География ар?ылы ?лемді танимыз


 
Әлемді география арқылы таны
(сыныптан тыс іс-шара)
Мақсаты:
Екі топтың Еуразия елдерінің  халқы,табиғаты басқа географиялық ұғымдар туралы білімдерін ортаға салып жарысу мүмкіндігін  туғызу.География пәніне қызығушылығын,белсенділігін дамыту,оқушыларды ұйымшылдыққа , достыққа,тез ойлап,тез шешім қабылдауға,бір-біріне көмектесуге көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері : интерактивті тақта,слайд.
Өткізілу түрі: жарыс
Барысы:
Ұйымдастыру:Оқушыларды дайындаған үстелге отырғызу.
Жүргізуші:
Бүгінгі апталықта география пәнінен 7-ші сыныптар арасындағы   өткізгелі  отырған «Әлемді география арқылы таны» сайысына қош келдіңіздер.
Топтарды ортаға шақырайық
І-топ  7 «А»сынып оқушылары-Азия елерінен келген
ІІ-топ 7 «Б» сынып оқушылары Еуропа елдерінен келген қонақтарымыз
Әділқазылар алқасымен таныстырайын
1.География пәнінің мұғалімі- Ташкенбаева Динара Тахировна
2 Тәрбие ісінің орынбасары-Калиева Багила Сагидоллаевна
Жүргізуші:
-Ал енді сайысымызды бастайық!
Сайыстың жоспарымен таныс болайық
1.Топтардың өзін таныстыруы.
Капитандар сайысы. «Блиц турнир»
Бұл кім?Бұл не?
Артық сөзді табу
5.Сәтті сапар
Бұл қай ел?
Бейне сұрақ
Халықтың салт дәстүрі
Қорытынды.Марапаттау
1-кезеңі Топтар өздерін таныстары
Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады
2-ші кезеңі. «Капитанлар сайысы» Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.
І-топ
1.Дүниежүзінде қанша материк бар?  (6)
2.Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүктесі  (Челюскин мүйісі)
3.Еуразияның биік тауы (Гималай)
4.Еуразияда неше климаттық белдеу бар? (7)
5.Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма (Мариан шұңғымасы)
ІІ-топ.
Дүниежүзінде неше мұхит бар?  (4)
Еуразияның батысындағы шеткі нүктесі (Рокко мүйісі)
Ең кішкентай мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
Еуропадағы биік тау (Альпі тауы)
Еурапа елдері неше аймаққа бөлінеді? (4)
 
3-кезең. «Бұл кім? Бұл не?»
Бұл сайыста сөздер беріледі олар нені білдіретінін анықтау
Миной—  Еуразияның Крит аралында мекендеген  ежелгі тайпалары
Уэд- (кеуіп қалған өзен арналары)
Терая— гималайдың етегіндегі батпақты жер (құбыжық)
Шұрат- шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында қалыптасады
Тайфун- қытай тілінен аударғанда «үлкен жел» деген мағынаны білдіреді
Тайга-қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы
 
4-кезең. «Артық сөзді табу»
Сөздер беріледі артығын табу керек
1.Африка,Америка,Еуропа,Антарктида,Арктика   (Арктика)
2.Меконг,Висла,Амур,Янцзы   (Висла-еуропа өзені,қалғандары Азияның өзендері)
3.Тянь-Шань, Альпі,Памир,Гималай,Сахара   (Сахара-шөл)
Өзен,теңіз,көл,мұхит,түбек (түбек)
5.Жапония,Қытай,Корея,Үндістан   (Үндістан)
6.Вашинктон,Сидней,Сингапур,Астана,Пекин   (Сингапур)
 
5-кезең. «Сәтті сапар»
Екі топтың әрқайсысына жеке тапсырма.Елдердің астанасын,мемлекеттік тілін атау қажет.
1-топ                                                            2-топ
1.Германия                                                 1.Испания-
2.Ресей                                                        2.Франция
3.Үндістан                                                  3.Жапония
4.Қытай                                                       4.Қазақстан
5.Ұлыбритания                                           5.Монғолия
Жауабы:
Берлин,неміс тілі         1.Мадрид,испан тілі
2.Мәскеу ,орыс тілі                             2. Париж,француз тілі
3.Дели,ағылшын                                  3. Токио,жапон тілі
4.Пекин,қатай тілі                                4.Астана,қазақ тілі
5.Лондон,ағылшын тілі                           5.Ұлан-Батор,монғол
6-кезең. «Бұл қай ел?»
