Ашы? саба? «Квадрат те?деуге келтірілген те?деулер»


Бекітемін: Пән: алгебра Өткізілетін күні:
13. 01.15. Сынып: 8«в» Сабақтың типі: алгебра
Тақырыбы: Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер
Мақсаты: «Биквадрат теңдеу» ұғымымен, квадрат теңдеуге келтірілетін басқа да теңдеулер түрімен таныстыру, квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шеше білу.
Күтілетін нәтиже:.1. Биквадрат теңдеуге берілген есептерді шығара біледі. Барлығы
2.Дискриминанттың мәніне байланысты квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтауды, түбірлердің формулаларын қолданып, квадрат теңдеуді шешуді қайталайды. Білімін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды. Көпшілігі
3. Есептің нәтижесін тауып, ретімен орналастырады; сұрақ қоя біледі, талдаулар жасайды.
Сабақтың кезеңдері:
І кезең а) ұйымдастыру; б) үй тапсырмасын тексеріп, өздеріне берілген бағалау парақтарына белгілеу;
в) «көпір тапсырмаларын» тексеру. Үй тапсырмадағы бір есеп арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айту.
ІІ кезең а)Жаңа сабақ түсіндіру б) мұғалімнің көмегімен мысалдарды талдау жүргізу;
в) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.
Ш кезең Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін практикада орындауы;әр түрлі тапсырмаларды шапшаңдықпен, топпен орындап білімдерін шыңдау.
Көрнекіліктер: слайд, топшамалар, жұмыс дәптерлері.
Кіріспе: Ұйымдастыру: - амандасу
- сыныптын сабаққа әзірлігін тексеру
Оқушылар амандасады,
Оқу-құралдарын түгендейді 2 мин.
І кезең:
Кезең.
Бер: уақыт (40мин.)Сабақтың өту барысы Оқушы әрекеті
Үй тапсырмасын тексеру.
4 мин Есептер слайдтан көрсетіледі. Жұптық тәсілмен бір-бірлерінің дәптерлерін тексереді.№349 Теңдеудің түбірлерін табыңдар.
Есептер тақтада слайдта көрсетіледі
Оқушылар көршілерінің дәптерлерін тексереді
2 есепке 1 балл
Қайталау. «Көпір» тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді .4 мин.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Ауызша сұрактар:
1. ах2 +вх+с= 0 (а≠0) түріндегі теңдеуді қалай атаймыз?
2. Дискриминантқа байланысты неше жағдайы болады?
3. х2 +рх+q= 0 (а=1) түріндегі теңдеуді қалай атаймыз?
4. Виет теоремасы қалай оқылады?
Кіріспе сөз:
Сендер квадрат теңдеу және оны шешу тәсілдерін білесіндер. Енді квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу жолына тоқталайық.Ондай теңдеулердің бірі ретінде биквадрат теңдеулер қарастырылады.
Жаңа тақырып: Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер
Анықтама: ах4 +вх2+с= 0, мұндағы (а≠0), түрінде берілген теңдеу биквадрат теңдеу деп аталады.
Биквадрат теңдеуді шешуге мысалдар қарастырайық?
1-мыс: теңдеуін шешейік.
Шешуі:


түбірлері болмайды, ,
Жауабы: -1;1
(оқушылар жауаптары тыңдалады)
Квадрат теңдеу.
3 жағдайы
Келтірілген квадрат теңдеу
Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған оның екінші коэффициентіне тең, ал түбірлерінің кобейтіндісі, бос мүшесіне тең болады.
бір оқушыдан жауап береді.
Теориясы: «БІЛУ» (Кім?, Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
5мин. Бұл есепте айнымалыны еңгіздік, теңдеуді шешудің мұндай әдісі
жаңа айнымалыны еңгізу деп аталады.
Квадрат теңдеуге келтіретін теңдеулерді жаңа айнымалы еңгізу әдісімен шешу үшін келесі алгоритмді қолданамыз:
Теңдеуге қандай да бір өрнекті жаң айнымалы арқылы белгілейміз;
Берілген теңдеудегі өрнектің орнына жаңа айнымалыны еңгізіп, жаңа айнымалыға байланысты квадрат теңдеу аламыз.
Шыққан квадрат теңдеуді шешеміз.
Алмастыру арқылы алғашқы айнымалының мәнін табамыз;
Табылған теңдеулерге тексеру жүргізіп, берілген теңдеудің түбірлерін анықтаймыз.

Оқушылар мұғалім мен пікірлесіп мағлұмат алады.
Берілген алгоритмді түйсінеді, жаттайды.
Теориясы: «ТҮСІНУ» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)
5 мин. 2-мыс: теңдеуін шешіңдер.
Шешуі:


,
Енді х-тің мәнін табу үшін және екі теңдеу шешеміз.
шешімі жоқ, өйткені , ал түбірлері
Жауабы: Оқушылар айтып, тақтаға есебін шығарады
Оқушылар мұғалім мен пікірлесіп қызықты мағлұмат алады. Топшаманың жауаптарын көршілерімен Мағынасын ашып, теңдеулердің қайсысы квадрат теңдеу екенің анықтап, есебін шығару, топтық жұмыстар
ақылдасып табады.
Практикасы:
«қолдану»3 мин. ах4 +вх2+с= 0 теңдеу қалай аталады?
Алгоритмін айт Бұл кезде оқушылар сәл сергіп тапсырмаларды жарыса орындайды.
Теориясы:
«талдау »
7 мин. Оқулықпен жұмыс.
1-қат №189(1), №190(1), №191(1)
2-қат №189(2), №190(2), №191(2)
3-қат №189(3), №190(3), №191(3)
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды.
Оқушы дәптеріне есептің негізін түсіне отырып, жазады.
Сергіту сәті. 1) Менің атым Медет, менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? (Медет)
2)Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (су мұз кезінде болғанда)
Теориясы: «Жинақтау»
5 мин.
Математикалық диктант
1) Теңдеуді шешіңдер:
2)Түбірлері -5; 5;,- болатын биквадрат теңдеуді құрыңдар. Оқушылар топтарымен бірлесе отырып, тапсырмаларды орындайды.
Практикасы:
«Баға беру» Оқушылардың жұмыстарына қарап баға қойылады. (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
3 мин. Орындаған тапсырмаларын көрсетеді.
Қорытынды: оқушыларды сабақта жинаған ұпай саны бойынша бағалау, үйге тапсырма беру .№189(4), №190(4), №191(4) (3 мин)
Бүгінгі өтілген тақырып несімен қызықты?
Өздерің үшін қандай жаңалық алдыңдар?
«Табыс ағашы»
Жасыл алма-ұнады, меңгердім.
Сары алма-түсіндім, бірақ есептегенде қиналдым
Қызыл алма-түсініксіз
... Түсінгендіктің шың белгісі «ия» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады. Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани.
Барлығымыз тұрып, бір-бірімізге шапалақтаймыз.

Приложенные файлы


Добавить комментарий