Статьия Асы? ойыны — ?аза? хал?ыны? д?ст?рлі ойыны


Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны


Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дəлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тəрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына шыға бермейді. Ұлттық ойындары көбінесе əр халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылығының мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген.
 «Ойын – бала үшін өмірлік тəжірибе», — деген екен Алаш ағартушысы Мағжан Жұмабаев. Қазақтың ұлттық ойындарының ең алғашқы сатысы һəм халқымыздың салт-дəстүрі мен мəдениетінің ажырамас бөлігі ретінде əуелі асықты айтамыз. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады.
Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бəле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдаған.
Асық малдың жіліктерін жалғастырып тұратын шағын сүйек қана емес, ұрпақ тəрбиесінің аса қажетті құралы. Ұлттық ойынның атасы ғана емес, халықтың өткені мен бүгінгісінің көрінісі. Өйткені ертеде қазақ баласы қолына ең алғаш асық ұстаған. Асық – жас жеткіншектердің тəрбиесі мен баланың ой-өрісін кеңейтуге берер мүмкіндіктері көп қазақтың ұлттық ойыны. Асықты ойнаған адам, одан тек бойына жақсы қасиеттер ғана сіңіре алады. Өйткені, асық баланы бəсекелесінің алды болу үшін ширақтыққа, асық санын көбейту үшін мергендікке, ойын кезінде қарсыласында қанша асық қалғанын білу үшін математикалық қабілетті арттыруға, өз асықтарын жоғалтпау үшін үнемділікке үйретеді
Сәуле Мусафирова
№19 орта мектебінің
қазақ тілі мұғалімі
Қостанай қала

Приложенные файлы


Добавить комментарий