?МЖ Масштаб 6 сынып


Қостанай облысы, Қостанай қаласы
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Жансүгірова Жанар Базылханқызы Мерзімі: 09.10.2015ж
6-сынып, 24 оқушы С.Мәуленов атындағы гимназия
Сабақ тақырыбы Масштаб
Сілтеме Математика 6-сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, таратпа қағаздар
Жалпы мақсаты Сызбадағы қашықтықты, алынған масштабты, ара қашықтықты анықтай алу жолдарын үйренеді
Оқу нәтижелері Топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады
Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру
Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады
Математикалық тілде сөйлеу қабілеттері ашылады
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері Жаңа сабақ, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, көшбасшылық, «БББ» кестесі
Сабақтың көрнекілігі Слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар
Күтілетін нәтиже Масштаб бойынша сызбадағы ара қашықтықты, жалпы елді мекеннің ара қашықтықтығын таба алады.
Ұйымдастыру кезеңі Сергіту сәті. «Музыкамен денені қозғалту арқылы»
Оқушыларды топқа бөлу: осы сергіту сәтімен топқа бөлінеді. Молекулалар ойынын ойнатамын
Бағалау критерийлері:
Миға шабуыл, сұрақ қоя алу дағдысы
Жұпта, топта жұмыс істеуі
Математикалық сауаттылығы
Өз ойын жинақтауы
Топта өзін-өзі ұстауы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты
Оқушыларды молекулалар ойыны арқылы музыкалық әуенмен топқа бөледі. Бұл сергіту сәті де болады.
Шапалақ алақандарынды түйістіріндр
Шапалақ арқаларынды түйістіріңдер
Шапалақ еі екіден тұра қалындар
Шапалақ үш үштен тұра қалындар
Шапалақ 4 ден тұра қал, солай 4 топ құралғанша ойнату Музыкалық әуен арқылы оқушылар топ құрайды. 4 топ құралады 5 мин
Тақырыппен таныстырады. БББ ны толтырады. 4 топқа тапсырма таратылады. Тапсырмада «Масштаб» тақырыбы 4 бөлімге бөлінген Оқушылар топтарында тақырыпты қарастырады, талқылайды, сосын тақтаға тақырыпты түсіндіруге өздері шығады, қорытындылайды 10 мин
Оқушыларға атлас картасы беріледі. Тапсырма: Оқушылар қалалардың нақты ара қашықтығын анықтайды
Қостанай –Петропавл, Қостанай –Ақтөбе, Қостанай-Қарағанды, Қостанай-Көкшетау Әр топтан оқушылар шығып ара қашықтықты қалай анықтағанын айтып береді.
Басқа топ оқушылары сол қалаларды өздері де есептеп ортаға шыққан топпен салыстырады. Бас бармақ бойынша бағалайды 10 мин
Оқулықпен жұмыс: 4 топқа 4 түрлі есептер беріледі. Оқушылар топта шығарып талқылайды. Тақтаға флипчартта жазып қорғайды Оқушылар оқулықта берілген есептерді шығарады. Топпен талқылайды. Шығару жолдарын қарастырады
№184,№185,№190,№194 10 мин
Бекіту «БББ» кестесін аяқтап толтырады Оқушылар кестені толтырады. Қорытындылайды 3 мин
Бағалау Топтардың бағасын талдап, қорытынды бағаны шығарады Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды 2 мин
Үйге тапсырма Оқулықтан
Өз бөлмеңді 1:100 масштабын қолдана отырып ені мен ұзындығын дәптерге сызу. Берілген тапсырманы күнделікке жазып алады
№180 2 мин
Рефлексия Кері байланыс Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау болады. 3 мин

Приложенные файлы


Добавить комментарий