Спортты? ойын. Баскетбол ойыны


Спорттық ойын
Баскетбол
Өткізетін орны: Спорт зал Жарыстың мақсаты:
Оқушыларды білімділікке және спорттық ойындарға үйрету (баскетбол, волейбол). 
Қозғалу мүмкіндіктерді дамыту.
Ұжымдасу мен ұйымшылдық тәрбиесін қалыптастыру. 
Қолданылатын құралдар: баскетбол добы, волейбол добы, волейбол торы, ысқырғыш. І. Кіріспе бөлімі (10-12 мин) Әдістемелік нұсқау – Ә.Н. 1. Сапқа турғызу. Сәлемдесу. Ә.Н. : 1) Сапта тәртіп сақтау 2) Киімдеріне көніл бөлу 2. Сабақтың мақсатың түсіндіру. 3. Жүру жаттығулары: • жай жүру; • аяқтын үшімен жүру, қол мықында; • табаның сыртқы жағымен жүру; • табаның ішкі жағымен жүру. Ә.Н.: 1) Бұйрық: «Оңға!» 2) «Солға айнала алға бас!» 3) Тұлға бойын қарау 4) Арқаны түзу ұстап алға еңкеймеу 5) Басты төменге түсірмеу, жерге қарамау. 4. Арнайы жүгіру жаттығулары: • тізені биікке көтеріп жүгіру; • аяқты артқа лақтырып жүгіру; • оң жақпен тіркеме адыммен; • сол жақпен тіркеме адыммен; • оң және сол жақпен аяқты қайшылып жүгіру. Ә.Н.: 1) Тізені бүкпеу 2) Арқа шалқаймау 3) Қолды еркін ұстау 4) Жүгіру техникасына, аяқтын жұмысына және дейне тұлғасына қарау 5) Тізе белдіктін бойына көтерілмеу 5. Жалпы дамыту жаттығулар: 1) БҚ-қол кеуде алдында 1-2 бүгілген қолды артқа апару, 3- 4 дәл солай жазылған қолды артқа апару. 2) БҚ-оң қол жоғарыда, сол қол төменде 1-2 қолды артқа апару, 3-4 дәл солай аустыра орындау. 3) БҚ-қол иықта 1-2 алға айналдыру, 3-4 артқа айналдыру. 4) Жартылай аяқты бүгіп жүру. 5) Толық отырып жүру. 6) Толық отыра алға секіру. 7) Жай жүру. Ә.Н.: 1) Демді қалпына келтіру. 2) Шынтақты түсірмей, соңғы шегіне дейін апару. 3) Қол түзу дене тұлғасы. 4) Жауырынды іске қосып, иықты толық айналдыру. 5) Тұрмау. 6) Демді қалпына келтіру ІІ. Сабақтын негізгі бөлім (30 мин). Баскетбол. Жүру, қозғалыста:  допты әртүрлі дене мүшесінің айналасынан айналдыру (бастын, денесінен, аяқтың), оңға, солға;  қолдан қолға доппен лақтырысу;  допты екі қолымен арқадан лақтырып және алдымен қағып алу. 
Ә.Н.: 1) Доптарды алу. 2) Айналдыру бағытын аустыру 3) Траекторияны аустыру. 4) Допты еденге түсірмеу. 5) Басты төменге түсірмеу, жерге қарамау. Допты жетелеу:  оң және сол қолымен;  артпен алға жүгіру;  сол қолымен оң жақпен жүгіру;  оң қолымен сол жақпен жүгіру. Ә.Н.: Допты алақанмен ұрмай оны еденге итеру керек. Жылдамдыққа: Допты жоғары алға лақтырып, жылдам жүгіріп допты қағып алу керек. Ә.Н.: Допты көрермендерді қараусыз-ақ жетелеу. Арнайы жаттығулар:  оқушылар екіге бөлініп, екі қатарға тұрғізу. Допты кеудеден бір-біріне беру;  осы әдісті бір-екі адым жасап жаттығуды орындау;  допты екі қолымен қозғалыста торға 3-4 метр жерден екпін алып лақтыру (алдымен түзу және жанынан лақтырып орындау);  допты жетелемей ойнау. Ә.Н.: 1) Лақтырып беруді және қағып алуды көрсету. 2) Екі командаға бөлу. Волейбол. Допты тор арқылы астынан және үстінен қабылдап алып оны қайтарып беру. Ә.Н. – екі қолымен астынан және үстінен. ІІІ. Қорытынды бөлім (3-5 мин). 1. Сапқа тұру, жарыстың қортындылау. 2. Үздік сыныптарды марапаттау3. Қоштасу. Ә.Н.: 1) Бұйрық: «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!» 2) Сабақ аяқталды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий