18-Саба? .Кескінді жа?сарту. Т?стер


18-Сабақ .Кескінді жақсарту. Түстер
Сабақтың мақсаты:
Сурет түсін баптауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: сурет түсін баптайтын бұйрықтарды.
Оқушылар үйренуі тиіс :түс теңгерімін, реңін, қанықтығын , ашықтығын, кереғарлығын (контраст) баптауды; шегін, растрлық суреттерді пастерлеу әдістерін қолдану .
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңіII Сабақтың мақсат –міндеттерін қоюIII Білімді тексеру
Мұғалім оқушыларға сәйкестікті орнатуды ұсынады :
1.Бірегей түстегі сурет аймағының кішіреюимен , ақпараттарды 1. GIF
жоғалтпай сығуға мүмкіндік беретін , қолданатын түстер саны 256-ға тең пішім
2 GIMP программасының «Негізгі»пішімі. 2.XCF
3 Windows операциялық жүйесінің әмбебап растрлық пішімі. 3.BMP
4Фон мөлдірлігін сақтауды қамтамасыз ететін және GIMP 4.PNG
программасында ғана емес қолдану мүмкіндігінің пішімі. 4PNG
5. Пішім сканерленген фотосуреттер мен иллюстрацияға тиімді
Алгоритмін жүзеге асыратын растрлық графикалық файлдардың пішімі. Кемшілігі –ақпараттарды жоғалту.

§14 соңында берілетін « Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері :
1 2 3 4 5 6
D A B D C C
IV Білімді өзектендіру
Мұғалім түсін жақсартуды қажет ететін фотосуретті көрсетеді. Мысалы , өте күнгірт
немесе анық емес кескін.
Сұрақтар:
Берілген суреттерде қандай кемшіліктер бар?
Бұл кемшіліктерді түзеге бола ма?Суреттер жақсы көрінуі үшін қандай амалдар қолдану керек?
-Бүгін сабақта біз сурет үшін түстерді жақсарту амалдарын қарастырамыз.
Мысалы, ашықтығын( яркость), кереғарлығын(контраст) өзгерту.
V Жаңа материалды түсіндіру
Оқушылар өз компьютерлерінде GIMP графикалық редакторын ашып, оның сурет терезесіне жүктейді . Оқушылар жүктелген кескінге өз беттерінше бұйрықтарды орындайды.
Бұйрықтардың іс-әрекеттерінің нәтіжесін талқылау .
Мұғалім оқушыларға қызыл көз әсерін алып тастауға фотосурет ұсынады. Оқушылардан бұл мәселені қалай шешуге болатынын сұрайды . Оқушылармен бірге Жақсарту сүзгісінің кызметін талқылайды .
VI Өтілген материалды бекіту
Деңгейлік тапсырмаларды орындау .
VII Қортындылау
Сабақта жұмыстарды бағалау.
VIII Үйге тапсырмасы
§ 15-ті оқу, бақылау сурақтарына жауап беру , тәжірибелік жұмысты аяқтау .
Келесі сабақта контурлы суретті бояу үшін электрондық нұсқасын дайындау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий