6 сынып ГЕОГРАФИЯ Та?ырыбы: Ауада?ы су буы


6 сынып география Тақырыбы: Ауадағы су буыМақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ауадағы су буы, ауаның ылғалдылығын өлшеу жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Ауадағы су буымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Семантикалық карта
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Ауаның жер бетінен жылынуы.
2. Ауа температурасының тәуліктік өзгерісі.
3. Тәуліктік және айлық орташа температуралар.
4. Ауа температурасының жылдық өзгерісі.
5. Ауаның температурасын өлшеу.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
І.Қызығушылығын ояту. 1.Су табиғатта қандай күйде кездеседі? 2.Тұман қалай пайда болады? 3.Бұлттылық дегеніміз не? 4.Бұлттың қандай түрлерін білесіңдер? Құйып жауған жаңбырдан кейін көшеде қақ тұрып қалғанын көресіңдер. Үйдің шатыры, ағаштың жапырағы, шалғын –бәрі суға малшынған.Күн шыққаннан кейін су тиген заттардың бәрі құрғайды. Жаңбыр суы жоғалып кетті. Қалай ойлайсыңдар, қайда кетті? (Буға айналып, ауаға тарады). 
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы 1 м3 ауада түрлі температурада болатын су буының мөлшері түсіндіріледі.
Температура (С)
-300
0,5
-200
1
-100
2
Су буы (грамм)
00
5
+100
9
+200
17
+300
30
3. Топтастыру.(Дәптерменжұмыс)
Топтастыру арқылы ауадағы су буының анықталатын мөлшерлері түсіндіріледі.
ауадағы су буының анықталатын мөлшерлері
Абсолют ылғалдылық
Салыстырма ылғалдылық
Мыналарды анықтап жазып алады: Ауадағы су буының мөлшері буланатын беттің жағдайына және температураға байланысты. Сонымен бірге неғұрлым температура жоғарылаған сайын ауадағы су буының мөлшері арта береді.
7. Мыналарды анықтап жазып алады: Абсолют ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%). Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге (су тамшыларына) айналуын конденсация д.а. (латыншаконденсацум – қоюлану). Ауаның салыстырма ылғалдығы шаш гигрометрі д.а-тын құралмен өлшенеді (грекше гигрос – ылғал, метр - өлшеу)
Мыналарды еске сақтайды: ауа су буымен қаныққанда салыстырма ылғалдылық 100%-ға жетеді. 0°С-тан төмен температурада су булары қатты күйге ауысады, яғни мұз түйіршіктеріне айналады.
Сергіту сәті: Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады. (Бұлт) ІІ. Мағынаны тану Жер бетіндегі буланудан атмосфера құрамындағы су буы пайда болады. Мұхиттар мен теңіздерден, өзендер мен көлдерден, батпақтардан, ылғалды топырақтардан да буланып, атмосферадағы су буына айналады. Ылғалдылық: 1. Абсолют ылғалдылық - 1м3 ауадағы су буының граммен алынған мөлшері 2.Салыстырмалы ылғалдылық - 1м3 ауадағы су буының граммен алынған мөлшері Ауаның салыстырма ылғалдығы шаш гигрометрі деп аталатын құралмен өлшенеді. 1м3 ауада түрлі температурада болатын су буының мөлшері: Температура (С) Су буы (грамм) - 30º 0,5 - 20º 1 - 10º 2 0º 5 +10º 9 +20º 17 +30º 30 Жер бетінен біршама биіктікте атмосферада жиналған ұсақ су тамшылары мен мұз кристалдарының шоғыры 
2-тапсырма Сәйкестендір.
Термометр                                            ауа ылғалдылығы
Анероид барометр                                ауа қысымы
Озон газы                                              тропосферадаАуа райы түзіледі                                  стратосферада 
 Атмосфера                                                     озоносфераСтратосферадағы маңызды қабат                 21 %
Бүкіл ауаның 80% қай қабаттта                    78%
Оттегі                                                             тропосфера
Азот                                                                ауа қабаты
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Семантикалық карта стратегиясыҚар Бұршақ Атмосфера жаңбыр Сынап- барометріЖауыншашын өлшеуіш Атмосфералық ылғалдылық Салыстырмалы ылғалдылық Гигрометр
Ауа қабаты Бұлттан түсетін жауын- шашын түрлері Жауын- шашынды өлшейтін құрал Атмосфералық  қысымды өлшейтін құрал V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Ауадағы су буы

Приложенные файлы


Добавить комментарий