Презентация Мені? сыныбым 3 сынып?а арнал?ан


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Сабақтың тақырыбыМенің сыныбым Наурыз айының он сегізі Сынып жұмысы Менің сыныбым Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ-жауап:1.Сан есім дегеніміз не? 2.Реттік сан есімді ата. 3.Біздің сынып қандай ?4.Сынып заттарын білесің бе? Сабақтың мақсаты:1)Жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеуді жандандыру. 2) Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Тақырып бойынша сөздік қорын байыту. 3) Оқушылардың өз сыныбына және сыныптағы заттарға жауапкершілікпен қарауға, оларды қалпында сақтауға тәрбиелеу. Сөздікпен жұмыс қабат – этаж терезе – окно қабырға – стена сөйлем – предложение 1- тапсырма. Мәтінді оқы, аудар. Бұл менің сыныбым. Ол екінші қабатта. Сыныпта бір үстел, 15 парта, 30 орындық бар. Терезелердің алдында гүлдер тұр. Қабырғада тақта ілулі тұр. Менің сыныбым жарық және таза. 2- тапсырма. Мәтін бойынша жауап бер. Бұл не? Ол нешінші қабатта? Сыныпта неше үстел, неше парта, неше орындық бар? Терезелердің алдында нелер тұр? Қабырғада не ілулі тұр? Біздің сынып қандай? 3- тапсырма. Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрап айт және жаз. 4- тапсырма. Екі қатарға бөліп жаз. Неше? Нешінші? Бір, екінші, үшінші, он бес, төртінші, жеті, алтыншы, екі, жетінші, үш, алты, сегізінші, тоғыз, сегіз, он, тоғызыншы, бірінші. 5- тапсырма. Сөйлемді толықтырып жаз. Біздің сынып.... қабатта. Саят .... қатарда отырады. ......... Терезеде гүл тұр. Самат ......... партада отырады. Керекті сөздер: үшінші, екінші, бесінші, бірінші.

Приложенные файлы


Добавить комментарий