Елтану ?йірмесі бойынша саба? жоспарлары 3-сынып


Ел тану Уақыты: 14.01.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Денім сау болсын десең...
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары, бағалы байлық екенін түсіндіру
2. Тәрбиелік: Сын тұрғысынан ойлау,шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Дамытушылық: Ұқыпты, жинақы таза, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.  Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Санамақты жатқа айту
Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Сұрақ-жауап жүргізіледі.1. Санамақ деген не?2. Санамақты не үшін жаттаймыз?
3. Санамақтың басқа түрін айт.
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Адамның басты байлығы денсаулық.Денсаулық дегеніміз, адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық адамға табиғат берген басты құндылық.Жеке бас гигиенасы бұл адамның жеке мүшелерін күтуде тазалық ережелерін орындау арқылы өз денесінің тазалығын сақтай білу.
Тамақтану адам ағзасы үшін маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш қуат жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу керек.
Қолыңды сабындап жу,қисаймай түзу отыр,қасықты оң қолыңмен ұста.Тамақ ішіп отырғанда сөйлеме, күлме, кітап оқыма.Шамадан тыс тойып ішпе. Нанды үзіп же. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.
Денсаулықтың тағы бір дауасы таза ауа.
Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады.
Денім сау болсын десең спортпен шұғылдан.
Адамға су, ауа, ас, қалай қажет болса,ұйқы да солай қажет.Дені сау бала он сағат ұйықтайды.
Ой толғаныс Тұр, асқа бата бер. Ас же, іш.
Бойға сіңіріп, Ас ішсең толасың. Аман сау боласың.
Ас – адамның арқауы. Аспен күш артады
Тағам іш жағымды, Тазартар жаныңды.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру
Кәне, балалар жұмбақтар шешіп табиғи дәрумендерді табайық!
1.Бүрі-бүрі, бүрі бар, Күн келбетті түрі бар (күнбағыс)
2.Аспай піскен, Қайнамай түскен. (жемістер)
3.Іші жұмсақ, сырты қатты. Еті қызыл, сүті тәтті (қарбыз)
4.Аласа ғана бойы бар. Тоғыз қабат тоны бар (орамжапырақ)
5.Әрі қызыл, әрі тәтті. Татқан жанды тамсандырады. (алма)
6.Жерге қазық қақтым, Басына айдар тақтым (сәбіз)
7.Ай бұтаққа ілінеді, Айтыңдаршы кім біледі (алмұрт)
Бекіту Бәрі бірге:
Жағымсыз әдеттер, кедергі келтірсе
Бірімізге біріміз көмек бере жеңеміз
Бірге жүріп, жағымсыз әдеттерді ұмытамыз
Бір ауыздан бәріміз тазалықты құптармыз Үйге тапсырма Денсаулық туралы өлең жаттап келу Ел тану Уақыты: 21.01.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы
Спорт – денсаулық кепілі
Сілтеме
Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары, бағалы байлық екенін түсіндіру
2. Тәрбиелік: Қимыл-әрекетке жаттықтыру,еңбек етуге, жерін қорғауға қажетті күш қуатын молайту.
3. Дамытушылық: Тазалық және жеке бас гигиенасын сақтауға, салауатты өмір сүруге, денені шынықтыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.  Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Денсаулық туралы өлең айту
Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Сұрақ-жауап жүргізіледі.1. Денсаулықты жақсы болу үшін не істеу керек?2. Тазалық денсаулыққа қаншалықты әсер етеді?
3. Спортпен шұғылданудың деннің саулығына пайдасы бар ма?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мыңдаған литр ауа жұтады. Зиянды заттары бар ауамен тыныс алған адамның жұмысқа қабілеті кемиді. Бұл жағдай түрлі ауруларға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Айналадағы таза ауаны сақтау үшін көгалдандыру қажет.
Ой толғаныс Сурет бойынша жұмыс. Қысқы спорт түрлері
Жаңа материалды меңгергенін тексеру
Мектепте қандай спорттық үйірмелер бар?
Ертеде балаларды қалай шынықтырған?