1-топ
Бұл Еуразия материгінде ,Орталық Азия бөлігінде орналасқан.Көлемі бойынша төртінші орын алады.Ол бес мемлекетпен шектеседі.Жер бедері алуан түрлі болып келеді.Оның теніз деңгейінен биік түктесі -6995 м. Климаты қоңыржай белдеуде континентті құрғақ  болып келеді.Тілі-түркі тілдес елдерге жатады.Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Қазақстан)
2-топ
Дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет.Жерінің 97 % Азияда,ал 3% Еуропада жатыр.Солтүстігінде Қара теңіз,батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңіз сулары шайып жатыр.Халықаралық туризм өте жақсы дамыған. Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Туркия)
 
7-кезең. «Бейне сұрақ»
Биология мұғалімі:Қазақстандағы қай қорықта қоқиқаз құсы қорғалады?
Жауабы: Қорғалжын қорығы
Тарих мұғалімі: «Орталық Қазақстанды зерттеген қазақ жерінен шыққан саяхатшы» .Жауабы: Шақан Уалиханов.
8-кезең. «Халықтың салт дәстүрі»
Әр топ қалаған елдерінің салт дәстүрін көрсетеді
 
Қорытынды.Марапаттау
Әділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттайды
 
БӨЛІСУ 
   
сыныптан тыс "Қызықты география әлемінде"
 Janara 21-08-2015, 18:39 3 966  География
left000Тақырыбы: «Қызықты география әлемінде»Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру. Шапшаңдық, ойлау, тапқырлық қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету.Білімділік:Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін тексеру.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылықпен, тапқырлықпен жылдам жауап беруіне дағдыландыруТәрбиелік:Жолдастарына көмек беру, табиғатты суюге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.Барысы:География пәні-өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық-жер бетін, планетамызды, табиғатты, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. География пәнінің және бір ерекшелігі-оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олай болса, осы мектептің 6,7, 8 сынып оқушылары арасында «Қызықты география әлемінде» айдарымен ұйымдастырылған географиялық интеллектуальды сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз мынадай турлардан тұрады:І тур «Не? Қайда? Қашан?»ІІ тур “Ең... Ең... Ең...”ІІІ Тур “Бейне сұрақ”ІV тур “Полиглот”V тур “Тапқыр болсаң, тауып көр”VІ тур “Кім білгішАл ендеше оқушыларымызға адал баға беретін әділ қазы алқаларымен таныстырып өтсек:Тарих , биология пәндерінің мұғалімі: Байниязов Рустам Тамашаұлы Тарих , қоғамтану пәндерінің мұғалімі: Раджапов КамалбайТәрбие ісінің меңгерушісі: Абдирашова Аққалы АбдирашқызыІ турНе? Қайда? Қашан?Тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз дайын болса, алдарыңыздағы жалаушаны көтересіздер.Егер жауап қате болса, келесі дайын топ жалаушасын көтеріп жауап берулеріне болады. Ал ұпай дұрыс жауап берген топтың еншісінде болады1-топ сұрақтары1. География ғылымы нені зерттейді?(Грек тілінен гео –жер , графо –жазу) жер шарының табиғат құбылыстарын, ерекшеліктерін , экономикасын зерттейді.)2. География неше салаға бөлінеді?(2 физикалық экономикалық)3. География ғылым ретінде қай жерде қалыптасты? (Ежелгі Грекияда)4. Глобусты кім ойлап тапты , қай ғасырда?(Мартин Бехайм 15 ғасырда)5. Ұлы географиялық ашулар заманы қай ғасырлар?(15 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың ортасы)6. Жер шарын алғаш айналып шыққан саяхатшы?(Фернан Магеллан)7. Орыс география қоғамы қай жақта, қай жылы құрылды?