??бырлы ?осылыстарда?ы са?иналы жіктерді газбен пісіру.


Сабақ өткізілетін күні «БЕКІТЕМІН»
«14» 11 2016 жыл Директордың оқу өндірістік
Д16/11 10 айлық жұмыстар жөніндегі орынбасары
______________ Ж. Сейталиев
Өндірістік сабақ жоспары № 15
Сабақтың тақырыбы: Құбырлы қосылыстардағы сақиналы жіктерді газбен пісіру.
Сабақтың мақсаттары:
Сабақтың білімділік мақсаты: Металл конструкциясында жұмыс жасаған уақытта оқушылардың теориядан алған білімдерін өндірістік орында қолдануға баулу. Білім алушылардың теориялық білімін жетілдіру. Әртүрлі бұйымдар жасағанда құбырлы қосылыстардағы сақиналы жіктерді газбен пісіруге үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттер бойында құрал – саймандарды күтіп ұстау, шикізаттармен  материалдарды үнемді пайдалану,  жұмыс барысында ұқыптылық пен тыңғылықты еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың кәсіби білімін жетілдіру мақсатында тақырыпқа сай газбен пісіруде құбырлы қосылыстарда сақиналы жіктерді пісіруді үйрету. Жұмыс орнында қауіпсіздік шараларын қарастыруға баулу. Студенттің жоспарлы жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Технологиялық нұсқау картасы, пісіру аппараттары, көрнекілік құралдар, 100х100 мм темір трубалар.
Оқу өндірістік базасы: «Пісіру ісі» шеберханасы
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (сағ: 1400-1405)
Студенттердің сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
Студенттердің өндірістік сабаққа арналған киімдерін тексеру.
Кіріспе нұсқау: (сағ: 1405-1535)
Студенттерге сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру.
Өндірістік оқу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.
Жаңа сабақ бойынша студенттерге нұсқау беру:
Ағымдық нұсқау: (сағ: 1535-1845)
Студенттерді жұмыс орындарына бөлу.
Тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.
Студенттердің жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картасымен жұмыс жасауларын ұйымдастыру.
Жұмыс орнының дұрыстығын қадағалау.
Құбырлы қосылыстардағы сақиналы жіктерді газбен пісіруді тексеру.
Сақиналы жіктерді газбен пісіруді өндірістік сабақ барысында тәжірибеде қолдану.
Пісіруді аяқтаған соң жұмыстың дұрыстығын, орындалу барысын қадағалау.
Жұмыс қалпының дұрыстығын тексеру.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейін қадағалау.
Орындалған жұмыстарды қабылдау.
Жұмыс орындарын жинап, тазалау және пісіру аппартын ток көздерінен ажырату.
Қорытынды нұсқау: (сағ: 1845-1900)
Жіберілген қателіктерге талдау жасау, түзету.
Студенттердің білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру: Т. Шакирова, А.Маметсупиев «Газ және электрмен пісіру»
Өндірістік оқыту шебері: ____________ А.Д. Досболов

Технологиялық нұсқау картасы № 15
Тақырыбы: Құбырлы қосылыстардағы сақиналы жіктерді газбен пісіру.
Тапсырма № 15 Құбырлы қосылыстардағы сақиналы жіктерді газбен пісіруді «Пісіру ісі» өндірістік шеберханасында орындау.
№ Жасалатын жұмыстар Қолданылатын құралдар Жұмыстың орындалу картасы Техникалық қауіпсіздік ережелері
1 Жұмыс орнын жабдықтау. Пайдаланылатын материалдармен құрал-жабдықтарды дайындау. Ацетелинді кислородты газбен пісіру аппараты, басқа да қажетті құралдар Жұмыс орнының дұрыстығына, тазалығына көз жеткізу. Пісіру аппаратының дұрыстығын тексеру.
2 Диаметрі 100х100 мм металл құбырлы қосылыстардағы трубаларын пісіруге дайындау Өлшегіш, бор, сызғыш, темір щетка
Жұмыс орнында қауіпсіздік ережесін қадағалау.
Металл трубаларды қажетті көлемде кесу. «Bosh» маркалы Кескіш болгаркасы Кесу кезінде қауіпсіздік көз әйнегін тағу керек. Кесуге арналған дискілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізу. Бәрін тексеріп, металды өлшеміне қарай кесу.
3 Пісіру аппаратын қосу. Ацетелинді кислородты газбен пісіру аппараты Дәнекерлеу жұмысы кезінде бірінші арнаулы маска мен маман киімін кию. Аппаратты және ақпараттық кабельдерін қарау керек
4 Кескен трубаларды сақиналы жіктермен пісіру және жабу.
ацетелин, кислород, ток көздері Ішкі жағын қарап саңылаудың, қож қосылыстарының, піспей қалған және балқытылмаған ашық жерлері болмауын тексеру керек.
5 Пісіру аппаратын өшіру. ZX7 – 200 Аппаратты жер желісіне бекітілуіне көз жеткізу керек. Ауа сору жүйесін тексеру керек.
6 Ақауды түзету
  Сызғыш Пісіру аппаратын ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізу керек.
7 Жұмысты аяқтау. Жұмыс орнын жинастыру. Пайдаланылған құрал-жабдықтарды тиісті орнына қою. Жұмыс орнын қалыпты жағдайға келтіру, тазалау. Барлық пайдаланылған заттарды тиісті орындарына қою.
Бақылау сұрақтары:
Металл трубаларды кесу қалай жүзеге асырылады?
Газбен пісіру жұмыстарында техника қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек?
Құбырлы қосылыстардағы сақиналы жіктерді газбен пісіру үшін жұмыстар қалай жүргізіледі?
Газбен пісіру әдістерін орындауда жіберілген қателіктерді қалай түзетеді?

Приложенные файлы


Добавить комментарий