Сценарий ?н к??ілдін ажары


«Ән-көңілдің ажары» ән кеші
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым! «көкірегі кең,көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Ән-көңілдің ажары» ән кешіне қош келдіңіздер.
Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол - сахна. Мектебімізде бастауыш сыныптар апталығы бойынша,бастауыш сыныптар арасында «Ән-көңілдің ажары» ән кешін өткізгелі отырмыз.
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.Ендеше біздің мектебімізде осындай өнерлі балалар бар ма? Олай болса тұрмайық кешімізді бастайық.
Талаптының айтқанын мен қостайын,Бәріңізге жақсы бір ой тастайын."Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе ортаға «Көңілді күн» әнімен Даулетбек Жұлдызды шақырамын.
Мұғалім:Ертең-ақ мен ержетіп,Әншілердей боламын.Үлгі тұтып жақсыны,Менде әнге саламын-дей отыра ортаға «Қошақан» әнімен мектебіміздің бүлдіршіндерін шақырамын қарсы алыңыздар.
Мұғалім:Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,Әзірге үлпілдеген құндызымыз.Арасын жер мен көктің бағындырар,Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отыра келесі кезекте 1- сынып оқушыларының өнерін тамашалайық .
Мұғалім: Ән тыңдадық, би биледік енді бір ойын ойнап алайық «әріптер ойыны».Ата-аналар таңдаған әріптері бойынша сол әріптен басталатын ән айтуы керек.
Мұғалім:Құлақтан кіріп, бойды аларЖақсы әнмен, тәтті күй.Көңілге түрткі ой салар,Әнді сүйсең, менше сүй – дей келе ортаға 2-4 сынып оқушыларының орындауында «Жарастықпен жайнатып өмір көркін» әні.
Мұғалім:Қыз сұлу көрінеді өнерімен,Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,Әнші сұлу көрінер әніменен - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті әнші қыздарымызды ортаға шақырайық.Даулетбек Жұлдыз және Ақай Гүлназдың орындауында «Ертегілер» әні.
Мұғалім:Орындап ата-ана өсиетінБаламын жасы үлкенге бас иетінПаш етем ер жеткен соң бар әлемгеЖаңарған нағыз қазақ қасиетін, дей келе ортаға 2-сынып оқушыларын шақырамыз «Тауықтар» биімен.
Мұғалім:
Жұмбақ жұмбақ жұтылдым,
Жолға түсіп құтылдым-дей келе енді жұмбақтарды шешейік.
Бес жолмен жүреді,Бар әуенді біледі.
Нота
Қалдырмай емге етін, Қақтаған күн бетін Астында төмпештің, Атқарар міндетін. (Барабан)
Тартылған екі арқаны ұзын бойға,Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.Әр жерде аршындалған балдағы бар,Ойнайды он бармағың білсе қайла. (домбыра)
Созылған үні,Сүйкімді тілі.Үрлесең ойнайтын,Аспаптың бірі. (сыбызғы)
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,Азынаса көмейінде мал жылайды.Құйрығын қара жерге тіреп алып,Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)Ел қорғайтын ерлікке,Батылдыққа ерлікке.Әуенімен шақырған,Қандай аспап балалар. (дабыл)
Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,Әуезінен жеті тарау мұң шығар.Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,Бұл қандай аспап? (жетіген)Мұғалім:Жас дәуірдің түлегіміз, Ән салу біздің өнеріміз Әрқашанда аман бол,Осы біздің тілегіміз- дей отыра «Қазақтай ел қайда» әнімен 3-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Мұғалім:Шық достарым билеуге,Бір - бірінен қалыспа.Өнеріңді байқасын,Мына отырған халықта – демекші ортаға соңғы номерді шақырайық «Чунга-чанга» биі.Мұғалім:Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар,баршаңызға көп рахмет!!!
А Ә Ж К Қ Н С Т М

Приложенные файлы


Добавить комментарий