Отырар сазы этнографиалы?-фольклорлы? оркестрі


Сабақ жоспары №22
Сабақтың тақырыбы:«Отырар сазы» оркестрі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға оркестр құрамы туралы түсінік беру;
- Оркестр негізімен таныстыру;
-Тыңдау қабілеттерін дамыту; - Музыкалық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақта әдіс: Түсіндіру, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: Музыка аспаптарының суреті, үнтаспалар, музыкалық аспап баян Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару; - Үй тапсырмаларын тексеру;
II. Негізгі бөлім:- Тақырыпқа түсінік беру
  -1982 жылғы 2 қазанда дүниеге келген Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі қазақтың ұлттық музыка аспаптарының - қазіргі заманғы және байырғы аспаптардың аса бай жинағымен танысу мүмкіндігін береді. Баға жетпес мәдени мұра болып есептелінетін қазақтың музыкалық аспаптары біздерге ғасырлар қойнауынан жетіп отыр. Белгілі музыкатанушы, өнер ғылымының докторы, профессор Болат Сарыбаевтың ғажайып зерттеулерінде қазақ халқының музыкалық мәдениеті тарихының жанды беттері жатыр.-Домбыра мен қобыздан басқа, «Отырар сазы» оркестрінде байырғы қазақ аспаптары - жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай мен сазсырнай, сыбызғы, сондай-ақ ұрмалы аспаптар - асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, қайрақ үн қатады. Оркестрдің алғашқы бас дирижеры, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы, белгілі қоғам қайраткері, композитор Нұрғиса Тілендиев.- Бүгінде ұрпақтар сабақтастығын паш етіп, оркестрге Н.Тілендиевтің қызы - Динара Тілендиева жетекшілік етеді. Оркестр Қазақстанның қалаларында ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерде - Иракта, Мароккода, Вьетнамда, Солтүстік Кореяда, Германияда, Испанияда, Түркияда, Сауд Аравиясында, Иорданияда концерттер берді. 1996 жылы «Отырар сазы» оркестрі Жамбыл атындағы халықаралық қор сыйлығының лауреаты болды. - Музыка тыңдау
- Н.Тілендиев «Әлқисса» - Н.Тілендиев «Құстар әні», «Алатау», «Әже туралы ән» - А.Жайымов «Шашу»
- Дәптермен жұмыс- Дауыс жаттығулары
III. Қорытынды- Бекіту сұрақтары - «Отырар сазы» оркестрі қай жылы құрылды?- Алғашқы іргетасын қалаған кім? - Құрамында қандай аспаптар болды? - Репертуарында кімдердің шығармалары болды? - Қазіргі оркестрдің жетекшісі кім? - Бағалау -Үйге тапсырма- «Отырар сазы» оркестрі жайында мәнжазба даярлау - Н.Тілендиев әндерінен сөзжұмбақ құрау

Приложенные файлы


Добавить комментарий