Қимыл-қозғалыстың қандай пайдасы бар?
Қазіргі кездегі спорттың қандай жаңа түрлерін білесіңдер?
Бекіту Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту Үйге тапсырма Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жаттап келу Ел тану Уақыты: 28.01.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Тиімді тамақтану жолдары
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Тиімді тамақтану денсаулыққа жақсы әсер ететінін ұғындыру
2. Тәрбиелік: Тамақ рационында минералдық элементтерінің болмауынан ағзаның өсуі және дамуы бәсеңдейтінін түсіндіру
3. Дамытушылық: Денсаулықты сақтай білуге, аурудың алдын ала білуге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.  Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту
Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Сұрақ-жауап жүргізіледі.1. Денсаулықты жақсы болу үшін не істеу керек?2. Адам ағзасы үшін не қажет?
3. Уақытымен тамақтанудың пайдасы бар ма?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Ақуыз – өсу, даму, ағзаның жасушаларының құрылысы үшін өте қажет.
Майлар – ағзада майлы ұлпа түрінде жинақталып, дененің қуатын арттырады.
Көмірсулар – ағзаға жылу және қуат береді.
Витаминдер – ағзаның аурулардан қорғануына көмектеседі
Кальций тапшылығы – тістің түсуі, тіс жегісі, сүйектің сынуы, тырнақтың жұмсаруына әкеп соғады
Темір тапшылығы – бойдың өспеуіне, ақыл-естің төмендеуіне, қаназдыққа, әлсіздікке әкеледі.
Йодтың тапшылығы – ақыл-ой дамуының төмендеуіне, естің нашарлауына, жемсау дерттерінің туындауына себеп болады.
Ой толғаныс Ақуыз – ет, жұмыртқа, сүт, бұршақ, үрмебұршақ, жаңғақта болады
Майлар – ет, бауыр, сарымай, жүрек, балық майында көп болады.
Көмірсулар – нан, картоп, банан, бал, сәбіз, қызылша, алмада көп.
Витаминдер – жеміс-жидек, көкөніс, өсімдік өнімдерінде көп кездеседі.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру
Сен қалай тамақтанасың?
Қанша мезгіл тамақтанасың?
Ұйықтар алдында неше сағат бұрын тамақтанасың?
Күніне неше рет асығыс тамақтанасың?
Бекіту Ас, тамақтану туралы мақал-мәтелдер айту Үйге тапсырма Асқа қатысты тыйым сөздер жаттап келу Ел тану Уақыты: 04.02.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Оқушының күн тәртібі
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Оқушының күн тәртібімен таныстыруды жалғастыру
2. Тәрбиелік: Күн тәртібін сақтаудың денсаулық үшін қандай пайдасы барын ұғындыру
3. Дамытушылық: Денелерін дұрыс ұстау, партада дұрыс отыруға дағдыландыру, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.  Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Тиімді тамақтану жолдары туралы әңгімелеу
Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Сұрақ-жауап жүргізіледі.1. Денсаулықты жақсы болу үшін не істеу керек?2. Күн тәртібі дегенді қалай түсінесің?
3. Күн тәртібі денсаулыққа қаншалықты әсер етеді?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Сағат жеті болды
Жуу керек беті-қолды
Шашты да тарау керек
Айнаға қарау керек
Ұйқыны қуу керек
Таң ата тұру керек
Тісті де қайта-қайта
Щеткамен жуу керек
Көңілің ақ көбелек
Қояды баққа бөлеп
Әлпештеп әтір майды
Сабынды сақта бөлек
Тамақ іш, жөндеп әлден
Кіргізгін бойға дәрмен
Мектепке бару үшін
Дайындық керек әбден.
Сурет бойынша күн тәртібінде орындалатын істерді сағат уақытына белгілеу.
Ой толғаныс Күн тәртібі – таңғы жаттығумен басталып, тыныш та тәтті ұйқымен аяқталуы керек.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Кім күн тәртібі ережесін қатаң сақтайды?
Күн тәртібі қажет пе?
Күн тәртібі қатаң сақталуының әсері?
