Саба?. Суретші туындыларымен танысу.


сабақ күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Суретші туындыларымен танысу .Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылады суретші графиктердің туындыларымен танысу.
Дамытушылық: Суретші мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекігілігі: суретшілердің өнері мен өмірбаянынан қосымша әдебиеттер.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-оқушылардың «Спорт қозғалысы» тақырыбына салған суреттерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Елімізде графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер деп И.Исабаев, Ә.Рахманов, М.Қисамединов, А.Смағұлов, Б.Табылдиев, К.Баранов, Н.Гаев, В.Гурьев, Е.Сидоркин, Т.Ордабеков, Қ.Қаметов, В.Тимофеев, ,т.б. атауға болады.
Оқулықта берілген Сахи Рамановтің «Құрманғазы» атты щығармасын талдау.
Сахи Романов (01.08 1926 жылы туған, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы - 2002 жылы дүниеден өтеді) — қазақ кескіндемешісі, кино суретшісі, Қазақ КСР халық суретшісі (1976). Ол қазақтың сурет өнерінің тамаша өкілі және қазақ кинематографиясының айтулы суретшілерінің бірі. Алты жасында ата-анасынан жетім қалады. Балалар үйінде тәрбиеленген. 1955 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематографиялық институтын (Ю.И.Пименов пен Г.М.Шегальдан) бітірді. "Қазақфильм" студиясында жұмыс істейді. "Қырық өтірікке" (1954-1955) жасалған иллюстрациялардың, "Құрманғазының өмірі мен творчествосы" суреттер топтамасының (1959-61), "Жайлау кеші" (1956-57), "Жас шопандар" (1959-61), "Туған өлке" (1958-62), "Жер туралы декрет" (1967), "Қаратау кен байыту фабрикасы" (1970) картиналары мен көптеген портрет, пейзаж және графикалық суреттердің авторы. "Алдар көсе" (1963), "Ән қанаты" (1965), "Құлагер" (1972) т.б. фильмдердің декорация эскизін жасады. "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған.
Оқулықта берілген Исатай Исабаевтің «Халық эпосы»
Исабаев Исатай НүрышҰлы (1936 жылы туған )- суретші. Графика саласында жұмыс істейді. Исабаев «Абай Құнанбаев» (1962, қағаз, тушь, қаламұш, сулы бояу, автордың қоры) жылдың төрт мзгіліне арналған суретті кітапша.ақын шығармалары негізінде«Абай. Жазғытүры. Қаламқас», «Ескендір»дастаны бойынша (1970, автолитогр., көркемсурет көрмесі дирекциясының қоры) суреттер салды. Оның «Абай өз кейіпкерлері арасында» (1968, түрлі-тұсті мозаика, Семей облысы, Абай ауданы, «Абай» совхозында), Абайдың 125 жылдық мерейтойына арналған альбомға «Абай портреті», «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» (1970, линогравюра, көркемсурет көрмесі дирекциясының қоры), ақын шығармаларының негізінде«Абай. Қыс. Күз. Қалам қас» (1976, офорт, сонда), «Абай портреті»(1990, ағаш, ксило- графия) еңбектері бар.
ІV. Қорытындылау
-Бүгінгі сабақта қандай Қазақстанның графикші суретшілердің шығармаларымен таныстыңдар, өздеріңнің осы шығармалар жайлы пікірлеріңді айтыңдар.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: Суретші графиктердің туындылары.

Приложенные файлы


Добавить комментарий