(1845 жылы Санкт-Петербург)8. Күнге ең жақын нүкте мен ең алыс нүкте ?(Афелий , Перегелий)9. Жер Күнді орбитамен қанша уақытта айналып шығады?(365 күн , 6 сағат)10. Азимут дегеніміз не?(Белгілі бір зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш)11. Масштабтың неше түрі бар?(3 түрі, атаулы , сандыұ сызықтық)12. Географиялық бойлық дегеніміз не? (жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан граус есебімен алынған қашықтығы)13. Меридиандар мен параллельдердің қиылысуынан не пайда болады?(Градустық тор)14. Жердің сыртқы құрылысын ата?(Атмосфера, гидросфер, биосфера)15. Жер шарында неше литосфералық плита бар?(7) 2-топ1. Жер шарының жалпы ауданы?(510.2 млн км 2)2. Материктерді аудандарымен атап беріңіз?(Еуразия 54 млн км2, африка 30,3 млн км2 , солтүстік Америка 24 млн км 2, онтүстік америка 18 млн км 2, Антарктида 14 млн км 2, Аустралия 9 млн км23. “Үш теңіздің ар жағына саяхат” атты еңбектің авторы кім? Афанасий Никитин4. 1820ж Антарктида материгін ашқан кімдер?(Лазеров пен Беленсгаузен)5. Картографиялық проекцияның неше түрі бар?(3 түрі, Азимуттық, конустық, цилиндрлік)6. Геохронологиялық кесте неше эрадан тұрады?(5 эра)7. Жер шарында неше климаттық белдеу бар?(14(8. Дүние жүзіндегі ең жылы ағыс?(Гольфстрим)9. Африканың ең бойшан, ең аласа адамдары?(Тутси мен химилер, Пигмейлер)10. Солтүстік Африка елдерін ата?(Солт Сахара, Мороко, Алжир , Тунис, Египет, Ливия)11. Көк Ніл бастау алатын көл?(Тана)12. Вильвичия өсімдігіне сипаттама?(Дінің ұзындығы 50смғ жапырағының ұзындығы 2 метр, кей аймақтарда 8 метрге шейн өседі)13. Мадагаскар аралында тұратын аралас нәсіл?(Малагайсилер)14. Кофенің отаны?(эфиопия)15. Оңтүстік Африкадағы ұлттық парк? (Крюгер)3-топ1. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?(Қазақстан табиғат ерекшеліктерін , тау тасын, ішкі суларын, топырақ,өсімдік, жануарлар дүниесін зерттейді)2. ҚР тәуелсіздік күні?(16 желтоқсан)3. ҚР неше облыс ,неше аудан бар?(14 облыс, 160 аудан бар)4. ҚР аумағы бойынша нешінші орында, қай мемлекеттерден кейін?(9-шы,Ресей, Қанада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина)5. Бір сағат белдеудің ішіндегі уақытты қалай атаймыз?(Белдеулік уакыт)6. Қазақ жері туралы кімдер мәліметтер қалдырған?(Герадот, Страбон, Птоломей)7. Атырау қаласына 55 шақырым жерде орналасқан көне қала?(Сарайшық)8. Каспий маңы ойпаты қай жерлерді алып жатыр?(Қазақстанның батыс аймақтарын алып жатыр)9. Мұғалжар тауының биік нүктесі?(Үлкен Боқтыбай657 м)10. ҚР теңіз деңгейінен төмен жатқан нүктесі? ((қарақия ойысы-132м . дж 5-ші орныда)11. Орал алды үстірті қай жерлермен шектеседі?(Батысында Жалпы сырт, каспий маңы ойпаты, үстірт, шығысында торғай жазығы, тұран ойпаты)12. ҚР биік тауларын атаңыз?(Тянь-Шань, Алтай, Сауыр-Тарбағатай)13. Алтай тауының биік нүктесі?(Мұзтау-Белуха 4506м)14. Хромиттың 99% қай жерде кездеседі?(Мұғалжар тауларында)15. ҚР климаты қандай?(Шұғыл континентті)ІІ турЕң, Ең, Ең, ...Бұл турда сұрақтар ауызша оқылады.1 Минутта көп сұраққа жауап беру тексеріледі2 1-топ.1. Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)2. Әлемдегі ең үлкен шөл-Сахара (7 млн км²)3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия (44 млн км²)4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)5. Әлемдегі ең суық жер-Антарктида (83°С)6. Әлемдегі ең биік тау-Гималай (Джомолунга, 8848 м)7. Әлемдегі ең ұзын тау-Анд (9000 км)8. Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)9. Әлемдегі теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер-Гхор ойысы (403 м)10. Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)11. Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620 м)12. Әлемдегі ең үлкен арал-Гренландия (2 млн 176 мың км²)Солтүстік 13. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі–Флинт-Мамонт (500 км)14. Әлемдегі ең үлкен тау мұздығы-Хабборт (145 км)15. Әлемдегі ең биік ағаш-Секвойя (100 м)16. Әлемдегі ең суы мол өзен-Амазонка (6400 км)17. . Әлемдегі ең биік сарқырама-Анхель (1054 м)18. . Әлемдегі ең ылғалды ж/е ең жасыл материк-Оңтүстік Америка19. Әлемдегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы–Ла-Плата (ені 20. Әлемдегі ең ұзын әрі енді тау жүйесі-Кордилера (ұзындығы 21. . Әлемдегі ең жылдам планета-Меркурий (172 мың км/сағ)22. Әлемдегі ең жылдам қозғалатын құс-Ителгі (200 км/с23. Әлемдегі ең тығыз планета-Жер (судан 5 есе тығызырақ24. Әлемдегі ең ауыр жылан-Анаконда (200 кг)25. 70. Әлемдегі ең жылдам ұшатын бунақденелілер-Инеліктер (9км/сағ)26. 71. Әлемдегі ең биік шөп-Бамбук (25 м) 27. Әлемдегі ең қауіпті саңырауқұлақ-Боз арамқұлақ.28. Әлемдегі ең ірі сейсмикалық белдеулер-Альпі-Гималай, Тынық мұхиты2-топ:1. Жер шарындағы ең жоғарғы температура-Африкада тіркелген (+58°C)2. . Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі (7,5 тонна)3. . Африкадағы ең ірі көл-Виктория (68 мың км²)4. . Африкадағы ең терең көл-Танганьика (1470 м)5. . Африкадағы ең ірі сарқырама-Тугела (933 м)6. . Әлемдегі ең аласа материк-Аустралия (биіктігі 215 м)7. . Әлемдегі ең құрғақ материк-Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)8. . Аустралияның теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Эйр көлі (-16 м)9. . Аустралияның теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Косцюшко (2228 м)10. . Әлемдегі ең терең мұхит-Тынық мұхиты (11022 м)11. . Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)12. . Әлемдегі ең ыстық планета-Шолпан (462°C)13. . Әлемдегі ең суық планета-Плутон (-235°C)14. . Әлемдегі ең үлкен жанартау-Гавайядағы Мауна-Лао 15. Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)16. Әлемдегі ең күшті циклон-1991ж, Бангладештегі циклон (138 мың адам қаза тапты)17. Әлемдегі ең ірі жапырақ-Рафия пальмасы (20 м)18. . Әлемдегі ең ірі тұқым-Кокос пальмасы (20 кг)19. . Әлемдегі ең ежелгі өсімдік-Каучик ағашы, антарктикалық қына (12 мың жыл)20. . Әлемдегі ең ауыр жыртқыш-Касатка (салмағы 9000 кг, ұзындығы 9 м)21. Әлемдегі ең ұзын құрт-Солт. теңіз немертині (55 м)22. Әлемдегі ең биік сүтқоректі-Керік (6 м)23. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)24. 76. Әлемдегі ең ұзын бұғаз-Мозамбик (1670 км)25. Әлемдегі жауын-шашынның ең көп түсетін жері-Черапунджи (жылына 12000мм)26. . Әлемдегі ең ірі маржандық құрылым-Үлкен Тосқауыл3-топ1. Америкадағы ең ыстық жер-өлім алқабы (57°С)2. Солт. Америкадағы ең үлкен ел-Канада (9млн 970 мың км²)3. Солт. Америкадағы ең үлкен көл-Жоғарғы көл (82103 км²)4. Солт. жарты шардағы ең суық жер-Оймякон (-71°С)5. 23. Солтүстік Америкадағы теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Мак-Кенли шыңы (6193 м) 6. Әлемдегі ең биік сөнбеген жанартау–Охос-дель-Саладо (Оңт. Америкада, 6887 м)7. Солтүстік Америкадағы ең ыстық жер-Өлім аңғары (+57°C)8. солтүстік Америкадағы теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Өлім аңғары (86 м төмен)9. Оңт.