Символды? м?ліметтермен амалдар орындау (9 сынып)


Тақырыбы: Символдық мәліметтермен амалдар орындау
Білімділігі: Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой- өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушы символдық шамаларды өз бетімен есептей алады.
Сабақ барысы:
1. Амандасу
2. Үй тапсырмасы.
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау
1.Амандасу бөлімінде оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды анықтау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. real-нақты
2.string-жолдық
3.if-егер
4. read-оқу
5. логикалық типті өрнек - шарт
6.қабылдайтын мәндер жиыны мен форматын не деп атайды- типі
7.integer- бүтін
8. char-символдық
2. Жаңа сабақ. Мәні символ (әріп, цифр, таңба) болатын айнымалы символдық айнымалы деп аталады.
Турбо Паскальда мәтіндік айнымалыларды өңдеу үшін string типі қолданылады. (string-жол)
Символдық айнымалының ұзындығы деп ондағы символдардың санын айтады.
Әр тұрақтының ұзындығы (мәтіндегі символдар саны) 255-тен артпайды.
Символдық тұрақтының әр символы 1-ден бастап солдан оңға қарай бүтін сандармен нөмірленеді.
Мысалы: а1:='кітап'; а1 айнымалысы жадыда былайша орналасады:
0 1 2 3 4 5
5 к і т а п
0 -байтта символдық айнымалының ағымдағық ұзындығының мәні орналасады. Символдық айнымалы Type немесе VAR бөлімінде сипатталады.
Оның жалпы түрі:
Type символдық типтің аты = string [айнымалының символ саны];
Var символдық айнымалы аты: типтің аты; немесе
var символдық айнымалы аты: string;
Мысалы: 1) type b1=string [6];
b2=string;
var a1:b1;a2:b2;
2) var x:string[10];
y: string;
string сөзінен кейін символ саны көрсетілмесе, ол айнымалыға жадыдан 255 орын бөлінеді.
Символдық айнымалыларға стандарт функциялар және прцедуралар қолданылады.
Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары.
lenght(а) - функциясы а символдық айнымалының ұзындығын табады.
функция нәтижесінде бүтін типті сан шығады.
Мысалы: var a,b:string[10];
begina:='кітап';
b:='54654';
k:=length(a); writeln('а жолының ұзындығы =', k);
writeln('b жолының ұзындығы=', lenght(b));
end.
concat (a1,a2) - функциясы а1 және а2 жолдық айнымалыларды біріктіреді.
(concat- конкатенция - біріктіру). функция нәтижесінде жолдық айнымалы шығады. мысалы: а1:='қалам';
a2:='сап'
b:=concat(a1,a2);
writeln(b);
программаның орындалу нәтижесінде "қаламсап" сөзі шығады. Екі жолды біріктіру үшін "+" таңбасын да қолдануға болады.
Мысалы: а1:='информатика';
b:='ғылымы';
Writeln(a+b);
copy (a,n,k) - функциясы а жолының n-ші символынан бастап к символ көшіріп (немесе қиып) алады.
Мысалы: copy('қаламсап',3,2)→'ла'
copy('кітап',1,1)→'к'
pos(a1,a2)- функциясы а2 жолындағы а1 ішкі жолының басталу позициясын көрсетеді, егер а2 жолында а2 жолы жоқ болса, онда функция мәні 0-ге тең болады.
Мысалы: pos ('ка', 'информатика')→10
pos ('та', 'информатика')→0
pos('cd','abcdcdrf')→3
Әрбір символға компьютерде 0 мен 255 аралығындағы бүтін санды код сәйкес келеді. Символдар кодының кең тараған түрі ASCII коды. ASCII -де символдардың коды 32-ден басталады. 0-ден 32-ге дейінгі компьютердің ақпартпен түрлі жұмыс істеуіне арналған басқарушы кодтар.
паскаль тілңнде символдардың ASCII кодытар кестесіне сәйкес кодын анықтайтын және оған керсінше, 0-ден 255-ке дейінгі бүтін санды кодқа сәйкес символды беретін 2 қарама-қарсы стандарт функциялар бар.
ord функциясы символдың сәйкес кодын табады. (ordinal value - реттік мән)
Мысал: ord('A')→65
ord('a')→97
chr функциясы кодқа сәйкес символды береді. (character- символ)
Мысалы: chr(65)→'A'
chr(49)→1
Бұл функцияны # (диез белгісі) символымен алмастыруға болады.
Мысалы: # 65→'A'
Сабақты бекіту.
Тапсырмалар:
№1 есеп /сәттілік/
а1:='сәт';
a2:='тіл';
a3:='кішілік';
a4:=copy(a3,6,2);
b:=concat(a1,a2,a4);
writeln(b);
№2 есеп /бақыт/
а1:='бақа';
a2:='сауыт';
a3:=copy(a1,1,3);
a4:=copy(a2,4,2);
b:=concat(a3,a4);
writeln(b);
№3 есеп /ізгілік/
c1:='із';
c2:='гүл';
с3:='іні';
с4:='сәйгүлік';
a:=copy(с2,1,1);
b:=copy(с3,1,1);
k:=copy(с4,6,3);
writeln(a+b+k);
№4 есеп /ілтипаттылық/
а1:='білім';
a2:='тип';
a3:='ат';
a4:='тылық';
a5:=copy(a1,2,2);
b:=concat(a5,a2,a3, a4);
writeln(b);
№5 есеп / еңбекқор/
а1:='Еңлік';
a2:='Кебек';
a3:='қоры';
a4:=copy(a1,1,2);
a5:=copy(a2,3,2);
a6:=copy(a3,1,3);
writeln(а4+а5+а6);
№6 есеп /Махаббат/
а1:='Маханбет';
a2:='бекетіне';
a3:='барып';
a4:='қайттым';
d1:=copy(a1,1,4);
d2:=copy(a2,1,1);
d3:=copy(a3,1,1);
b4:= copy(a4,2,1);
b5:= copy(a4,4,1);
writeln(d1+d2+d3+d4+d5)
№7 есеп / ізеттілік/
а1:='ізгі';
a2:='қасиет';
a3:='тілек';
a4:='мендік';
a:=copy(a1,1,2);
d:=copy(a2,5,2);
c:=copy(a3,1,3);
l:= copy(a4,5,2);
writeln(a+d+c+l);
№8есеп / сүйіспеншілік/
а1:='сүйген';
a2:='ісім';
a3:='кәсіппен';
a4:='көпшілік';
a:=copy(a1,1,3);
d:=copy(a2,1,2);
c:=copy(a3,6,3);
l:= copy(a4,4,5);
writeln(a+d+c+l);
№9 есеп / құрмет/
а:='құр';
a1:='сөзіңмен';
a2:='мақтанба';
d:=copy(a1,6,2);
c:=copy(a2,4,1);
writeln(a+d+c);
№10 есеп /қайырымдылық/
c1:='қай';
c2:='ырымды';
с3:='айталық';
с4:=copy(с3,5,3);
writeln(с1+с2+с4);
№11 есеп /Отансүйгіштік/
c1:='Отанын';
c2:='сүйген ';
с3:='кішінің';
с4:='міндетік';
a:=copy(с1,1,4);
b:=copy(с3,2,2);
d:=copy(с4,6,3);
writeln(a+b+d);
№12 есеп /адалдық/
c1:='адам';
c2:='болам ';
с3:='десеңіз';
с4:='ық';
a:=copy(с1,1,3);
b:=copy(с2,3,1);
b:=copy(с3,1,1);
writeln(a+b+d+с4);
№13 есеп /шаттық/
c1:='шашыңды';
c2:='тарақпен ';
с3:='тарадық';
a:=copy(с1,1,2);
b:=copy(с2,1,1);
d:=copy(с3,1,1);
c:=copy(c3,5,3);
writeln(a+b+d+c);
№14 есеп /сәттілік/
а1:='сәт';
a2:='тіл';
a3:='кішілік';
a4:=copy(a3,6,2);
b:=concat(a1,a2,a4);
writeln(b);
№15 есеп /бақыт/
а1:='бақа';
a2:='сауыт';
a3:=copy(a1,1,3);
a4:=copy(a2,4,2);
b:=concat(a3,a4);
writeln(b);
№16 есеп /ізгілік/
c1:='із';
c2:='гүл';
с3:='іні';
с4:='сәйгүлік';
a:=copy(с2,1,1);
b:=copy(с3,1,1);
k:=copy(с4,6,3);
writeln(a+b+k);
№17 есеп / ізеттілік/
а1:='ізгі';
a2:='қасиет';
a3:='тілек';
a4:='мендік';
a:=copy(a1,1,2);
d:=copy(a2,5,2);
c:=copy(a3,1,3);
l:= copy(a4,5,2);
writeln(a+d+c+l);
№18 есеп /Отансүйгіштік/
c1:='Отанын';
c2:='сүйген ';
с3:='кішінің';
с4:='міндетік';
a:=copy(с1,1,4);
b:=copy(с3,2,2);
d:=copy(с4,6,3);
writeln(a+b+d);
Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу
Оқушыларды бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий