Баяндама. Та?ырыбы: К?рнекілік модельдеу ?дісі ар?ылы бала тілін дамыту


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

«Мерей» балабақшасы
Тақырыбымның өзектілігі. Көрнекілік мөделдеу балалардың байланыстырып сөйлеуді меңгерулерін жеңілдетеді, пиктограммалар, белгілер сызбаларды пайдалану естің мөлшерін көбейтеді, еске сақтауды жеңілдетеді және жалпы тілдік қызметті дамытады. Міндеттер: балалардың тілін дамытуда көрнекілік моделдеудің маңыздылығын анықтау және зерттеу;практикалық әрекетке ендіруде теориялық және практикалық материалдарды талдау және жалпылау;жинақталған практикалық және теориялық материалдарды практикалық әрекетке еңгізуді ұсыну. Көрнекілік модельдеу әдісі – бұл зерттеп отырған объектінің маңызды қасиеттерін жаңғырту, онымен жұмыста оның ауыстырушыларын жасау. Ғалымдардың (Л.А. Венгер, О.М. Дьяченко және т.б..) пікірлері бойынша корнекі модельдеу әдісі балаға көру арқылы абстрактты түсініктерді (дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін) елестетуге көмектеседі. Тірек сызбалар – танымдық есептерді шешуде көру, қимыл, ассоциациялық есті іске қосудың. әрекеті деп саналады.А. М. Сиверио зерттеулері бойынша көрнекілік модельдеу қабілетін дамытуға арналған оқыту, сонымен бірге жалпы ақыл – ой қабілетімен қисынды ойлауға дейін дамытады. Ғылыми зерттеулер және тәжірибе дәлелдейді, көрнекі материал мектепке дейінгі жастағы балаларға қолайлы , көрнекі моделдер балалардың ақыл ойын және де тілін дамытады. (Леон Лоренсо С, Хализева Л.М. және б.с.). Білім салалары бойынша ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерінде көрнекілік моделдеу әдісін пайдалану тиімділігі.Сауат ашу оқу іс -әрекетінде.Аузын ашқан қызыл адам – бұл дауысты дыбыс, оның ауызы ашық және ол әндетеді. Көк байсалды адам - қатаң (жуан) дауыссыз дыбыс, оны айтқанда біздің еріндеріміз ашуланады. Жасыл күлімсіреген адам– жіңішке дауыссыз дыбыс, оны айтқанда ерініміздің ұштары күлімсірейді Әр дауысты дыбысқа оның артикуляциясына байланысты келесі белгілердң қолданамын. Тіл дамыту және қоршаған ортамен таныстыру оқу- іс әрекетінде. «Жемістер мен көкөністер»Бұл не, көкөніс пе әлде жеміс пе, қайда өседі, пішіні, түсі, қалай пайдаланамыз.Түрлі түсті белгілердіпайдалану«Күз мезгілі келді. Ағаштардағы жапырақтар түрлі – түсті. Жыл құстары жылы жаққа үшіп кетеді. Тиіндар қорын жинайды. Бақалар төмпешіктердің астына тығылады» Көркем әдебиетпен таныстыру оқу іс- әрекеті.«Шалқан» ертегісін мазмұнын айтып беруде геометриялық пішіндер пайдаландым (кейіпкерлерді ауыстырған ауыстырушы моделдер – геометриялық пішіндер болды)«Маша мен аю» ертегісінің мазмұнын айтқанда пиктограммаларды пайдаландым «Үйшік» ертегісі Экология негіздері.Күз тақырыптағы оқу әрекетінде балалар Буратиноға графикалық моделдер арқылы әңгіме айтып берді. Заттардың салыстыру сипаттамасы.Жануарлар туралы сызба кесте. Венн диаграмма сызбасы арқылы объектілердің бірдей белгілерін және айырмашалықтарын анықтау Сызба кестемен жұмыс әдістемесі.Сызба кесте - бұл нақтылы мәлiмет салған кесте. Сызба кестелердің мәні келесіде: әр сөзге немесе кішкентай сөз тізбегіне сурет ойластырылады; сонымен мәтіннің бәрі схема (сызба) түрінде беріледі. Сызба кестелермен жұмыс 3 кезеңнен тұрады. 1. Кестенiң қарап, ондағы бейнеленген заттарды талдау. Сызбаны қарап оны талдау.2. Абстрактты символдарды образға айналдыру. 3. Берілген тақырып бойынша ертегіні немесе әңгімені айтып беру. Кіші топтарда тәрбиешінің көмегімен, ал мектепалды даярлық топтарда балалар өз бетімен айтып береді. Сызба кестелер жұмыстың негізгі әдістерін қолдану оқыту уақытын қысқартады да бірнеше міндеттерді шешеді:• негізгі психикалық процестерді дамытады – еске сақтау қабілетін, зейінді, ойлау қабілетін, тілді;Сызба кестелер байланыстырып сөйлеуді дамытуда дидактикалық құралы болады. – өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер жаттағанда;- мәтінді айтып бергенде;- сипаттама әңгіме құрастырғанда. Диагностика .Диагностика үш тапсырмадан тұрады. 1. Сипаттама әңгіме құру («Дүкен» дидактикалық ойыны);2. «Дети кормят курицу и цыплят» мазмұнды сурет арқылы әңгіме құрастыру.3. Неміс ертегісін «Боб, соломинка и уголёк» өз сөзімен айтып білу біліктілігін анықтау Оқу жылы ортасында
Көрнекілік моделдеуді қолдану арқылы балада әр жас кезеңінде: Грамматикалық дұрыс, жүйелі өз ойын айту біліктілігі; Көлемі шағын әңгімелердің мазмұнын айту біліктілігі; Әңгімелесуде белсенді қатысу , түсінікті етіп сұрақтарға жауап беру және сұрақ қою біліктілігі; Диалог тілінің нығайыуы; Затты сипаттау біліктілігі;Көлемі шағын ертегілерді драмалау біліктілігіқалыптасадыНӘТИЖЕ

Приложенные файлы


Добавить комментарий