдар- біржасушалы жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау. Амеба мысалында талдау жасау арқылы жалғанаяқтылар класының құрылысын түсіну.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері 1.Біржасушлы жәндіктердің құрылысын біледі.
2. Амебаның сыртқы және ішкі құрылысын талдап береді.
3. Биологиялық термин сөздермен жұмыс істейді;
Негізгі идеясы Деңгейлік тапсырма арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады;
Орындалатын әдістер
1 Топтастыру
2. «Ассосация»
3. Джигсо
4. Кері байланыс
5. Шығармашылық жұмыс. Постер қорғау. Формативті бағалау
Танымдық тапсырма .АКТ-ны пайдалану

Кіріспе бөлім 3 минут Ұйымдастыру.
А)Оқушылармен амандасу.
Б) топқа бөлу, стикер түсіне сәйкес
I топ «қызыл»
IIтоп «сары»
IIIтоп «көк»
IV топ «қызғылт»
В) сабақтың мақсатын түсіндіру Сабаққа назар аударады.
Психологиялық жағынан дайындалады.
Тақтада ілініп тұрған (стикерге термин сөздер жазылған) стикерді алады. Алған стикер түсіне сәйкес келетін топқа отырады.
Дәптерлеріне тақырыпты жазып алады.
Жаңа сабақ
3 минут Қызығушылығын ояту
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Ассосация» әдісін қолданамын.
Қарапайымдылар деп аталу себебі неде деп ойлайсыздар?
Әр топқа ойлануға 1минут уақыт беріледі Әр топ ойласып, өзіне берілген тапсырманы ауызша айтып шығады.
Оқулықпен жұмыс
10 минут «ДЖИГСО» әдісі арқылы топқа оқулықтағы мәтін беріледі.
Оқулықтағы тапсырманы іштей оқып, топта талқылайды.
Топта автор орындығына ие болған оқушы , сыныпқа түсіндіреді.
2минут Бейне ролик көрсету
Интерактивті тақтадан амеба туралы қосымша қызықты ақпараттар көрсету Ой жинақтап ,әр көрсетілген ақпараттарға талдау жасап отырады.(ішкі сезіммен)

Постермен жұмыс
10 минут Әр топқа плакаттар, суреттер т.б қажетті құралдар беремін.
1. біржасушалы жәндіктерге сипттама
2. амебаның сыртқы құрылысы
3.амебаның ішкі құрылысы
4. жалғанаяқтылардың пайдасы мен зияны деген тақырыпта әр топ өздерінің постерлерін қорғайды. топ ішінде зерттеу арқылы, бір-бірлерінің ойларымен бөліседі. Оқыған білімдерін қолданады. Әр топ мүшелері өз шығармашылығын көрсетеді. Әр топ өз постерлерін қорғайды.
2 минут Формативті бағалау
2 жұлдыз 1 ұсыныс арқылы бағалау

Топтар бірін бірі 2 жұлдыз 1 ұсыныс арқылы бағалауды жүзеге асырады.
1 минут Сергіту сәті Жаттығу жасап бой сергітеді.
5 минут Танымдық тапсырма
(Топқа бөліну кезінде әр оқушыға берілген сөз туралы ақпарат іздеу)
ұялы телефон арқылы (интернет көзі)
оқулықтан
өздері білетін ақпаратар
Әр оқушы сабақтың басында алған стикердегі сөздер туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.Білмейтін оқушы ол туралы ақпаратты интернеттен іздейді.(егер оқушы табалмаса үйге ізденіп келуге беріледі)
Жаңа сабақты жинақтау
Сүрақ- жауап арқылы( мұғалім мен оқушы арасында диолог орнату) Пысықтау сұрағына жауап береді.
Рефлексия « Табыс ағашы»
Сабақтан алған әсерің қандай?

Жогары-түсіндім
Ортасы-жартылай түсіндім
Томені-түсінбедім
Оқушы стикерге сабақтан алған әсерін жазып, табыс ағашына орналастырады.
Бағалау Оқушыларды сабақ кезеңдерінде берілген жауаптарына сәйкес суреттер беріп отырамын. (жеке және топқа) Сурет жинау арқылы сабаққа қызығып отырады. Жинаған сурет санына қарай бағаланады. Оқушы қолындағы сурет арқылы өзін -өзі бағалайды және топ мүшелері қосу арқылы топты бағалайды.
Үйге тапсырма
Әр оқушы өзінің алған термин өздерін туралы толық зерттеп келуСабақтың жабдықтары
Интерактивтік тақта, Power Point, флипчарт, маркер, стикер, сурет, бағалаусуреттер,
Келесі оқу
Талшықтылар класы
Сабақты талдау Тәжірибелік сабақты бағалау Сабаққа өзгетулер енгіземін

Приложенные файлы


Добавить комментарий