Америкадағы теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Аконкагуа (6960 10. . Әлемдегі жерінің аумағы жағынан ең үлкен ел-Ресей11. . Әлемдегі ең ұзын ел-Чили (4300 км)12. Әлемдегі ең тез өсетін шөп-Бамбук (күніне 1м өседі)13. . Әлемдегі ең ұзын тұщы көл-Танганьика (1470 м)14. . Әлемдегі ең ір құс-Африка түйеқұсы15. . Әлемдегі ең ескі тау-Орал таулары (ұзындығы 2,5 мың км)16. . Әлемдегі ең кіші мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит17. . Әлемдегі ең терең бұғаз-Дрейк бұғазы (5248 м)18. . Әлемдегі ең жылы қуатты ағыс-Гольфстрим19. . Әлемдегі ең суық қуатты ағыс-Батыс желдер ағысы20. Әлемдегі ең тұзды теңіз-Қызыл теңіз21. Әлемдегі ең үлкен және ең терең каньон-Колорадо22. Солтүстік Американың суы ең мол өзені-Миссисипи (3268 мың км²)23. Әлемдегі ең ірі және тұңғыш ашылған ұлттық парк-Йеллоустан 24. Әлемдегі ең биік таулы астана – Ла-Пас (3630 м)25. Аустралияның суы ең мол өзені-Муррей (1057 мың км )26. Аустралияның ең ірі көлі-Эйр27. . Антарктида материгінің ең биік нүктесі-Винсон (5140 м)28. Антарктида материгінің ең төмен нүктесі-Бентли ойысы 29. Әлемдегі ең биік толысу толқыны-Фанди шығанағында тіркелген (18 м)ІІІ Тур “Бейне сұрақ”1-топБейне сұрақ:1.1519-1522 жылдары Испаниядан шыққан экспидиция құрамы 5 кеме , 265 адамнан тұрды. Бұл экспидиция нәтидесінде Жердің шар тәріздес екендігі, Ең үлкен мұхит Тынық мұхит екендігі анықталды. Осы экспидицияны басқарған саяхатшы кім?Жауабы: 1519-1522 жылдары аралығында ғы экспедицияны басқарған Фернан Магеллан2-топБейне сұрақ: 1. Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып біліп, 1855 жылы Замбези өзеніндегі Атақты Виктория сарқырамасын ашқан, оның еңбектерінде жергілікті халқы жайлы мәліметтер көп кездеседі. Бұл ғалым , саяхатшы кім?Жауабы: Бұл саяхатшы Давид Ливингстон3-топ Бейне сұрақ:1. Ол Каспий Теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен. Қазақстан туралы алғаш деректерді Өзінің «Тарихына» кіргізген.Жауабы: Тарихшы ГеродотIV Тур“Полиглот”Жұмбақтар жасырылынады жауабтарын қазақша , орысша , ағылшынша айтуларыңыз керек 1-топ 1.Барма жоқ па оны білмейсін,Ол жоқ жерде өмір сүрмейсін( ауа, воздух, )2.Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жасы тамып барады. (Бұлт , облоко, )3.Әуеден күбі түстіКүбінің түбі түсті (Күн күркіреу, гроза, )2-топ1.Таңмен көзін ашады,Әлемге нұрын шашады. (Күн, солнце , Sun)2.Қараңғыда жымындайды , жанады,Жарық түссе бірден сөніп қалады.(жұлдыз. Звезда, Star)3.Гүлгүл жайнап жер аспан,Гүрілдейді сай өзен, Гүлжазира жарасқан,Гүлдерімен қай кезең( Көктем, весна )3- топ1.Жыл –жылт еткен жырадан өткен (Су , вода, water)2.Қол аяғы жоқ болсада қақпа есік ашады( Жел , Ветер )3.Көтеріп орман тоғай , тастын бәрін,Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым) (Тау , гора )IV турТапқыр болсаң, тауып көр! Берілген қималарды құрастыру арқылы белгілі бір материкті құрастырып,қандай материк екенін анықтап, соның ішінен бір мемлекетке сипаттама беруГеографиялық орнына, астанасы,мемлекеттік тілі,халқы жалпы ерекшеліктері т.б VI тур “Білгенгемаржан” Әр топқа белгілі бір мемлекеттердің туларын суреттерін көрсету арқылы сол мемлекеттін атын , астанасын айтуларыныз керек!Сайыс міндеті – жеңу,Оқу міндеті –білу.Кім жеткенін мәреге,Қалды бізге білу. – олай болса турнир қортындысын төрешілерден білейік.Турнир қортындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталып, географиялық кеш қортындыланады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий