?зін-?зі тану п?ні бойынша саба? жоспары Мейірімділік — асыл ?асиет (4 сынып)


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі
Сынып: 4а
Тақырып:Мейірімділік-асыл қасиет
Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: мейірімділік, сыйластық, қайырымдылық
Мұғалiм: Шукирова Кымбат Байзуллиновна
Сабақтың мақсаты: Мейірімді болудың асыл қасиетін түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушыларға «мейірім», «жақсылық жасау» туралы түсінік беру;
Оқушыларды мейірімді іс жасауға, қайырымды болуға дамыту;
Оқушыларды жақсылық жасай білуге, сыйластыққа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «5-Т» қайталау.
Күлім қағып қолымды
Бір екі үш деп соғайын
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын
Жылы жылы жүзбенен
Маңдайыңнан сипайын
Жылы жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын
Ыстық алақаныңмен
Қолыңды бер қысайын
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып қысайын
Тыныштық сәтi.(баяу әуен) Орманға ойша серуен
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Үй тапсырмасын тексеру.
Мейірімділік тақырыбына байланысты сұрақтар қою:
Мейірімділік –асыл қасиет дегенді қалай түсінесіздер?
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз.
Мейірімділік – жүректен
Нақыл сөз
Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?
Оқушылар дәйексөздің мағынасын талдап болған соң 2рет қыздарға айтқызу, 2рет ұлдарға айтқызу. Дәйексөзді дәптерге жазып,жаттап алу. Оқиға айту, әңгiмелеу
Екі дос және қария
Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты. Бір кұні олар бірге отырып, ұлы ерліктер жасау туралы армандайды, соның арқасында олардың есімдері ғасырлар бойы жоғалмайды деп отырғанда, сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан, ұсақ-түйекпен айналысуға уақытым жоқ дейді. Ал Сауран болса үнсіз орнынан тұрды да, су әкеліп береді. Осы әңгімеден соң көмек беру үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.Тағы бірде достар төбе басында отырса, оларға қария келді де, тамақ сұрайды.-Бөгет жасама, - дейді оған Арман,- сен бар болғаны қария ғанасың, ал мен болсам жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.Ал оның досы болса орнынан тұрып, киіз үйден нан әкеліп, оны қарияға берді. Қария Сауранға алғысын айтады да, былай дейді:-Қалтасы тесік жан ғана кедей емес. Кімнің жан дүниесі болса да, сол кедей. Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес, айналасындағыларға көп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бола алады. Сірә, Арман сияқты жігіт қайдағы бір қарияның сөзін тыңдаушы ма еді? Ол күні бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны, қайырымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатыны жайында айтумен болды.Ал Сауранның бос сөйлеп уақытын кетіруге мұршасы болмады. Ол қарттар мен ауруларға көмектесті, әлсіздерді жұбатты. Уақыт өтіп жатты. Достардың біреуі мылжың, сараң болды. Ал Сауран өзінің жастығына қарамастан, ауылдағы қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамдардың бірі болды. Қайрымды да, ақылды жас жігіттің даңқы алысқа тарады. Адамдар тіпті оның құрметіне орай бір тауды соның атымен атаған дейді. Ал Арман туралы ешкімнің еске алмағанына көп уақыт өтіпті.
Екі дос не туралы армандады?
Олардың іс-әрекеттері қандай еді?
Не себепті таудың атын Сауран қойған?
Үлкендердің алғысына бөлену үшін қандай қасиеттер болу керек? Әңгімелеп бер.
Сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар 3топқа бөлінеді.Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма
1топ: Соқыр мен тиын
Бірде соқыр адам зәулім ғимраттың алдында қол жайып, тиын сұрап отырыпты. Қасында тұрған қатты қағазда «Мен соқырмын. Мейірімді жандар, өтінемін, көмектесіңдер», - деген жазу жазылған екен. Бір бейтаныс адам қасынан өтіп бара жатып, тоқтайды. Әлгі жолаушының қалпақта жатқан бірді-екілі тиынын көріп, аяп кеткен көрінеді. Қалпаққа бірнеше тиын тастаған әлгі бейтаныс оның рұқсатынсыз қатты қағаздың бетіндегі сөздерді басқа сөздерге ауыстырып (жазып), қош айтысып кете барған. Жұмыстан қайтып келе жатқан жолда соғып, қалпақтың тиын мен ақшаға толып қалғанын көреді. Соқыр адам оны жүрісінен танып, қатты қағазды сен өзгерттің бе деп сұрайды. Оның қағазға не деп жазғанын бар ынтамен білгісі келді. Ал бейтаныс өткінші: -Жалған болатындай ештеңе емес. Мен оны жай ғана кішкене өзгертіп жазғым келді,-дейді. Жымиып қана, өз жолынан қалмай кете барған. (Бейтаныс өткінші қандай сөз жазды?)
2топ: Бір ананың жеті қызы
Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетті. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірген бойда қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
Мен сізді күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым, - деді біріншісі.
Мен сізді бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,- дедді екіншісі.
Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым, - деді үшіншісі.
Мен сізсіз гүл таппаған ара сияқтымын, деді төртіншісі.
Сіз менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндіңіз.-деді бесіншісі.
Шие бағын іздеген балбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым,- деді алтыншысы.
Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол ..........(Жетінші қызы анасын қалай қарсы алды?)
3топ: Екі қасқыр
Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:
-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, ақиқат, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...
Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:
-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?
Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті: (атасы қалай жауап берді?)
2 тапсырма
Мейірімділік кестесін толтыру (Бірінші бағанға-мейірімді істердің, екінші бағанға- мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар)
3 тапсырма Мейірімділікке жету (постер қорғау)
Жаттығу: «Өзін-өзі жарнамалау»
Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 5-10 минут ішінде өзінің психологиялық ерекшеліктерін,бойындағы қасиеттерін, жетістіктерін көрсетіп хат жазады. Хатқа қолын қойып,оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң жүргізуші автордың атын оқымай,тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Ойында хатқа талдау жүргізіледі. Хат авторын табу керек. Топпен ән айту
«Мейірімді болайықшы ағайын»
Сөзі: С.Қали Әні: Қ.Махан
Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.
Өзімізге қалатұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де, болса деп!
Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.
Қаратайық Құбылаға жүздерді,
Таратайық адамзатқа жылылық!
Үй тапсырмасы.
Мейірімділік туралы аңыз әңгімелер оқып келу. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Барлығыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!

Приложенные файлы


Добавить комментарий