?оз?алыс?а байланысты есептерматематика п?нінен


Сабақтың тақырыбы Қозғалысқа байланысты есептер шығару
Сабақтың мақсаты Көп таңбалы сандарды көбейту мен бөлуді пысықтау, қозғалысқа байланысты есептер шығару арқылы талдауды үйрету. Арифметикалық амалдардың орындалу ретін меңгерту.
Сабақтың міндеті Ұжыммен жұмыс істеу арқылы белсенділік қаблеттерін дамыту;
Үлестірме қағаздар арқылы көп таңбалы сандарды көбейту мен бөлуді пысықтау;
Сызбамен жұмыс істеу арқылы талдай білуге үйрету.
Негізгі дерек көздері Үлестірме қағаз, сызба, интерактивті тақта
Сабақта қолданылатың модулдер Білім беру мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,АКТ, СТО
Сабақта пайдаланылатын әдіс - тәсілдер Топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма, логикалық тапсырма
Күтілетін нәтиже Жылдамдық, уақыт, қашықтықтағы түрлі күрделенген есептерді талдау, дәлелдеу арқылы шығара алуды үйренеді
Сабақтың кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс – әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларға стикер тарату арқылы топқа отырғызу және топ ережесімен таныстыру Берілген түс бойынша өз тобын тауып алады және топ ережесімен танысады
Негізгі бөлім
Қызығушылықты ояту Ауызша есептеудің жауаптарын тексеру. Өрнектің ауызша жауабын айту
Математикалық диктант 5 км қанша метр бар?
10 сағатта қанша минут бар?
Жүк машинасы 180 км қашықтықты 3 сағатта үріп өтті оның жылдамдығын тап? (60 км/ сағ)
Мотоциклші 150 км жолдысағатына 50км жылдамдықпен жүрсе, қанша уақыт жолда болды? Топпен жұмыс.
Әр топқа үлестірме түрінде әр түрлі сөз есептер беріледі.
I – топ: Санжар және Болат велосипедпен бір уақытта ауылдан өзен жаққа қарай шықты. Санжар 250 м/мин жылдамдықпен қозғала отырып, 20 минуттан кейін өзен жағасына келіп жетті. Егер Болат 200м/мин жылдамдықпен қозғалған болса, онда Санжар екеуінің арасындағы қашықтық қандай?
II – топ: А және Б ауылына дейінгі арақашықтық 120км. А ауылынан шыққан велосипедші 15 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Кестені толтыр: мұндағы, s- велосипедші жүріп өткен арақашықтық, ал d – Б ауылына дейінгі оған әлі жүру керек арақашықтық.
T 1 cағ 2 сағ 3 сағ 4 сағ
S 15 30 45 60
D 105 90 75 60
III – топ: А ауылынан шыққан велосипедші 15 км/ сағ жылдамдықпен жүрді. Ал Б ауылынан оған қарама – қарсы бағытта шыққан екінші велосипедші 20 км/ сағ жылдамдықпен жүрді. Егер олар 3 сғаттан кейін кездескен болса, онда еі ауылдың арақашықтығы қандай?
IV –топ: А ауылынан сағат 10 – да 12 км/сағ жылдамдықпен велосипедші де жолға шықты, оның жылдамдығы біріншіден 3 км/сағ артық. Егер екі ауылдың арасы 60 км болса, онда олардың қайсысы Б ауылына бұрын жетеді.
Оқушылар алдарына берілген сөз есепті топпен шығарады.
I – топ:
Ш:
Ж: арақашықтығы 1000км
II – топ:
Ш:
T 1 cағ 2 сағ 3 сағ 4 сағ
S 15 30 45 60
D 105 90 75 60
III – топ:
Ш:35*3 =105
Ж:105 км
IV –топ:
Ш:1 – 5 сағ, 2- 4 сағ
Ж:2 велосипедші тез етеді.
«Қай топ жылдам» ойыны № 4 есеп 33 бет, Теңдеулердің жұбын тап. «Қай топ жылдам» ойыны түрінде беру. Алдарына а4 түрінде теңдеулер беріледі.
2000 – х = 520*2 (2000-х)*2=520
2000 - х = 520: 2 (2000-х):2=520 Топпен жылдам 4 теңдеуді шығару арқылы жұп теңдеулерді тауып алу қажет.
2000 - х = 520: 2
(2000-х) * 2= 520
Сергіту сәті Интерактивті тақтада бейне көрсетілім арқылы демалу Қимылдарды қайталау
Тақтамен жұмыс №6 есеп, Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектердің мәнін табу:
Зерттелетін оқушылар тақтада орындайды, қалған оқушылар орындарында орындайды.
(98 577+740160:72*30)*23-487 582=8872889
5300*62-(800 007- 697 498) + (24*350+147 986)=382477
(700 074-269574): (3 090+6 560: 16)=123
Қалғандары орындарында жұмыс жасайды
Деңгейлік тапсырма Әр оқушыға үлестірме қағаз беру
ші деңгей: Жүк поезы 3 сағатта 120 км жол жүрді. Ол қандай жылдамдықпен қозғалған?
ші деңгей: Үйден бір мезгілде шыққан 2 адам бір – бірінен қарама – қарсы бағытта жүріп кетті. 2 сағаттан соң олардың арасы 18 километр болды. Біреуінің жылдамдығы 4 км сағат болса, екіншісі қандай жылдамдықпен жүрген?
ші деңгей: 2 машина бірдей жылдамдықпен жүріп, біріншісі жолда 8сағат, ал екіншісі жолда 3 сағат болды. Бірінші машина екіншісінен 320 км артық жүрді. Әр машина қанша километр
жол жүрді? Шешуі:120 : 3 = 40
Жауабы: 40 км/ сағ
Шешуі: (18 : 2 ) – 4 = 5
Жауабы: 5 км /сағ
Шешуі: 8 – 3= 5
320 : 5 = 64
64 * 8 = 512, 64 * 3 = 192
Жауабы: біріншісі 512 км, екіншісі 192.
Бағалау Формативті бағалау
Жауап беріп отырған оқушыларға смайликтер беріледі, сол арқылы бағалаймыз. Рефлексия Кері байланыс
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақта немен таныстыңдар?
Әр топқа стикер беріледі, сол стикерге өз пікірлерін азады. Үй тапсырмасы 33 бет, № 5, 7
Қозғалысқа бағытталған есептерді меңгерту
А – Әділ - Света
Б – Айжан- Фаузия
С – Айгерім - Торгын
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі»ММ
Ашық сабақ
4 «А» сыныбында өткен
Lesson Study -3 сабақ
Тақырыбы: Қозғалысқа байланысты есеп шығару
Сынып жетекшісі:Шарденбаева Ж.К
Қостанай қаласы
2013 - 2014 оқу жылы

Приложенные файлы


Добавить комментарий