Сборник диктантов для 11 класса по казахскому языку 11-сынып?а арнал?ан ?лшеуіштер


Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі
Мақсаты: 10-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Банк қызметі туралы не білеміз?
Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріс керек болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.
Жалпы банктік жүйелер әртүрлі деңгейлі болады. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет етеді.
Банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер несие саясатын жүзеге асырады. Олар несие-есептік қызмет атқарады.
Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.
Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.
(106 сөз)
(С.Дюсебаев. Қазақ тілі. Сборник диктантов. Алматы: «Мектеп», 2011.)
Грамматикалық тапсырмалар
1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа. Өндіріс керек болса, банк те керек.
ІІ нұсқа. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.
2. Берілген сөзді септеңдер.
І нұсқа – банк жүйесі ІІ нұсқа – қарыз алушы
3. Сөзді құрамына қарай талдаңыздар.
Валюталар
Бағалау: «5» деген еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (1/0) қойылады. «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар қойылады. «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар, (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/9) қойылады. «2» деген баға «3» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен жатжазуға қойылады.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаларға дұрыс жаза алуын бағалау.
Зырян
Зырян – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ол 1941 жылы кенді Алтайдың орта бөлігіндегі табиғаты көркем жерде құрылған. Қала іргесінің қалануы 1791 жылы жұмысшы Г.Г.Зыряновтың осы өңірден полиметалл кенін ашу тарихымен тығыз байланысты. Ұлы Отан соғысы жылдары Зырян майдан үшін өте қажет болған қорғасын, мысты көптеп жіберді. Қазіргі Зырян – республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі. Зырян полиметалл кені, Зырян қорғасын комбинаты осында. Зырян ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, 1977 жылы құрылған.
Аудан жері кенді Алтай мен Оңтүстік Алтайдың аралығындағы тауаралық аңғарлар мен аласа тауларды қамтиды. Оңтүстік, оңтүстік-батысында Бұқтырма бөгенімен шектелген. Жер қойнауынан қорғасын, мыс, мырыш, алтын, күміс, т.б. табылды. Климаты тым континентік, қысы ұзақ, аязды, жазы жылы.
(105 сөз)
(Матаева Ж.А. Диктанттар жинағы (Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 5-11 сыныптарына арналған қазақ тілінен жергілікті жер материалдары) - Өскемен қ.: ШҚО БАИ баспасы, 2008, 15 бет.)
Бағалау: «5» деген еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (1/0) қойылады. «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар қойылады. «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар, (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/9) қойылады. «2» деген баға «3» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен жатжазуға қойылады.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған І тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру, мазмұндаманы орфографиялық, пунктуациялық нормаларға жаза алуын бағалау.
Мазмұндама: Мәтін стандарттың міндетті деңгейіне сәйкес алынып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем-дағдыларын анықтауға бағытталған.
Шәкен Айманов
Шәкен Айманов (1914-1970) Павлодар облысының Баянауыл ауданына туған. Шәкен үлкендерден ертегі, аңыз әңгімелер тыңдап өскен. Бала кезінен домбырамен ән айтқан және өлең шығарған. Мектепте көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысады. Осы кезде театрда өнер көрсете бастайды.
Оның әртістік қабілеті Семей педагогикалық училищесінде шыңдалды. 1933 жылы қазақ драма театрында әуесқой өнер жолын бастайды. Оның өмірінің 20 жылы осы театр сахнасында өтті. Оның ұстаздары – театр өнерінің шеберлері: Жұмат Шанин, Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов.
1964 жылы Лондонға барды. Сонда «Отелло» трагедиясында Отеллоның рөлін ойнады. Ағылшындар оған риза болып, ұзақ қол соқты.
Ш.Айманов кино өнері саласында да еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында жүріп, «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», «Атамекен», «Атаманның ақыры» сияқты кинолар түсірді. Өзі де бірнеше рөлде ойнады. Алдар көсе, Жамбыл болып ойнап, танымал болды.
Қазір «Қазақфильм» киностудиясына оның аты берілді. (130 сөз)
Мазмұндау жоспары.
Туған жері туралы
Әртістік қабілеті жөнінде
Лондонға баруы
Киноларға түсуі жайлы
Қойылатын талаптар
Орындалатын жұмыс түрі Тақырыптың ашылуы Ой жүйесі Емле қателері Тыныс белгілері Өзіндік ерекшеліктері Стилі Жалпы балл саны
5 5 5 5 5 5 5 5
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру, мазмұндаманы орфографиялық, пунктуациялық нормаларға жаза алуын бағалау.
Мазмұндама: Мәтін стандарттың міндетті деңгейіне сәйкес алынып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем-дағдыларын анықтауға бағытталған.
Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты. (121 сөз)
Мазмұндау жоспары.
Құмырсқаның арамен дос болуы.
Көмек беруге дос іздеу.
Екі досынан көмек сұрауы.
Ұялас достарының кездесуі.
Мақалдың мағынасын айқындау.
Қойылатын талаптар
Орындалатын жұмыс түрі Тақырыптың ашылуы Ой жүйесі Емле қателері Тыныс белгілері Өзіндік ерекшеліктері Стилі Жалпы балл саны
5 5 5 5 5 5 5 5
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған І тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру, мазмұндаманы орфографиялық, пунктуациялық нормаларға жаза алуын бағалау.
Мазмұндама: Мәтін стандарттың міндетті деңгейіне сәйкес алынып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем-дағдыларын анықтауға бағытталған.
Балалық кез
Абай қара торы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болады. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулы мен тентектігі де аралас болса керек. Ол аса ұғымтал, бір көргені мені естігенін ұмытпайтын зерделігімен көзге түсетін...
Баланың ақынға ұқсастығы көп. Екеуінің де жаны нәзік, сезімтал да әсерленгіш. Екеуі де жақсылық пен жамандықты сезгіш. Ақын мен бала табиғатқа жақынырақ.
Адам жас кезінде оқып жаттаған өлеңі мен әнін ұмытпайды. Өйткені бала өлең мен сазға жақын.
Болашақ ұлы ақын он жасқа келгенше ертегілер мен аңыздар, батырлар жырын, шешендік сөз үлгілерін біліп, жадында сақтап қалған. Мұндай әңгімелерді әжесі мен шешесі жалықпай айтатын. Шешесі Ұлжан ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, қызықты етіп әңгімелеп беретін.
«Әкем Абай туралы» атты естелігінде баласы Тұрағұл былай дейді: «Түн болғанда, әмсе біреуге ертегі айтқызып, я өзі айтып отыратын әдеті бар еді. Біреуге айтқызғанда, бұрын естімеген кісіше, ынтасын сала тыңдап, әбден айтып болған соң, айтуынша адасқан жері болса, өзі түзетін айтып беретін». (155 сөз)
Мазмұндау жоспары.
Абайдың портреті.
Баланың ақынға ұқсастығы.
Он жаста аңыздар мен батырлар жырын жатқа айтуы.
Баласы Тұрағұлдың әкесі туралы естелігі.
Қойылатын талаптар
Орындалатын жұмыс түрі Тақырыптың ашылуы Ой жүйесі Емле қателері Тыныс белгілері Өзіндік ерекшеліктері Стилі Жалпы балл саны
5 5 5 5 5 5 5 5
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру, мазмұндаманы орфографиялық, пунктуациялық нормаларға жаза алуын бағалау.
Мазмұндама: Мәтін стандарттың міндетті деңгейіне сәйкес алынып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем-дағдыларын анықтауға бағытталған.
Наурызбай
Наурызбай жиырма екіге жаңа шыққан келбетті жігіт. Сұңғақ бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей кең жауырын. Ол тіп-тік келген, ат жақты екі бетінен қаны тамған ақ құба түсті. Үлкен қоңыр көздері адамға ілтипатпен қарайды.
Басында қызыл барқытпен тыстаған құндыз бөрік. Үстінде құйыршықтары мен тырнақтары аяқтары салбыраған күзен ішік. Ішігінің жағасына, жеңіне, шетінен қара қоңыр құндыз ұстаған.
Наурызбай ұрысқа да осы киіммен шығатын. Білегіне дейін сыбанып түріп алған. Оң қолында зілдей ауыр қара найзасын тудай көтере ұстайды. Астындағы ақ боз атын ойнақтата «Абылайлап!» шапқанда, жан қарсы келе алмайтын. «Оның оң қолында төрт жігіттің күші бар» дейтін жұрт. Наурызбай асқан найзагер. Ол жауға шапқанда, қабағы қарс жабылып, жүзінде ерекше қаһар пайда болатын. Ал жайшылықта Наурызбайдан ақ жарқын жан жоқ. Ол мұндайда әрі әнші, әрі әзілқой.
Наурызбай соңғы кезде өзі туып-өскен Көкшетау туралы көп ойлайтын. Мұндай кездерінде Арқаның жасыл шалғынды, көк майсалы даласы еске түсетін. Құз тасты, өн бойы өрби біткен қалың қарағай басқан шағын таулары еске түсетін. Шалқар көлдері еске түсетін. Мол сулы өзендері оның көз алдына елестейтін. Кейде Бурабайдың көгілдір толқыны шулағандай болады. Кейде қыран бүркіт қалықтай ұшқан Оқжетпестің басында ойнаған ерке жел жылағандай болады. Мұндайда Наурызбайдың жүрегі удай ашып, жанын қоярға жер таба алмайды.(194 сөз)
Мазмұндау жоспары.
Наурызбайдың келбеттілігі.
Үстіндегі киген киімі.
Наурызбайдың күштілігі.
Туып-өскен жері жайлы.
Қойылатын талаптар
Орындалатын жұмыс түрі Тақырыптың ашылуы Ой жүйесі Емле қателері Тыныс белгілері Өзіндік ерекшеліктері Стилі Жалпы балл саны
5 5 5 5 5 5 5 5
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Мәтін арқылы киіз үйдің жабдықталуына мән беру. Сауатты жазуға, төл дыбыстарға және тыныс белгілерге көңіл бөлу. Талдау қабілеттерін дамыту.
Ішкі жасау
Киіз үйдің ішкі жасауын орналастыру тәртібі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Қалыптасқан тәртіп бойынша, киіз үйге кіре берістегі сол жақ босағада ер-тұрман, құсбегілікке қажет саймандар ілінеді. Одан әрегірек киім ілетін адалбақан мен шымылдық ұсталған төсекағаш қойылады. Төрде жүкаяқтарға, кебежелерге қойылатын әбдірелердің үстіне екі-үш қатар етіп көрпе-төсек жиналады.
Үйдің оң жақ қанаты салт бойынша бос қалдырылады. Онда қарттар жайғасады.
Киіз үйдің ортасында үш аяқты темір ошаққа қазан асылып, от жағылады. Төрге төселген текеметтің,кілемнің үстіне айнала көрпеше салынып, ортаға дастарқан жайлады. Жаз айларында үйдің ортасына жайылған алаша, кілем, текеметтердің үстіне жозы қойылып, айналасына жержастықтар тасталады. (103 сөз)
Грамматикалық тапсырма
Сөздердің аудармасын табу.
Жержастық,жайғасады,жалғасады
Мәтіннен септік жалғауларын теріп жазу.
Синтаксистік талдау жасау.
Төрде жүкаяқтарға,кебежелерге қойылатын әбдірелердің үстіне екі-үш қатар етіп көрпе-төсек жиналды.
Бағалау: «5» деген еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (1/0) қойылады. «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар қойылады. «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар, (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/9) қойылады. «2» деген баға «3» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен жатжазуға қойылады.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған аралық бақылау үзігі
Мақсаты: І жартыжылда өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Қостанай
Қостанай – ежелден қалыптасқан жер атауы. Ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміздегі мән-мағынасы сақталған төл атау. Торғайдың шығыс бөлігінде орналасқан Ұлытаудың басында Асан атаның бәйбішесі Тана әже жерленген. Оның басындағы ескерткішті халық Ақмешіт деп атайды. Автор Қостанай қаласының атауын да осы Тана әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді. Ал Асанның осы Тана әжедей туған батыр ұлы Абат туралы аңызға айналды. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.
Қостанай қаласының бұрыңғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған. Олай болса, қала аты да қыпшақтың егіз қызының атымен аталған (98 сөз)
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Ж.С.Қалиева «Учебная книга»: Қарағанды, 2005)
Грамматикалық тапсырмалар
1. Берілген етістіктерді өздік, өзгелік, ортақ етіс формаларында жазыңыздар.
І нұсқа – оқу, орындау, шығару ІІ нұсқа – тапсыру, ойлау, көру
2. Мәтін бойынша 3 сұрақ жазыңыздар.
3. Төмендегі етістіктерден келер шақ түрін жасаңыздар.
І нұсқа – есепте, талда, жүр ІІ нұсқа – айт, тапсыр, сөйлес
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.
ІІ нұсқа. Қостанай қаласының бұрынғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған
Бағалау: «5» деген еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (1/0) қойылады. «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар қойылады. «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар, (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/9) қойылады. «2» деген баға «3» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен жатжазуға қойылады.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру, мазмұндаманы орфографиялық, пунктуациялық нормаларға жаза алуын бағалау.
Мазмұндама: Мәтін стандарттың міндетті деңгейіне сәйкес алынып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем-дағдыларын анықтауға бағытталған.
120 жылдық тарихы бар кітапхана
Қарт Ертіс өңірі - алтын бесігіміз, туған жер, Ұлы бабалар мекендеген киелі жер рухынан нəр алған – бір ғасырдан аса тарихы бар көне шаңырағымыз - С.Торайғыров атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханаға 120 жыл. Талай тарихи кезеңдерді бастан кешкен өңірдегі көне кітапхананың өмірнамасы 1892 жылдан бастама алады. Облыстық кітапхана - өзінің ғасырлық тарихында нағыз кітап қазынасына айналды. Мазмұны жағынан қайталанбас баспа жинағын қалыптастырды. Кітап қоры 500 мыңнан аса дана, оның ішінде 100 мыңнан аса қазақ классиктерінің, қоғамдық-саяси, философия, тарих, тіл білімі, əдебиеттану, өнер жəне өлкетану тақырыптары бойынша басылымдарды құрайды. Қордағы сирек кітаптың орны бөлек. Онда ескі басылымдар, қайталанбайтын, көздері тірі кезде жарияланған əдебиет, ғылым мен өнер классиктерінің қолтаңбалары бар кітаптар, қазақ жəне орыс тіліндегі тарихи құжаттар жинақталған. Павлодар облысы кітапханаларының дамуы ерекше орын алып келеді. Қазақстан кітапханалары ішінде С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхана алдыңғы қатарлы кітапханалардың бірі деп толық айтуға болады. Қазіргі таңда облыстық кітапхана - Павлодар аймағының ағарту, ғылым мен мəдениетінің кітапханада жыл сайын пайдаланушылар саны өсуде. Кітапханада көптеген мəдени жобалар мен бағдарламалар іске асуда. Биыл облыстық кітапхананың 120 жылдық мерейтойы жəне Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған кезекті жаңа инновациялық жоба іске асты.Кітапханада əрқашан əдеби-музыкалық кештер, кітап көрмелерінің тұсаукесерлері,жергілікті қылқалам шеберлерінің көрмелері,кездесулер, журналистер мен жазушылардың мерейтойлары өтетін нағыз əдеби шаңыраққа айналды. Кітапхананың 120 жылдық мерейтойы Еліміздің Тəуелсіздігінің 25 жылдығына сай келді. Тəуелсіздік жылдары облыстық кітапхана көп жетістіктерге қол жеткізіп, қоғамда ерекше роль атқаратын үлкен мəдени мекемеге айналды. Павлодар өңірінің ағарту, ғылым мен мəдениетінің дамуы үшін еңбек етіп жүрген кітапхана ұжымының үлесі өте зор.
Мазмұндау жоспары.
С.Торайғыров атындағы кітапханаға 120 жыл.
Кітапханадағы кітап қоры жайлы.
Кітапханадағы ескі басылымдар жөнінде.
Кітапхананың 120 жылдық мерейтойы Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылыдғына сай келуі.
 
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру, мазмұндаманы орфографиялық, пунктуациялық нормаларға жаза алуын бағалау.
Мазмұндама: Мәтін стандарттың міндетті деңгейіне сәйкес алынып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем-дағдыларын анықтауға бағытталған.
Қазақ қуыршақ театры
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін ұлттық өнер ұжымы. Ертеден келе жатқан «Ортеке» ойыны – осының дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік пен ат мүсіншесін сылдырмақпен жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп, билететін болған. Өлкелік қуыршақ театры Алматы қаласында 1939 жылы 10 қазанда ҚазАКСР ХАК-ның бұйрығымен балалар арасындағы мәдени жұмысты жақсарту мақсатымен құрылған. 1939 жылы театрға республикалық қуыршақ театры дәрежесі берілді. Театрдың қалыптасуына Қ.Бадыров, С.Телғараев, В.О.Гасюк, Ю.Г.Рутковский, т.б. театр қайраткерлері көп еңбек сіңірді.
Әр жылдары театр сахнасында Н.Гернеттің «Аладдиннің сиқырлы шамы», Ш.Құсайыновтың «Алдаркөсе мен Шығайбай», О.Әубәкіровтің «Қожанасыр - чемпион», «Тарқамайды тойымыз» спектакльдері мен музыкалық концерттік бағдарлама «Қуыршақтар шоуы» қойылды. Бүгінде театр репертуарында 30-ға тарта спектакль бар. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда, Ақтауда, Шымкентте және Қостанай мен Петропавлда ашылды.
Театр – 1969 жылы Ташкент пен Бішкек қаласында өткен Қазақстан мен Орта Азия республикалық қуыршақ театры фестивалінің, Ташкенттегі халықтар фестивалінің лауреаты.
2002 жылы Алматы қаласында өткен қазақ қуыршақ театрының Бірінші фестивалінде Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл және Шымкент қуыршақ театрлары өнер көрсетті. (157 сөз)
Мазмұндау жоспары.
Театр жөнінде әңгімелеу.
Алматы қаласында құрылған театр жайлы.
Театрдың қалыптасуына еңбек сіңірген адамдар жөнінде.
Қуыршақ театры басқа қалаларда ашылуы.
2002 жылы Бірінші фестивалінде қалалардың өнер көрсетуі.
Қойылатын талаптар
Орындалатын жұмыс түрі Тақырыптың ашылуы Ой жүйесі Емле қателері Тыныс белгілері Өзіндік ерекшеліктері Стилі Жалпы балл саны
5 5 5 5 5 5 5 5
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсанға арналған бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.
