Блум таксономиясын ?олдана отырып, о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру


Блум таксономиясын қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруҚазіргі таңда әлемде көптеген өзгерістер болып жатыр, бұл әлемдегі өзгерістерден біздің мемлекетіміз де оқшау қала алмайды, Мемлекетте болып жатқан өзгерістерден білім беру саласы шет қала алмайды, Заман талабына сай оқытудың жаңа тәсілдері қарастырылып, енгізілуде.Мақсаты:1. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету.2. Бір - бірінің білімін бағалауға дағдыландыру.3. Жетістіктерін қолдана білуге тәрбиелеу.4. Талабын ұштап, қиялын дамыту.5. Жұпта, топта жұмыс жасай білуге үйрету.6. Оқушыларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа баулу.7. Өздерінің нәтижесін көре білуге, оны бағалай білуге дағдыландыру.8. Тез, әрі нақты ойлап, дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту.9. Алған білімдерін пайдалана отырып, жаңа қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.«Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» деп Елбасының айтқанындай, қазіргі күннің ең басты мәселесі – оқушылардың білім дәрежесін жетілдіру. Оның басты мақсаты – оқушының пәнге деген қызығушылығын тудыру, шығармашылық белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін арттыру, тереңдету.Бүгінгі шәкірттерді іргелі білімге үйретпей, оны игеретін әдістерге үйрету керек. Басқаша сөзбен айтқанда, «Мені үйрет емес, менің өзім жасауым үшін маған көмектес!» деп көрсеткен ХХ ғасыр басында.(Мария Монтессори)Біздің халық даналығы осыны растап тұр. Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас! Олай болса, адам өз қолымен жасауға тиіс. Адам үшін ең қызықты нәрсе – өз қолымен жасағаны. «Мен айтып берсем, шәкірт түсінеді!» деген ұстанымды қолданбаған жөн.Блум таксономиясы – Білім беру мақсаттарын жіктеу. 1956 жылы американдық психолог Бенджамин Блум ұсынған. Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді. Білу, түсіну, қолдану, таңдау, жинақтау, бағалау.Осы Блум таксономиясына сүйеніп сабақ міндеттерін қоя білуге үйрену.Білу: Оқу материалын, қажетті деректерді еске түсіру, анықтамаларды, атауларды қайталау.Түсіну: Оқу материалын өз сөзімен түсіндіру, қысқаша сипаттау.Қолдану: Оқу материалын жаңа жағдайлар мен ситуацияларды қолдану. Ережелерді, формулаларды, түсінікті, заңдарды, теорияларды, қағидаларды қолдана отырып, қандай да бір проблемалы, есептерді шығару.Талдау: Оқу материалын құрамдас бөліктерге жіктеп, олардың арасындағы байланысты анықтау, айтылған ойды әрі қарай дамыту.Синтез: шығармашылық тұрғыдан жаңа мазмұн қарастыру, баяндама, эссе жазу, жоспар, схема құрастыру.Бағалау: Оқу материалының маңызын бағалау, салыстыру және айырмашылығын айқындау, талдау, дәлелдеу арқылы шешім қабылдау. Талдау жасап, шешімін қабылдау.Бағалау синтезбен тығыз байланыста болады, сол себепті үйренушінің қандай да бір проблема бойынша таңдау жасап, шешім қабылдауы жазбаша түрде жүзеге асырылуы тиіс.Шәкірттер қалай үйренеді?Өздігімен, тек белсенді әрекеттер арқылы! Сол себепті де әр сабақта шәкірттердің белсенді әрекеттерді ұстаздың басты мақсаты болуы қажет!Оқушылардың білімді жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару керек.

Приложенные файлы


Добавить комментарий