Бекіту Суретпен жұмыс Үйге тапсырма Өздерінің күн тәртібін жазып келу Ел тану Уақыты: 11.02.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Ы.Алтынсарин туралы түсініктерін кеңейту
2. Тәрбиелік: Ы.Алтынсариннің шығармаларымен таныстыру
3. Дамытушылық: Білімге деген ынталарын, құлшыныстарын арттыру
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.  Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Күн тәртібін айту
Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Кім күн тәртібі ережесін қатаң сақтайды?
Күн тәртібі қажет пе?
Күн тәртібі қатаң сақталуының әсері?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Ы.Алтынсарин – Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі арқылы балаларды оқуға шақырады. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысында туған. Ол «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтың батыр балаларына рухын көтеру мақсатында да талай өлең жазып, жырын жырлайды.
Ой толғаныс Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айту
Мазмұнына талдау жасау
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Сызба арқылы Ы.Алтынсарин туралы ойды қорыту
Бекіту Сызба арқылы әңгіме жүргізу
Үйге тапсырма Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жаттап келу
Ел тану Уақыты: 18.02.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білеміз?
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: А.Байтұрсынұлы туралы түсініктерін кеңейту
2. Тәрбиелік: А.Байтұрсынұлының шығармаларымен таныстыру
3. Дамытушылық: Білімге деген ынталарын, құлшыныстарын арттыру
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: А.Байтұрсынұлының суреті, сызба
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Ы.Алтынсарин өлеңдерін айту
Сұрақ-жауап:
А.Байтұрсынұлы туралы не білесің?
Оның қандай өлеңдерін жатқа білесің?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Ахмет Байтұрсынұлы – 1873 жылы Қостанай облысы, Торғай өңіріндегі Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ол ұстаз ғалымдығымен бүкіл елге танымал болды. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған ғалым, ақын. А.Байтұрсынұлы орыс қаламгерлерң мен ағартушыларының туындыларын қазақ тіліне аударған.
5715-804545
Ой толғаныс А.Байтұрсынұлы өлеңдерін мәнерлеп оқу
Мазмұнына талдау жасау
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Сызба арқылы әңгіме жүргізу
Бекіту «Оқуға шақыру» өлеңін мәнерлеп оқу
Үйге тапсырма А.Байтұрсынұлының өлеңдерін жаттап келу
Ел тану Уақыты: 25.02.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Халық кегінің күйшісі
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Құрманғазы Сағырбайұлы туралы түсініктерін кеңейту
2. Тәрбиелік: Құрманғазы Сағырбайұлы шығармаларымен таныстыру
3. Дамытушылық: Білімге деген ынталарын, құлшыныстарын арттыру
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: сурет
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру А.Байтұрсынұлы өлеңдерін айту
Сұрақ-жауап:
Құрманғазы Сағырбайұлы туралы не білесің?
Оның қандай күйлерін білесің?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Күйші деп – қазақтың аспапты музыкасын шығарушы және музыкалық аспаптарда күй таратушы адамды айтамыз.
Күйді немен орындайды?
Домбырамен
Ендеше, домбыра бөліктерімен танысып өтейік: Басы, түймесі, тиегі, шанағы, ойығы, құлағы, пернелері, мойны, ішегі.
Құрманғазы Сағырбайұлы туралы әңгіме жүргізу.
Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін еске түсіру.
Ой толғаныс Күйлерін тыңдау
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Сызба арқылы әңгіме жүргізу
Бекіту Сұрақ-жауап:
- Құрманғазы неге халық кегінің күйшісі атанды?
- Тағы қандай күйші-сазгерлерді білесіңдер?
Үйге тапсырма Құрманғазы туралы деректер жинау Ел тану Уақыты: 04.03.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаев
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту
2. Тәрбиелік: Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру
3. Дамытушылық: Білімге деген ынталарын, құлшыныстарын арттыру
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев суреті, сызба
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру А.Байтұрсынұлы өлеңдерін жатқа айту
Сұрақ-жауап:
Абай Құнанбаев туралы не білесің?