Жастар парызы
Таяуда Елбасы еліміздің бір топ жастарын қабылдады. Барлығы 22 адам қабылдауда болдық. Әр мамандықтың иелері. Міне, осы жиында әрқайсымызға сөз беріліп, кездесудегі өз ойын, мақсатын қорытындылаған Елбасымыз былай деді: “Мен бүгінгі жастарға қызығамын. Сендер бақытты ұрпақсыңдар. Айталық, мен 40 жастан асқан шағымда ғана, оның өзінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің салалық хатшысы қызметінде жүрген кезімде тұңғыш рет шетелге шықтым. Ал қазіргі жастардың қай-қайсысы да қайда барамын десе ерік өздерінде. Бұған қоса біз “Болашақ” бағдарламасы бойынша талантты жастарымыз шетелдердің ең таңдаулы оқу орындарында білім алуға мемлекеттік грант бөліп, қамқорлық жасаудамыз. Жастар осы қамқорлық пен сенімге лайық болуы тиіс. Біз қолдан келгенінше тәуелсіз елімізді жан-жақты дамытуға күш жұмсап жатырмыз. Бірақ көкейдегінің барлығын жүзеге асыру – бір ұрпақтың қолынан келмейтін іс. Сондықтан біздің бастағанымызды сіздер жалғастыратын боласыздар. Еліміздің одан әрі гүлденуін қамтамасыз ету сіздерге сеніп тапсырылады. Соған дайындалыңыздар. Сол сенімге лайық болыңыздар”. (150 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар
1. Мәтіннен жалғауларды теру.
І нұсқа – көптік,тәуелдік жалғаулар ІІ нұсқа – септік,жіктік жалғаулар
2. Мәтін бойынша диалог құрастыру.
3. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау.
І нұсқа – шетелдердің,тәуелсіз ІІ нұсқа – ұрпақсыңдар,талантты
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа. Ал қазіргі жастардың қай-қайсысы да қайда барамын десе ерік өздерінде.
ІІ нұсқа. Еліміздің одан әрі гүлденуін қамтамасыз ету сіздерге сеніп тапсырылады
Бағалау: «5» деген еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (1/0) қойылады. «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар қойылады. «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар, (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/9) қойылады. «2» деген баға «3» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен жатжазуға қойылады.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.
Балуан тас
Балуан тас — күш сынасу үшін арнайы таңдап алынған тас.[1] Балуан тас көтеру қазақ халқында да болған. Халық арасындағы әңгімелерге қарағанда ертеде  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%83" \o "Жетісу" Жетісудан  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D1%8F%D0%BD%D0%B4%D1%8B" \o "Қоянды" Қоянды  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D3%99%D1%80%D0%BC%D0%B5%D2%A3%D0%BA%D0%B5" \o "Жәрмеңке" жәрмеңкесіне баратын  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D1%80%D1%83%D0%B5%D0%BD" \o "Керуен" керуен жолының бойында “Балуан тас” деп аталып кеткен үлкен тас жатқан. Ұзақ жол жүріп зеріккен жолаушылар осы жерге келгенде ат шалдырып, бойларын жазып, Балуан тасты көтеріп күш сынасады екен. Күш атасы  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D2%B1%D2%9B%D0%B0%D0%BD" \o "Қажымұқан" Қажымұқанның қартайған шағында айтқан: “Бір тас бар Қояндыда — Балуан тас, Жасымда он екі ай болдым мұңдас. Сол тастай жұртта қалып мен жатырмын, Қайран күш бір кеткен соң қайта қонбас!” деген өлеңі  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%9E%D0%AF%D0%9D%D0%94%D0%AB&action=edit&redlink=1" \o "ҚОЯНДЫ (мұндай бет жоқ)" Қояндыдағы Балуан тасты көтеріп күш сынасу — арнайы спорт түріне айналғандығының айғағы. 1846 жылы поляк ақыны  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90.%D0%AF%D0%BD%D1%83%D1%88%D0%BA%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87&action=edit&redlink=1" \o "А.Янушкевич (мұндай бет жоқ)" А.Янушкевичте қазақтардың тас көтеріп жаттығатынын, бұл жаттығуда  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%80%D0%B0%D2%9B_%D1%81%D2%B1%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Барақ сұлтан" Барақ сұлтанның алдына жан салмайтын алапат күш иесі екендігін таңдана жазады. Қазақ халқының  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%83%D1%8B%D0%B7_%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96" \o "Ауыз әдебиеті" ауыз әдебиетінде  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%83%D1%81%D0%BE%D2%93%D0%B0%D1%80" \o "Таусоғар" Таусоғар(Ер Төстік), Тау көтерген  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%B9" \o "Толағай" Толағай, т.б. кейіпкерлердің болуы да Балуан тас көтерумен қазақтар ежелден айналысқанын көрсетеді. (133 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар
1. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдау.
І нұсқа - қазақтардың, жазады, көтерумен ІІ нұсқа – кейіпкерлердің, көрсетеді, зеріккен
2. Мәтін бойынша жоспар құрастыру.
Бағалау: «5» деген еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (1/0) қойылады. «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар қойылады. «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар, (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/9) қойылады. «2» деген баға «3» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен жатжазуға қойылады.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған жылдық бақылау үзігі
Мақсаты: Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Компьютерде ақпараттар қалай сақталады?
Компьютерге еңгізілетін ақпараттарды сақтайтын элемент – жады. Жад процессорға орнатылады. Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған. Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас. Алайда олардың айырмашылығы үлкен. Адам жадында қайбір нәрселер ұмытылуы немесе шатасуы мүмкін болса, компьютер жадында барлық нәрсе сол қалпында және тұрақты сақталады.
Жады компьютер ішінде болады. Ол жедел жады және тұрақты жадыдан құрылады. Жады компьютердің қатты табақ жадында болады. Оның сыйымдылығы үлкен болғанмен, ақпараттарға толып қалуы мүмкін. Бұлай болмас үшін бір тәсіл бар. Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек. Ал өзімізге керек болғанда, дискетті ендіріп, компьютерге ашып оқу бұйрығын береміз.
Компьютер жадында нұқсан келтіретін жағдайларды естен шығармау керек.Кейбір шағын көлемді бөгде бағдарламалар өздігінен компьютер жадына қосымша жазылып еніп кетеді. Оны ақпараттық вирус деп атайды. Керексіз ондай вирустар компьютер жадының қызметін бұзуға соқтырады.
(115сөз) (А.Мамырова. Дидактические материалы. Алматы, «Мектеп»: 2011.
Грамматикалық тапсырмалар.
1. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар.
І нұсқа Ақпараттарды, жадында, береміз
ІІ нұсқа Сақталады, мәліметтерді, шығармау
2. Фразеологиялық тіркестердің мағыналарын анықтаңыздар.
І нұсқа Жүрегінің түгі бар - Төбе шашы тік тұрды -
ІІ нұсқа Таяқ тастам жер - Қой аузынан шөп алмас –
3. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.
І нұсқа – 1-ші абзац ІІ нұсқа – 2-ші абзац
4. Сөздердің синонимдерін жазыңыздар.
І нұсқа – адам, ақпарат ІІ нұсқа – барлық, жедел
5. Тақырыпқа байланысты да, әрі, де, сондықтан, немесе, алайда жалғаулықтарымен 4-5 сөйлем құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру, мазмұндаманы орфографиялық, пунктуациялық нормаларға жаза алуын бағалау.
Мазмұндама: Мәтін стандарттың міндетті деңгейіне сәйкес алынып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем-дағдыларын анықтауға бағытталған.
Апорт
 
    Алматы апортының өзіндік тарихы бар.Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді.Ол от-арбамен Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен.Ол Оралда апорт алмасын өсірген.Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып,баптап-күтіп ала келеді.Алматы жеріне отырғызады.
Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып,жеміс береді.Бір ғажабы,жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі.Сөйтіп,ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып,көбейтілді.Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.
Апорттың бір ерекшелігі, ол басқа алмалардай кез келген жерде өспейді. Тек қана топырағы шұрайлы тау беткейінде, теңіз деңгейінен 900 – 1200 метр биіктікте жақсы өседі. Мұны бау-бақша зерттеуші ғалымдар дәлелдеп те отыр. Тіпті тарихтан белгілі бір жайт, СОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Леонид Брежнев өзі билік құрған жылдары Алматыдан Кремльге апорт алмасының үздіксіз жеткізіліп тұруын күн бұлжытпай орындайтын тапсырма ретінде өзінің көмекшілеріне жүктеген көрінеді. Міне, мұның өзі Алматы апортының маңызы қаншалықты болғандығын көрсетсе керек. (135 сөз)
Мысалы: I. Кіріспе II.Негізгі бөлім III.Қорытынды бөлім IV.Толықтыру. 4.Мәтінді екінші рет оқу,не өте жақсы оқитын оқушыға оқыту.Бұдан соң мәтінді 2-3 оқушыға жоспар бойынша әңгімелетеді. 5.Тілдік тапсырмалармен байланыстырады.Ол үшін тірек сөздерді қолдану,сөйлемнің сөз тіркестерін білгілі бір үлгілерін қолдану т.б. осы сияқты тапсырмалар арқылы жүзеге асыру қажет. 6.Дұрыс жазу.Қазақ тілінде ауызша тіл мен жазбаша тілде кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтінін оқушыларға ескерту керек. 7.Үндестік заңын ескерту. 8.Мазмұндама жазу. V. Үйге тапсырма беру: ережелерді қайталау.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру, мазмұндаманы орфографиялық, пунктуациялық нормаларға жаза алуын бағалау.
Мазмұндама: Мәтін стандарттың міндетті деңгейіне сәйкес алынып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем-дағдыларын анықтауға бағытталған.
ҚожанасырБір бай той жасапты.Тойға көп адам келіпті.Қожанасыр да келіпті.Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен.Қожаны ешкім елемепті,бұған төрге шық, тамақ же демепті.Қожа ақырындап далаға шығыпты.Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп,қайта келіпті.Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде: -Қожаке,алыңыз,алыңыз!-деп қадірлепті.Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып: -Же,шапаным ,же,-деп отыра беріпті.Үй иесі өкпелеп: -Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?-дейді. Сонда Қожа: -Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің.Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,-деп жауап беріпті. (98 сөз) 
Мазмұндау жоспары.
Қожанасырдың тойға келуі.
Тойда Қожанасырды елемеуі.
Жақсы киімдерін киіп келуі.
Қожаға төрден орын беру жайлы.
Үй иесінің өкпелеуі жөнінде.
Тапқыр оймен жауабы.
Қойылатын талаптар
Орындалатын жұмыс түрі Тақырыптың ашылуы Ой жүйесі Емле қателері Тыныс белгілері Өзіндік ерекшеліктері Стилі Жалпы балл саны
5 5 5 5 5 5 5 5
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.
Ғалымның еңбектері
Әл-Фараби жақсы дәрігер болғаны белгілі. Ол медицина ғылымы жөнінде пікірлер айтқан. Мысалы: «Шаш пен сақал өседі, қас пен кірпік бір қалпынан асып көп өсе бермейді. Бұл оның түбіне қан тамырларының тарауына байланысты» дейтін түсініктемелері бар.
Әл-Фараби ғылыми еңбектерді көп жазған адам. Бірақ әл-Фараби өз еңбектерін жинап, тәртіпке келтіріп қоюға онша ұқыпты қарамаған тәрізді. Оның саяхатшылық өмірінің өзі де оның еңбектерінің жоғалып кетуіне көп себеп болған.
Солай бола тұрса да, оның жазған еңбектерінің белгілі санының өзі жүзден асады. Олардың көпшілігі арабша жазылған. Оның арабша еңбектерінің бірсыпырасы өткен ғасырдың аяқ кезінде және үстіміздегі ғасырдың бас кезінде: Каирде, Стамбулда, Лейденде, Лондонда, Берлинде, Ленинградта және тағ басқа жерлерде басылған. (105 сөз)
Бағалау: «5» деген еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (1/0) қойылады. «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар қойылады. «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар, (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/9) қойылады. «2» деген баға «3» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен жатжазуға қойылады.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.
1. Термин сөздердi табыңыздар.
А) сөз, буынВ) пай-пай, қапС) ұрпақ, мұғалiмД) бүгiн, кешеЕ) ғанибет, пәтер
2. Белгілі бір ғылым саласында ғана қолданылатын сөздер – ...А) диалект сөздер
В) термин сөздер
С) кәсіби сөздерД) тарихи сөздер
Е) ғылыми сөздер
3. Қысқарған сөзді табыңыздар.А) кг, ТМД
В) Қызылорда, Ақтөбе
С) сөйтіп, ештеңе
Д) әркім, әлдекім
Е) өнерпаз, суреткер
4. Газет-журналдар тілі қай стильге жататынын анықтаңыздар.
А) публицистикалық стиль В) ғылыми стиль С) ресми стиль Д) әдеби стиль Е) ауызекі сөйлеу стилі
5. «Жаңа сөз» деген мағынаны беретін терминді табыңыздар.А) архаизм
В) историзм
С) идиома
Д) метонимия
Е) неологизм

6. Қысқарған сөздерді табыңыздар. А) тасбақа, өндіріс В) ата-ана, есепші С) ҚР, ТМД, журфак Д) кеше келді, күндіз Е) баспахана, азды-көпті
7. Стилистика қай тілдің сөзі екенін анықтаңыздар.
А) араб В) латын С) орыс Д) грек Е) француз
8. Публицистикалық стильдің жазбаша түрін көрсетіңіздер.A) ЛирикаB) ПовестьC) ПьесаД) МақалаE) Поэма
9. Неологизмді көрсетіңіздер.А) жалпыВ) жалынС) ғарышкерД) оймақ Е) кебеже
10. Термин сөздерді табыңыздар.А) жаздыр, келтір, оқыт
В) пай-пай, туу, қап
С) сөз, сөз тіркесі, буын
Д) кеше, бүгін, алда
Е) болашақ, ұрпақ

11. Жаңа сөздер немесе неологизмдердің анықтамасын табыңыздар.
А) тілдегі тұтас сөздердің жиынтығы
В) қолданыстан шығып қалған сөздер
С) белгілі бір кәсіпке байланысты сөздер
Д) тілдегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер
Е) ауыспалы мағынаны білдіретін сөздер
12. Ғылым мен техниканың әрбір саласына байланысты қолданылатын арнаулы сөзді табыңыздар.А) саяхат В) табиғат С) термин Д) сахна Е) диалог
13. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыздар.
A) Аяғымен кезек тебу.B) Беті ашық шелек.C) Еламан түршігіп кетті.Д) Қуаныш ұзағынан болсын.E) Төргі бөлмеде.
14. Архаизм сөздердің анықтамасын белгілеңіздер. A) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер. B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер. C) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері. Д) Басқа тілден енген сөздер. E) Қолданыстан шығып қалған сөздер.
15. Бірігу арқылы жасалған зат есімді көрсетіңіздер.
А) белбеу
В) ауыл-аймақ
С) Ертіс өзені
Д) қағаз
Е) ата-ана

16. Интернационалдық терминді табыңыздар.
А) өмір, өзен В) заман, дәуір С) телефон, атом Д) жүрек, тыныс Е) қойылым, роль

17. Қос сөзді көрсетіңіздер.
А) бел буу
B) бейне жазба
С) бәйге ат
Д) бәле құмар
E) бәле жала
18. Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыздар.
А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
B) Ешкімге сездірмеймін деген едім.
С) Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды.
Д) Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ.
E) Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды.
19. Қазақ тілінде стильдің қанша түрі бар екенін табыңыздар.
А) 4
В) 5
С) 6 Д) 3 Е) 2
20. «Кепілхат, сенімхат» стильдің қай түріне жататынын көрсетіңіздер.
А) публицистикалық стиль В) ғылыми стиль С) ресми іс қағаздар стилі Д) көркем әдебиет стилі Е) ауызекі сөйлеу стилі

21. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіздер.
A) балалы-шағалы B) үп-үлкен C) қып-қызыл Д) төбе-төбе
E) алыс-жақын
22. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіздер.
A) дефис арқылы
B) бірге C) бөлек Д) сызықша арқылы
E) үтір арқылы

23. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыздар.
А) ұстаз шәкірт, бала шаға
В) өнер білім, лала гүл
С) ата ана, әке шеше
Д) ата мекен, киіз үй
Е) ойын күлкі, жақсы көңіл
24. Ресми іс қағаздары стилі дегенді табыңыздар.
А) жеке адамның, ұжымның, фирманың, мекеменің атқаратын қызметіне байланысты пайда болған жазбаша, ауызша қарым-қатынас құралы
В) көркем шығармада қолданылатын сөздер
С) жергілікті диалектілер
Д) термин сөздер
Е) әдеби сөздер
25. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыздар.
А) қарақат, сексен, бәйшешек, биыл
В) ата, ана, қадір, қасиет, ине, жiп
С) Ұлпан, ешқашан, таңертең, бүгiн
Д) қыстыгүнi, түрегел, әпер, бiлезiк
Е) көкпар, қолөнер, сайыс, жарқанат
Қазақ әдебиеті пәні бойынша 11-сыныпқа арналған І тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін жүйелі, сауатты, өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру.
Мазмұндама: Мәтін стандарттың міндетті деңгейіне сәйкес алынып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем-дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спортшы Бейбіт
Бейбіт сыныптағы балалардың ең кішісі әрі нәзігі еді. Мүнысы, әсіресе, дене шынықтыру сабағында айқын аңғарылатын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Онысына өзі де намыстанатын. Бойының аласалығынан ба, жоқ әлде сыныпта өзі аттас тағы бір оқушының болғандығынан ба, балалар оны «кішкентай Бейбіт» деп атайтын. Ал сол кішкентай Бейбіт жүгіргенде құстай ұшып, жарыстың алдын бериейтін.
Тез өсіп, үлкен болу оның арманы еді. Ағалары ауланың бір бұрышына турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып, ақырында ұршықтай айналатын болды. Дене шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды. Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.
Бастауыш мектепті бітірген жылдың жазында спортқа әуес бір топ ауыл балалары бокс үйірмесіне қатысатын болды. Олардан кішкентай Бейбіт те қалмады. Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт алған бетінен ұайтпады, бокс өнеріне деген ынта-ықыласы арта түсті.
Мазмұндау жоспары.
«Кішкентай Бейбіт» деп аталуы.
Бейбіттің арманы.
Бокс үйірмесіне қатысуы.
Қойылатын талаптар
Орындалатын жұмыс түрі Тақырыптың ашылуы Ой жүйесі Емле қателері Тыныс белгілері Өзіндік ерекшеліктері Стилі Жалпы балл саны
5 5 5 5 5 5 5 5

Приложенные файлы


Добавить комментарий