Ашы? саба?: Ион алмасу реакциялары (9 сырып)


Сабақтың тақырыбы: §6. Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ерітінділерде иондар арасындағы реакциялардың жүруі туралы білім дағдыларын қалыптастыру. 2. Иондар арасында жүретін химиялық реакциялардың жүру белгілерін ескере отырып, молекулалық, толық иондық және қысқартылған реакция теңдеулерін жаза білу дағдыларын қалыптастыру. 3. Оқушылардың зертханалық жұмыс жасау арқылы үнемділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Электрондық оқулық, зертханаллық жұмыс, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың суда ерігіштігі (таблица).
Әдісі: СТО.
Сабақтың түрі:Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Анион, катион анықтау 2. Иондарға ажырату.

Activ vote тест
ІІІ.. Жаңа сабақ.
Электролиттердің судағы ерітінділері өзара әрекеттескенде реакция иондар арасында жүреді. Мұндай реакциялар иондық реакциялар деп аталады. Электролиттердің ерітіндідегі химиялық қасиеттері – иондардың, яғни катиондардың және аниондардың қасиеттері болып табылдады.
Ион алмасу реакциясы кезінде тұнба түзіледі, газ бөлінеді немесе су және аз диссоцияцияланатын заттар түзіледі.
Тұнба түзіле жүретін реакциялар.
CaCl2+2AgNO3= 2AgCl↓+Ca(NO3)2
Ca2++2Cl-+2Ag++2NO3-=2AgCl↓+Ca2++2NO3-
2Cl-+2Ag+=2AgCl↓
Газ бөліне жүретін реакциялар
Na2CO3+H2SO4=Na2SO4+CO2↑+H2O
2Na++CO32-+2H++SO42-=2Na++SO42-+CO2↑+H2O
CO32-+2H+=CO2↑+H2O
Су және аз диссоцияцияланатын заттар түзіле жүретін реакциялар.
NaOH+HCl=NaCl+H2O
Na++OH-+H++Cl-=Na++Cl-+H2O
OH-+H+=H2O
VІ. Зертханалық жұмыс.
1-тәжірибе
1.Барий хлориді мен натрий сульфаты ерітінділері арасындағы реакцияны орындаңдар, ион алмасу реакциясының соңына дейін жүруін бақылаңдар.
2. Молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеуін зертханалық дәптерлеріңе жазыдар.
3. Ауызша бақылау нәтижесін түсіндіріңдер
BaCl2+Na2SO4=BaSO4↓+NaCl2- тәжірибе
1.Натрий карбонаты және тұз қышқылы ерітінділері арасындағы реакцияны орындаңдар, ион алмасу реакциясының соңына дейін жүруін бақылаңдар.
2. Молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеуін зертханалық дәптерлеріңе жазыдар.
3. Ауызша бақылау нәтижесін түсіндіріңдер
Na2CO3+HCl=
3-тәжірибе
1.Натрий гидроксиді және күкірт қышқылы ерітінділері арасындағы реакцияны орындаңдар, ион алмасу реакциясының соңына дейін жүруін бақылаңдар.
2. Молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеуін зертханалық дәптерлеріңе жазыдар.
3. Ауызша бақылау нәтижесін түсіндіріңдер
NaOH+HNO3=
V. Кесте толтыру
«Іздесең - табасың, талаптансаң – жетесің, зейін салсаң - ұғасың»
Реактивтер HCl H2SO4 FeCl3
NaOH BaCl2 K2CO3 VІ. Есеп шығару
«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
I-қатар
Ag3PO4+3KCl=3AgCl↓+K3PO4
II-қатар
K2S+2HCl=H2S↑+KClIII-қатар
Al(OH)3+H2SO4=Al(SO4)3+H2O
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Электролит ерітінділеріндегі ион алмасу реакциялары тұнба түзілетін, газ бөлінетін немесе аз диссоцияцияланатын зат түзілетін жағдайда ғана жүреді.
VІІІ. Оқушылар шығармашылығы.
1)Nova және температура өлшейтін датчик арқылы зертханада жасалынған тәжірибедегі ерітіндінің температурасын анықтау
2) Көбіктің түзілуі.
ІХ. Үйге тапсырма
§6, 2-5 жаттығу.
Х. Оқушыларды бағалау

Приложенные файлы


Добавить комментарий