?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы:


Әдебиеттік оқу 3 -сыныпТақырыбы: «Туған жерің тасы да танымал».
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша тарауды пысықтау. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, тараудан алған білімдерін тиянақтап бекіту. Дамытушылық: Оқушылар өздігінен жұмыс істеуге, туған жерін, елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Тәрбиелік: Логикалық ойлау қабілетін және өзін - өзі бақылауды үйрету.Сабақ әдісі: Сабақ дамытушылық түрде өтіп, ой қозғау, сұрақ - жауап әдістері қолданылады.Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, ән сабағы, бейнелеу өнері.Сабақ көрнекілігі: мақал - мәтел, сандық, бақылау картасы, тест, жалаушалар, ғажайып үштік, нақыл сөздер.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Ой шақыру.-Құрастырма. Берілген әріптерден сөз құрау, оны орыс тіліне аудару.т, о, н, а Отан - Родинае, т, к, е, м, п мектеп - школай, б, д, и, а бидай - пшеное, ж, р жер - земляҮй тапсырмасын сұрау. И. Байзақов. Алтай 1. мәнерлеп оқу 2. туған жер туралы салған суреттерін әңгімелеу. 3. мақал - мәтел.(Отан оттан да ыстық. Туған жердің туын тік. Керек тастың ауырлығы жоқ. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол т, б)Жарайсыңдар, олай болса бізің бүгінгі жаңа сабағымыз тағы да туған жер табиғаты туралы болмақ. ІІ. Жаңа сабақ. Туған жердің тасы да танымал. М. Сәрсеке1. Кіріспе әңгіме жүргізу. -Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан.-Қазақстан - Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан - байтақ.-Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз.-Ол - біздің Отанымыз.
2. Суретпен жұмыс. Қ.И.Сәтбаев кім? Кестенің бірінші бөлігін толтыру.
Білемін
Білдім
3. Мәтіндегі түсініксіз сөздермен жұмыс істей отырып оқу;
4. Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды орындау;
Кітаппен жұмыс.1. Авторы. М. Сарсеке өмірбаяны.2. Мәтінді мәнерлеп оқу (мұғалім)3. Оқушылар оқиды. Сергіту сәті Сөздік жұмыс. Дәптерге жазу.Шенеунік - кеңсе қызметкеріЭкспонат - көрмеге қойылған затСаф - қоспасыз, тазаГид - таныстырушы адамОтель - қонақ үйТаған - музейдегі құнды заттар қойылған сөреСұрақ – жауап.1. Қ. Сәтбаевқа келген хатта не туралы айтылған?2. Ғалым хатты алғанына неліктен қуанды?3. Ғалым есімімен аталған қандай қала білесіңдер?4. Қандай қазба байлықтарын білесіңдер?Сергіту сәті.«Кім жылдам» ойыны.Бұл ойынның мақсаты пайдалы қазбаларды анықтау. Артық затты табу. Мыс, мырыш, мақта, жез. Алтын, жүгері, күміс, қола. Темір, графит, алюминий.Слайд.Қаныш Сәтбаевтың өмір жолдары.Қорытынды:Жақсы адам - елдің ырысы,Жақсы жер - жанның тынысы.Туған жердің әр тасы -Біздің алтын тағымыз.Рефлексия.- Сабақ ұнады ма?- Бұл сабақтан өзіңе не алдың?(оқушылар пікірін тыңдау)• Үйге тапсырма.1. Мәтінді оқу, мазмұндау.2. Қ. И. Сәтбаев туралы деректер жинау.• Бағалау.Салыстырмалы түрде.

Приложенные файлы


Добавить комментарий