Химия п?нінен саба? жоспары Коваленттік байланыс


Күні: 10.12.2016ж
Сынып: 8
Пән: химия
Мұғалім: Тилеумбетова Г.Н.
Сабақтың тақырыбы: Коваленттік байланыс.
Сабақтың мақсаты: І-ІІІ период элементтерінің атомдарындағы электрондардың орналасуы туралы білімін бекіту. Атом құрылысының белгілі заңдылықтары негізінде химиялық ковалентті байланыстардың түзілу мәнін таныстыру, ковалентті байланысқан жай заттардың электрондық формуласын құру білігін қалыптастыру. Өз беттерінше жұмыс істеу, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Өзіндік ой-қорытуға, өз-өздерін бағалай білуге, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақ типі: жаңа материалды игеру
Әдіс-тәсілдері: миға шабуыл, іздену, СТО, Жигсо,Вен диаграммасы.
Формасы: топтық
Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, буклет «Химиялық байланыстардың түрлері», бағалау парағы, кластер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу(фигураның түсіне қарай 3 топқа бөлу).
2. Өткен тақырып бойынша білімін тексеру
«Иә, жоқ» ойыны
1. Алюминийдің салыстырмалы атомдық массасы -27 (иә)
2. Атом протон мен нейтрондардан құралған.(жоқ)
3. Атом ең кішкене, бөлінбейтін, зарядсыз бөлшек. (иә)
4. Электрон теріс зарядқа ие. (иә)
5. Ядродағы нейтрон саны элементтің реттік нөміріне тең. (жоқ)
6. Протий, дейтерий, тритий – сутектің изотоптары. (иә)
7. Ядроға ең жақын қабат сегіз электронмен аяқталады. (жоқ)
8. Гүл тәрізді электрон бұлтын s-орбиталь деп атайды. (жоқ)
9. Натрий атомында 11 электрон бар. (иә)
10. Азот атомының электрондары үш энергетикалық деігейлерінде қозғалады. (жоқ)
11. Күкірт атомының сыртқы деңгейінде 5 электрон қозғалады. (жоқ)
12. Темір 8 топ қосымша топшада орналасқан d-элемент. (иә)
Бағалау: 3-5 сұрақ- 2 балл
6-8 сұрақ - 3 балл
9-10 сұрақ - 4 балл
11-12 сұрақ – 5 балл
3. Жаңа материалды оқыту.
Химиялық байланыстың түзілуі:
Байланыс түзуші бөлшектер Әр түрлі химиялық байланыстың түзілу механизмі Байланыс қалай түзіледі Химиялық байланыс түрлері Әр түрлі химиялық байланыстағы заттарБейметалл атомда рының бір түрі
 
Бейметалдардың әр түрлі атомдары 
Н·+·Н→Н:Н
:СІ·+·СІ:→:СІ:СІ:
 
Н·+СІ:→Н:СІ:
Электрондардың жұптасуы арқылы
Электрондардың жұптасуы арқылы
 
Ковалентті полюссіз 
Ковалентті полюсті 
Н2, СІ2, О2, Вr2, F2, N2
 
 НСІ, НВr, НI, Н2S, т.б.
 
Әр топтың ішінен өздеріне жетекшісін сайлап алады.Топ жетекшісі өз кезегінде топтың әр мүшесіне жеке –жеке тапсырмалар бөліп береді де белгіленген уақытта әрбір топ мүшелерінің жинастырған материалдарын ортаға салып талқылайды да, кестені толтыруға кіріседі. Кестені толтырып болғаннан кейін топтың әр мүшесі немесе жетекшісі қалған басқа топқа өздерінің проблемаларын қалай шешкендігін түсіндіріп береді. Мұғалімнің рөлі тек бағыттаушы немесе жол сілтеуші, әрбір оқушы өз бетімен ізденіп топтың алдындағы проблеманы шешуге атсалысады. Белгіленген уақыт біткеннен кейін,әр топ кестені толтырып, қойылған проблеманы қалай шешкендерін басқа оқушылар алдында талдап, өз ойларын айтады.
1топқа: Ковалентті байланыстың ерекшелігі, түзілу механизмі.
2топқа: Ковалентті полюссіз байланыстың ерекшелігі,түзілу механизмі.
3топқа: Ковалентті полюсті байланыстың ерекшелігі, түзілу механизмі.
4. Сергіту сәті
Тақырып бойынша негізгі термин сөздерді оқушылар үш тілде атап шығады:
Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
байланыс cвязь bond
химиялық байланыс химическая связь chemical bond [ˈkeməstri ]
ковалентті байланыс ковалентная связь covalent bond
полюсті(полярлық) байланыс полярная связь polar bond
полюссіз(бейполярлық) байланыс неполярная связь non-polar bond
5. Жаңа тақырыпты қорытындылау
Венн Диаграммасы: Айқыстырылып екі үлкен дөңгелек сызылады. Ортаңғы бөлігіне ковалентті полюсті және полюссіз байланыстардың ортақ мәліметтін жазамыз, жеке бөліктерге әр байланыстың өзіне тән айырмашылықты жазамыз.
Қосымша тапсырма: НCl, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген. Көрсетілген заттардың қайсысы ковалентті полюсті, қайсысы ковалентті полюссіз байланысқан.
6. Үйге тапсырма: §63 ереже жаттау, 169 бет №3
7. Бағалау
Өз бөлігін түсіндіргені үшін-4балл
Кесте толтырғаны үлесі үшін-3балл
Кесте қорғағаны үшін-3 балл
7-9 балл- «3»
10-12балл- «4»
13-15балл- «5»
8. Рефлексия
Қызыл және жасыл парақтарымен өздерінің көңіл күйлерін көрсетеді.

Приложенные файлы


Добавить комментарий