?мж Бір айнымалысы бар сызы?ты? те?деулер 6 сынып


Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы 6 сынып
Өтілу күні: 27.01.17ж
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар теңдеулер. Пысықтау сабағы.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың мақсаты: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуде деңгейлі тапсырмаларды қарастыра отырып, білімдерін пысықтайды.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар бір айнымалысы бар теңдеулердің әр түрін шығара біледі.
Негізгі идея: Топтық жұмыс жасату арқылы оқушылардың білімін пысықтау.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, блоб ағашы.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Белгіленген уақыт бағалау
Топқа бөлу Оқушыларды қолдарына берілген сөз бөліктерінен сөз құрастыру арқылы топқа бөлемін. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Еңбек
Мақсат
Білім 2 мин Қайталау сәті 1) Қандай теңдеулерді бір айнымалысы бар теңдеулер деп атаймыз?
2) Мәндес теңдеулер?
3)Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
4)Бөлшек рационал бір айнымалысы бар теңдеулерді шығарған уақытта ең бірінші теңдеу шешу алгоритмі не?
5) Мәтінді есепті шығару кезінде нені негізінен белгісіз қылып аламыз?
Оқушылар қолдарын көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді. 3 мин жарайсыңдар, жақсы деген бағалау
1 – деңгей
сызықтық теңдеулер. 1 топ: а) 3х-5=х+11;
ә)
б) мұндағы
2 топ: а) 5х-8=х+4;
ә)
б) мұндағы
3 топ: а) 4х-7=х+0,5.
ә)
б) мұндағы
Берілген тапсырмаларды топтық жүйеде орындап, тақтаға шығып қорғайды. Оқушылар ұяшықтарды ашу арқылы мақал мәтелдерді жинақтайды. 10 мин топ басшысы бағалайды.
2- деңгей
бөлшек - рационал теңдеулер 1 топ: а) х-54=7-2х-113ә) 3х+55+9х-54=6+3х+12б) 3(х-8)5+7(х+5)6=4(7х+1,5)15+132 топ: а) 2-7у6+4у+73=-у2ә) 10-у6+3у+83=у+62б) 7(х-6)4=5(х+1)3-3(х+2)3 топ: а) 7у-112-у+14=2у+53ә) 5-9х8-3+5х4=5-3х2б) 3(2х+5)8-25х+73=7х-154-678Оқушылар берілген есептерді тақтаға жазып қорғайды. Ұяшықтарды ашу арқылы мақал мәтелдер қорын толықтырады. 10 мин топ басшысы бағалайды
3- деңгей
мәтінді есептер 1 топ: а) Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 20 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 5 есе артық болды. Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?
2 топ: а) Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг - нан және 1,8 кг - нан барлығы 11 орам өрік әкелінді. 1,5 кг - нан оралған барлық өріктің массасы 1,8 кг - нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг - нан неше орам өрік әкелінді.
3 топ: а) Бидай егілген екі алқаптың ауданы 100 га. Бірінші алқаптың әр гектарынан 12 ц-ден, ал екінші алқаптың әр гектарынан 10 ц-ден өнім алынды. Екінші алқаптан алынған өнім бірінші алқаптан алынған өнімнен 18,8 т кем болды. Бірінші егіс алқабының ауданы неше гектар?
жалпы есеп: Екі пойыз А станциясынан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүріп барады. А станциясынан бірінші пойыз 70,5 км, екінші пойыз 56,75 км қашықтықта. Бірінші пойыз 57км/сағ жылдамдықпен, екінші пойыз 62,5 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Неше сағаттан соң екі пойыз А станциясынан бірдей қашықтықта болды?
Оқушылар мәтінді есепті постерге жазу арқылы тапсырады. Ұяшықтарды ашу арқылы ұпай жинайды.15 мин топ басшысы бағалайды.
Кері байланыс, және бағалау. Оқушыларға блоб ағашы арқылы сабаққа кері байланыс жасатамын. Оқушылардың қорытынды бағасын шығарамын. Оқушылар сабаққа қорытынды шығарып, ұсыныс жасайды. 5 мин Оқушылардың барлық тапсырмалардан жинаған бағаларын қосып қорытынды баға шығарамын.
Үйге тапсырма № 897, 898

Приложенные файлы


Добавить комментарий