Поурочный план Тірі организм ретінде ?сімдік м?шелеріні? ?зара байланысы. ?сімдіктер ж?не ?орша?ан орта.


Тексерген: Пән мұғалімі:Елеусізова Назерке
Мерзімі: 29.11.2016ж Сыныбы:6Ә
Сабақтың тақырыбы: Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға осы тақырып бойынша бөлме өсімдіктерінің
түрлерінен мысал келтіре отырып ерекшеліктерін, маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін қалыптастыру, ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Бөлме өсімдіктері» суреттер, кестелер.
Сабақтың түрі: араласҰйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа қатысуын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау:
Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады (түзіледі), неше топқа бөлінеді?
Шырынды жемістер нешеге бөлінеді, әр түріне мысал келтіріңдер.
Неліктен құрғақ жеміс деп аталады?
Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?
Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.
Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен түсіндіріңдер.
Қызығушылығын ояту кезеңі:Жұмбақтардың жауабын шешу:
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қырман толы дәні бар (бидай)
2. Аласа тал, тамаша тал,
Самсап тұр алмасы (қызанақ)
3. Біреуін жерге беріпКүзде оны тереді (тұқым)
4. Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәмі бар (өрік)
Мағынаны тану кезеңі:Топсеруен.
Терезе алдындағы өсімдіктер әлемі.
Бөлме өсімдіктерінің қандай түрін өсіресіңдер? Оларды қалай көбейтеді?
Бөлме өсімдіктерінің құрылысын, ерекшеліктерін, тіршілігін зерттеңіз?
Колеус алоэ кактус цикламен
Ой-толғаныс кезеңі:Бір айналым сөйлесу стратегиясыОқушыларды бағалау: Өзін-өзі бағалау
Үй тапсырмасына: §23.сұрақтарға жауап беру

Приложенные файлы


Добавить комментарий