Саба?ты? та?ырыбы: Химиялы? формула. Химиялы? элементтерді? атомдарыны? валенттілігі. Зат ??рамыны? т?ра?тылы? за?ы.


Сынып: 8
Сабақ тақырыбы:  Химиялық формула. Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі. Зат құрамының тұрақтылық заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық формула, химиялық элементтердің атомдарының валенттілігін, зат құрамының тұрақтылық заңын түсіндіру.
Дамытушылық: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу. Заттардың химиялық формуласын құруды үйрену.
Тәрбиелік:  Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ  әдісі :  баяндау, сұрақ – жауапСабақ жоспары:    1. Ұйымдастыру
Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары
Өткен тақырыптарға пысықтау тапсырмалары (есептер):
Зат мөлшерін анықтау
Зат мөлшері арқылы заттың массасын табу.
Мольдік массаны анықтау.
Сабақтың барысы:
Заттың химиялық формуласын құру:
Валенттіліктерін үстіне қойыңдар (кестеден қараңдар): Н О
Элементтердің үстіндегі сандарды көбейтіңдер. Шыққан санды Н –тің үстіндегі санға бөліп, Н-тың төменгі индекске (Нх) жазыңдар.
Шыққан санды (көбейтіндіні) О валенттілік санына бөліп, шыққан санды О-тің төменгі индекске (Ох) жазыңдар.
Заттың химиялық формуласын жазыңдар: НхОх.
Есеп№1.
СаО құрамындағы элементтердің  массалық қатынастарын (СаО құрамындағы кальций мен оттек қандай массалық қатынаста әрекеттескен) анықтаңдар.
Үлгі: m(Са) : m(О)=40 : 16=2.5:1 немесе Аr(Са): Ar(О)= 40 : 16=2.5:1
Есеп №2 (өздерің шығарыңдар).
NaCl  құрамындағы элементтердің  массалық қатынастарын  анықтаңдар.
Есеп №3.
СаО түзілу үшін  Са  6г және О  5 г алынды. Түзілген заттың құрамындағы қай зат артық алынды? Жауаптарыңды есептеп дәлелдеңдер.
«Валенттілік – атомның басқа элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті» деген анықтаманы келесі мысал негізінде түсіндіріңдер:
СаСl2
Қосымша материал.
Атом моделінің электрон бұлтының құрылысыЭлектрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.
Ақырғы деңгей электрон саны = топ нөмеріне сәйкес (валенттілікке сәйкес).
 
 
Жаңа тақырыпты бекіту:
жаттығулар беріледі.
Үйге тапсырма: § 9,11,13. 10 тапсырма, 36б., есеп №9, 40б..Бағалау

Приложенные файлы

Добавить комментарий