Бастауыштан кейін ?ойылатын сызы?ша (3 сынып)


Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Каскаева С.Б
Сабақтың атауы Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Үлестірмелі парақшалар,
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.Сабақтың түрі: Жарыс сабақӘдісі - тәсілдері: Түсіндіру, оқыту, сұрақ - жауап, талдау, практикалық, баяндау.
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру, бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалынғанын анықтауды үйренутаза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Қатар – қатар тізіліп,Оқушыға лайық.Қолымызды жіберіп,Түп – түзу болып тұрайық.Жақсы оқып сабақты,Әдеп сақтау сәнімізОтыруға нақпа – нақДайындалдық бәріміз 1 – қатар жай отыр2 – қатар тез отыр3 – 4 – қатар сен де отырСабақ бастар кез болып тұр.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақтардағы ережелерді еске түсіру Сыныпты 4 топқа бөлу.1 – топ: «Ыбырай» ауылы2 – топ: «Абай» ауылы3 – топ: «Жамбыл» ауылы4 – топ: «Ахмет» ауылы
Қызығушылықты ояту «Бәйге» ойыны.Әр топ сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы 10, 20, 30 ұпай жинайды.1 – топ: «Ыбырай» ауылы.10. Зат есім дегеніміз не?20. Сөйлем дегеніміз не?30. Сөйлемнің қандай үрлері болады?2 – топ: «Абай» ауылы10. Етістік дегеніміз не?20 Сөйлем мүшелері деген не?30. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?3 – топ: «Жамбыл» ауылы10. Сан есім дегеніміз не?20. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді?30. Бастауыш дегеніміз не?4 – топ: «Ахмет» ауылы10. Сын есім дегеніміз не?20. Баяндауыш дегеніміз не?30. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады?
Мағынаны тану
Жаңа сабақ Ережемен таныстыру.Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Досжан – студент. Абай – халық ақыны.V. Көркем жазу минуты.Қолға қалам алайық,Салақтықтан қашайық.Дәптерімізді ашайық.Көркем етіп жазайық.Әә Әә ӘәӘдепті бала – арлы бала,Әдепсіз бала – сорлы бала.VІ. Оқулықпен жұмыс.1 – жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазу. Бастауыш пен баяндауышты тауып, сұрақ қою.Ғалия – үлгілі қыз. Құрманғазы – атақты күйші. Алматы – жасыл қала. Дәулет – озат оқушы.2 - жаттығу.Мақалды жатқа жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызу. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылуын түсіндіру.Ойын. «Менің бағытым»Оқушы биледіӘнші өстіБалалар оқыдыГүл шырқадыБиші ұштыҰшақ жүздіКеме ойнадыТоптық жұмыс.4 – жаттығу.Сөйлемдерді баяндауышы да зат есім болатындай өзгертіп жазу.Үлгі: Жандос күй тартты. Жандос – күйші.1 – топ: «Ыбырай» ауылы. Жамбыл Жабаев өлең жазды. Жамбыл Жабаев – ақын.2 – топ: «Абай» ауылы. Райгүл би биледі. Райгүл – биші.3 – топ: «Жамбыл» ауылы. Анам ас пісірді. Анам – аспаз.4 – топ: «Ахмет» ауылы. Раушан шаш қиды. Раушан – шаштаразшы..5 – жаттығу.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазу.Үлгі: Тіл – қарым-қатынас құралы.1 – топ: «Ыбырай» ауылы. 1..... – білім беретін мекеме.2 – топ: «Абай» ауылы. 2..... – жер қойнауын зерттейтін3 – топ: «Жамбыл» ауылы. 3..... – жасы жетуіне байланысты құрметті демалысқа шыққан адам.4 – топ: «Ахмет» ауылы. 4.....- темірден түйін түйетін адам.
Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар билейді
Ой толғаныс 1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін:А) Зат есімӘ) БастауышБ) Баяндауыш2. Қандай жағдайда сызықша қойылады?А) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалсаӘ) Бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалсаБ) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен жасалса
Үй тапсырмасы 3 – жаттығу. 74 бет.Бастауыштан кейін сызықша қойып, өлеңді көшіріп жаз. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Бағалау парақшаларын жинап алу

Приложенные файлы


Добавить комментарий