Газбен к?п ?абатты бал?ыту ж?не пісіру


Сабақ өткізілетін күні «БЕКІТЕМІН»
«30» 11 2016 жыл Директордың оқу өндірістік
Д16/11 10 айлық жұмыстар жөніндегі орынбасары
______________ Ж. Сейталиев
Өндірістік сабақ жоспары № 13
Сабақтың тақырыбы: Газбен көп қабатты балқыту және пісіру.
Сабақтың мақсаттары:
Сабақтың білімділік мақсаты: Металл конструкциясында жұмыс жасаған уақытта оқушылардың теориядан алған білімдерін өндірістік орында қолдануға баулу. Білім алушылардың теориялық білімін жетілдіру. Әртүрлі бұйымдар жасағанда металл табақшаларды газбен көп қабатты балқытуға және пісіруге үйрету. Конструкциялық құрылыс жұмыстарында металл табақшаларын немесе металл профилдерді сабақ тақырыбына сәйкес жұмыс жағдайында қолдануға баулу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттер бойында құрал – саймандарды күтіп ұстау, шикізаттармен  материалдарды үнемді пайдалану,  жұмыс барысында ұқыптылық пен тыңғылықты еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың кәсіби білімін жетілдіру мақсатында тақырыпқа сай газбен пісіруде көпқабатты балқытуды үйрету. Жұмыс орнында қауіпсіздік шараларын қарастыруға баулу. Студенттің жоспарлы жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Технологиялық нұсқау картасы, пісіру аппараттары, электродтар, көрнекілік құралдар, көлемі 250х150 мм көлеміндегі болат табақшалар, 40х40мм металл профильдер.
Оқу өндірістік базасы: «Пісіру ісі» шеберханасы
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (сағ: 1400-1405)
Студенттердің сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
Студенттердің өндірістік сабаққа арналған киімдерін тексеру.
Кіріспе нұсқау: (сағ: 1405-1535)
Студенттерге сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру.
Өндірістік оқу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.
Жаңа сабақ бойынша студенттерге нұсқау беру:
Ағымдық нұсқау: (сағ: 1535-1845)
Студенттерді жұмыс орындарына бөлу.
Тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.
Студенттердің жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картасымен жұмыс жасауларын ұйымдастыру.
Жұмыс орнының дұрыстығын қадағалау.
Газбен көпқабатты балқыту және пісіруде оқушының іс-әрекетін, құрал-жабдықтарды дұрыс қолдану тәсілдерін тексеру.
Газбен көпқабатты балқыту және пісіруді өндірістік сабақ барысында тәжірибеде қолдану.
Пісіруді аяқтаған соң жұмыстың дұрыстығын, орындалу барысын қадағалау.
Жұмыс қалпының дұрыстығын тексеру.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейін қадағалау.
Орындалған жұмыстарды қабылдау.
Жұмыс орындарын жинап, тазалау және пісіру аппартын ток көздерінен ажырату.
Қорытынды нұсқау: (сағ: 1845-1900)
Жіберілген қателіктерге талдау жасау, түзету.
Студенттердің білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру: Т. Шакирова, А.Маметсупиев «Газ және электрмен пісіру»
Өндірістік оқыту шебері: ____________ А.Д. Досболов

Технологиялық нұсқау картасы № 13
Тақырыбы: Газбен көпқабатты балқыту және пісіру
Тапсырма № 13 Газбен көпқабатты балқыту және пісіруді
«Пісіру ісі» өндірістік шеберханасында орындау.
№ Жасалатын жұмыстар Қолданылатын құралдар Жасау ережесі Техникалық қауіпсіздік ережелері
1 Жұмыс орнын жабдықтау. Пайдаланылатын материалдармен құрал-жабдықтарды дайындау. ZX7 – 200 маркалы пісіру аппараты, диаметрі 2, 2.5, 3.0 өлшемді электродтар, Жұмыс үстелін жабдықтау, қолданылатын құрал-саймандарды жұмысқа дайындау. Жұмыс орнының дұрыстығына, тазалығына көз жеткізу. Пісіру аппаратының дұрыстығын тексеру.
2 Көлемі 205х150 мм металл табақшаларға бір және көпқабатты жік салуға дайындау. Өлшегіш, бор, сызғыш, темір щетка
Темір щеткамен қажетті табақшаны тазалау. Бұйымды жасауға қажетті көлемде металл табақшаны өлшеу. Жұмыс орнында қауіпсіздік ережесін қадағалау.
Металл табақшаларды қажетті көлемде кесу. «Bosh» маркалы Кескіш болгаркасы Өлшеп дайындалған металл табақшаны болгаркамен кесу. Кесу кезінде қауіпсіздік көз әйнегін тағу керек. Кесуге арналған дискілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізу. Бәрін тексеріп, металды өлшеміне қарай кесу.
3 Пісіру аппаратын қосу. ZX7 – 200 Аппаратты қоспас бұрын тексеру. Тексергеннен кейін тоқ қуатын, жасалатын металдың қалыңдығына байланысты реттеу. Дәнекерлеу жұмысы кезінде бірінші арнаулы маска мен маман киімін кию. Аппаратты және ақпараттық кабельдерін қарау керек
4 Кескен металл табақшадан бұрышты қосылыс жасап, газбен көпқабатты балқыту және пісіру
Электрод, шлангі,редуктрТемірді түйістіріп, көп қабатты жікпен пісіру. Ішкі жағын қарап саңылаудың, қож қосылыстарының, піспей қалған және балқытылмаған жерлері болмауын тексеру керек.
5 Металл табақшаларды газбен көпқабатты балқыту және пісіру. Трансформатор,
электрод Металл табақшаларға бір және көпқабатты жік салуды жұмыстарын орындамас бұрын жинастыру жұмысындағы саңылаулар, жалынның дұрыс қуатын таңдау, сол сияқты жұмыс барысында жік түбінің дұрыс пісіруіне көп көңіл бөлу керек Металл табақшаларды пісіру барысында ұшқыннан және электр қуатынан сақтану. Жұмысты орындауда электродтарды дұрыс ұстауға көңіл бөлу. Пісіру аппаратының қалыпты жұмыс жасауын қадағалау.
6 Пісіру аппаратын өшіру. ZX7 – 200 Жұмыс аяқталғаннан соң дәнекерлік аппараттарды тоқ көзінен өшіріп дәнекерлік құралдарды жинақтау Аппаратты жер желісіне бекітілуіне көз жеткізу керек. Ауа сору жүйесін тексеру керек.
7 Ақауды түзету
  Сызғыш Пісіру жұмыстарын аяқтағаннан кейін жіктерді тазарту.  Пісіру аппаратын ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізу керек.
8 Жұмысты аяқтау. Жұмыс орнын жинастыру. Пайдаланылған құрал-жабдықтарды тиісті орнына қою. Пісіру аппаратын, кесу құралдарын ток көздерінен ажырату, сызғышты, темір щетканы жинастырып қою. Жұмыс орнын қалыпты жағдайға келтіру, тазалау. Барлық пайдаланылған заттарды тиісті орындарына қою.
1 – Сурет . Газбен бір және көпқабатты балқыту процесін орындау технологиясы.

2 – сурет. Газбен бір және көпқабатты балқытуды өндірістік жұмыс кезінде орындау әдістері.

3 – сурет. Газбен бір және көпқабатты пісіру және балқыту кезінде оттегі мен ацетелиннің жану процесі.

Бақылау сұрақтары:
Газбен бір және көпқабатты пісіру мен балқыту қалай жүзеге асырылады?
Пісіру жұмыстарында техника қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек?
Әртүрлі жағдайларда газбен бір және көпқабатты пісіру үшін ток көзі қалай реттеледі
Газбен бір және көпқабатты пісіру орындау үшін орындалатын жұмыстар реттілігі қандай?
Пісіру әдістерін орындауда жіберілген қателіктерді қалай түзетеді?

Приложенные файлы


Добавить комментарий