4-сынып ?аза? тілі п?нінен К?рделі с?з та?ырыбына саба? жоспары


Тақырыбы: Күрделі сөздер
Мақсаты: Оқушыларға күрделі сөз туралы түсінік беру, оның сөздерінің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалатынын байқату, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірмелер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым
ІІ Үй тапсырмасын тексеріп шығу.
ІІІ Жаңа сабақ
Төмендегі сызбаға қарап, күрделі сөздің не екендігін түсіндіреміз
Күрделісөз

Мағынасы
Құрамы

Екі сөз бірігіп бір ғана мағынаны білдіредіКемінде екі сөзден құралады, бір ғана сұраққа жауап береді
Мысалдарбалабақша,тасбақа, мая-мая, Екібастұз, кәрі жілік, сары май

Күрделі сөздің 4 түрі бар.
Біріккен сөзҚос сөзҚысқарған сөзТіркескен сөз
ІҮ Оқулықпен жұмыс:
а) екі бағандағы сөздерді салыстыру /1/
ә) сызбамен жұмыс арқылы күрделі сөздің жасалу жолымен таныстыру /2/
б) сөздерді көшіріп жазып, сөйлем құрап жазу /3/
Ақсақал, айбалта, тасбақа, итмұрын, жас ұлан, сары май, әке-шеше, көзбе-көз, мая-мая.
Ақжарқын Айзаданы көзбе-көз сөйлесуге шақырды. Менің досым Жанасылда тасбақа, тотықұс, балықтың түр-түрі бар. Біздің сынып ертең жас ұлан ұйымының мүшесі болады.
в) Күрделі сөздің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдеу
Күрделі сөзСөз тіркесі
-Кемінде екі сөзден құралады;-Ең кемітолық мағыналы екі сөзден тұрады;
-бір ғана сұраққа жауап береді;-Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі
-екі не одан да көп түбірден жасалған;екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады;
-қос сөздер-зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік бе-і;
-қысқарған сөздер;-1-ші сыңары бағыныңқы, 2-ші сыңары басыңқы сөз деп аталады;
г) Күрделі сөздерді қатыстыртып «Қысқы бір күн» тақырыбына шығарма жазу /6/
Ү. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Үлестірмелермен жұмыс
Семантикалық карта
Тіркескен сөз Қысқарған сөз Қос сөз Біріккен сөз Сөз тіркесі
сан есім+зат есім Сөз тіркесі
Зат есім
+етістік Сөз тіркесі
сын есім
+зат есім
Қызыл алма Келіп отыр Арман биледі Жеті дәптер Кг, см, АҚШ Ағалы-інілі Талдықорған 4-жаттығу. Күрделі сөздерді оқып, мағынасын ашу.
Біріккен сөзТіркескен сөзҚос сөз
Алатаужапан түзалыс-жақын
Көлбақақара торықора-қора
Нұргүл қызыл қоңырелу-алпыс
ҮІ Үйге тапсырма: 7–жаттығу.
ҮІІ Оқушыларды бағалау


Приложенные файлы

Добавить комментарий