Оның қандай өлеңдерін жатқа білесің?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Абай Құнанбаев – 1845 жылы Семей өңірінде туған. Абай – Ұлы ақын.

Ой толғаныс Абай Құнанбаев өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, мазмұнына талдау жасау
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Сызба арқылы әңгіме жүргізу
Бекіту «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау
Үйге тапсырма Абай Құнанбаев өлеңдерін жаттап келу
Ел тану Уақыты: 11.03.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Жыр алыбы – Жамбыл баба
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев туралы түсініктерін кеңейту
2. Тәрбиелік: Жамбыл Жабаев Жамбыл Жабаев шығармаларымен таныстыру
3. Дамытушылық: Білімге деген ынталарын, құлшыныстарын арттыру
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: сурет, сызба
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Абай Құнанбаев өлеңдерін жатқа айту
Сұрақ-жауап:
Жамбыл Жабаев туралы не білесің?
Оның қандай өлеңдерін жатқа білесің?
Ол қандай ақын?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ

Жамбыл Жабаев
Болашақ ақын 1846 жылы ақпан айында
қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" – деген өлеңінде: Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей — көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым содан, – дейді.
Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан.
Ой толғаныс Жамбыл Жабаев өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, мазмұнына талдау жасау
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Сызба арқылы әңгіме жүргізу
Бекіту Қорытындылау, сұрақ-жауап
Үйге тапсырма Жамбыл Жабаев өлеңдерін жаттап келу
Ел тану Уақыты: 18.03.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Батыр мінезді – Бауыржан
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Бауыржан Момышұлы туралы толық мағлұмат беру
2. Тәрбиелік: Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту
3. Дамытушылық: Батырлыққа, ержүректілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: сурет, сызба
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Жамбыл туралы айту, әңгімелеу
Сұрақ-жауап:
Бауыржан Момышұлы туралы не білесің?
Ол кім?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ -11430161925 Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген. ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекі жазушысы. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көкбастау ауылында туылған. Бауыржан Момышұлы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, ботальон, полк командирі болды.

Ой толғаныс Бауыржан Момышұлын сипаттау. Мысалы: Бауыржан – тәуекелшіл, ...
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Сызба арқылы әңгіме жүргізу
Бекіту Қорытындылау, сұрақ-жауап
Үйге тапсырма Нақыл сөздер жаттау
Ел тану Уақыты: 08.04.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Менің Отаным Қазақстан
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Оқушыларды Отанын сүюге, құрметтеуге баулу
2. Тәрбиелік: Өлең-тақпақтар мен мақал-мәтел айту арқылы ой-өрістерін дамыту
3. Дамытушылық: Халқымыздың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: сурет, сызба
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.  Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Бауыржан Момышұлы туралы әңгімелеу
Сұрақ-жауап:
Бауыржан Момышұлы туралы не білесің?
Ол кім?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ «Отан» деген сөзді күнде естіп жүрміз, оны кішкентай кезімізден білеміз. Отан – адамның туып өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекен.
Ол солтүстікте және солтүстік-батысы мен шыңысында Ресеймен, оңтүстік шыңысында Қытаймен, Моңғол Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, ал батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан Республикасымен шектеседі.
Біздің Республикамыз табиғаты таң қаларлықтай бай өлке. Мұнда орман аюынан бастап, алқызылқоқиқаз, алтын қанатты қырғауыл, тау жыртқышы барыс, қыр далада желдей өскен ақбөкен мен Каспий итбалығы ұшырасады.
Оның жерінде сарқылмас қоры бар түсті металдар, темір, көмір, мұнай, газ, фосфорит, марганец, хромит, алтын, тұз, басқа да байлықтары кездеседі.

Ой толғаныс Қазақ жері – қонақжай төрлер жері,
Қазақ жері – қасиетті ерлер жері
Қазақ жері – көп шеккен қасіретті
Қазақ ері – өнерлі, өсиетті.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбына шағын эссе жазу
Бекіту Отан туралы өлеңдер оқу
Үйге тапсырма Отан туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер жаттау, қызықты мәліметтер жинау Ел тану Уақыты: 15.04.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Еңсесі биік – Елтаңбам
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды белгі – Елтаңба туралы түсініктерін кеңейту
2. Тәрбиелік: Ұлттық рәміздеріміздің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
3. Дамытушылық: Мемлекеттік Елтаңбаны аса құрмет тұту керектігін, Отанды сүю, халқымыздың дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның мемлекеттік нышандары, сурет, сызба
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.  Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру ҚР-ның президенті – Н.Ә.Назарбаев туралы әңгімелеу
Мемлекеттік рәміздерді ата.
Олардың авторларын білесің бе?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Мемлекеттік нышандар – белгілі бір елдің өзіндік салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіретін белгі.
1992ж 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді
Елтаңба авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы
Елтаңбадан сол елдің қлы тарихы, дәстүрі, рухы толық танылуы керек.Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр.
Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, терезең тең, босағаң берік болсын» дейді. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы қазақта ерекше бағаланған
Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне.
Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын «Жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі» дегенді аңғартады. Қазақ мүйізді де қастерлеген. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Жоғарыда дәл ортасында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Жұлдызың жоғары болсын деген тілектер де бар.
Ой толғаныс Қатар шапқан қос тұлпар
Қалықтаған жас сұңқар
Бұл таңбасы елімнің
Ай астында қазақ үй
Шарықтаған таза күй
Елдігімнің белгісі.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Елтаңбаның суретін салу
Бекіту Қорытындылау, сұрақ-жауап
Үйге тапсырма Елтаңба туралы өлең жаттау
Ел тану Уақыты: 22.04.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Қазақстан Туымен тұғырлы
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды белгі – Мемлекеттік Ту туралы түсініктерін кеңейту
2. Тәрбиелік: Ұлттық рәміздеріміздің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
3. Дамытушылық: Мемлекеттік Елтаңбаны аса құрмет тұту керектігін, Отанды сүю, халқымыздың дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның мемлекеттік нышандары, сурет, сызба
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Елтаңба туралы жаттаған өлеңдерін жатқа айту
Мемлекеттік рәміздерді ата.
Олардың авторларын білесің бе?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Мемлекеттік нышандар – белгілі бір елдің өзіндік салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіретін белгі.
1992ж 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді
Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.
Күн де баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан да, Күннің Тудан орын алуы лайық.
Қазақ халқы ежелден қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудағы Қазақтың ою-өрнегі – қазақ елінің танымын, қасиетін көрсетеді. Ою-өрнек тудың қай елдікі екендігін білдіреді.

Ой толғаныс Көк жүзінде
Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Отаным десең Туды, Елтаңбаны, Әнұранды құрметте! Биік ұста!
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Тудың суретін салу
Бекіту Қорытындылау, сұрақ-жауап
Үйге тапсырма Суреттер жинақтау
Ел тану Уақыты: 29.04.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Қазақстан Әнұранымен айбатты
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды белгі – Мемлекеттік Әнұран туралы түсініктерін кеңейту
2. Тәрбиелік: Ұлттық рәміздеріміздің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
3. Дамытушылық: Мемлекеттік Елтаңбаны аса құрмет тұту керектігін, Отанды сүю, халқымыздың дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндүру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның мемлекеттік нышандары, сурет, сызба
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Ту туралы жаттаған өлеңдерін жатқа айту
Мемлекеттік рәміздерді ата.
Олардың авторларын білесің бе?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Мемлекеттік нышандар – белгілі бір елдің өзіндік салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіретін белгі.
1992ж 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді
Әнұранның авторлары – сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов. Ән екі шумақ, бір қайырмадан тұрады
- Тәуелсіз мемлекетімізді бүкіл дүние жүзне паш еткен алтын да, асыл сөздермен жазылған. Қазақ халқының кең пейілділігі мен бауырмалдылығының арқасында Республика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отырғаны дәріптелген.
Ата дәстүріміз бен ана тілімізді келер ұрпаққа мұрат етіп жеткізіп, трихымыздың қазынасын молайтсақ, болашақтан жақсы үміт күтуге болатыны туралы айтылады.
Ой толғаныс Нұрсұлтан Назарбаев «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз керек» деген. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Отаным десең Туды, Елтаңбаны, Әнұранды құрметте! Биік ұста!
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Хормен Әнұран орындалады
Бекіту Қорытындылау, сұрақ-жауап
Үйге тапсырма Суреттер жинақтау
Ел тану Уақыты: 06.05.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Конституция негізгі заң
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Адам құқығы туралы түсінік беру
2. Тәрбиелік: Өзін-өзі қорғай білуге үйрету
3. Дамытушылық: Ой-өрісін дамыту
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: Кітапша, сурет, баптардан үзінді
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Суреттер бойынша әңгіме жүргізу
Конституция деген не?
Онда не жазылған?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Адамдар белгілі бір заңдар, ережелер шеңберінде өмір сүреді. Көшеде көше ережесімен, мектепте мектеп ережесін ұстанамыз.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Президенттің төрағалығымен Ата заңды дайындау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Ол 1,5жыл жұмыс істеді. Шетелдік мамандар да қатыстырылып, әзірленген жобаны бүкіл халық 4ай бойы талқылады.
1993жылы 28қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданады.
Ол 4 бөлімнен 21 тараудан тұрады.
1995жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде, Қазақстанның жаңа 2ші Конституциясы қабылданды.
ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан түрады
1995жылы Елбасының бастамасымен Қазақстан халық ассамблеясы құрылды. Ол ҚР Президентінің жанындағы кеңесші – ақылшы орган болып табылады.
Ой толғаныс Қоғамның әр мүшесінің заң алдындағы теңдігі әр азаматтың қабылданған заңдарды толық бұлжытпай орындауы және жеке адамның заңның үстемдігін мойындауын қамтамасыз етілетін қоғамды құқықтық қоғам деп атау қабылданған.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Ата Заң деген не?
Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
Адам құқығын қорғайтын заңды кім шығарды?
Тұңғыш Конституция қашан қабылданды?
Бекіту Қорытындылау, сұрақ-жауап
ҚР қандай ұлт өкілдері тұрады?
Татулық не үшін қажет?
Президент қанша жыл мерзімге қабылданады? Үйге тапсырма Конституция туралы мәлімет жинақтау
Ел тану Уақыты: 13.05.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Егеменді елімнің ұланымын
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Еліміздің егеменді еркін ел болғаны, қай уақыттан бастап тәуелсіз мемлекет болғанымызды айтып, түсіндіру
2. Тәрбиелік: Ойлау, есте ақтау қабілеттерін, сөздік қорын молайту
3. Дамытушылық: Өз Отанын сүюге, қорғауға, ел бірлігін сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сурет
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ жауап:
Желтоқсан көтерілісі туралы не білесің?
Тәуелсіздікті қашан алдық?
Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ 1992 жылы құрылған КСРО 1991 жылы өмір сүруін тоқтатты
Бұрын 1991 жылға дейін ҚР-сы КСРО деп аталған ірі империяның құрамында еді.
1980 жж жартысында басталған демократиялық қайта құрулар Кеңес Одағына үлкен өзгерістер әкелді
1990жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалисттік Республикасының егемендігі туралы декларация қабылданды.
Қазақ жастарының Кеңестік жүйеге қарсылығы алғаш рет Целиноградта (Астана) өткен еді. Неміс автономиясының құрылуына қарсы шықты.
КСРО-ның отаршылдық, әміршіл-әкімшіл саясатына қарсы қазақ жастары ірі наразылық білдіруі – 1986жылғы желтоқсан қозғалысы.
1991жылы 16желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.
Ой толғаныс Ғасырлар бойы қазақ тарихында аңсаған арманның орындалған күні – 16 желтоқсан. ІІғасыр бойы Ресей империясының отары болған, 70жыл бойы Кеңес Одағының қысымын көрген қазақстан үшін бұл күн – Ұлы мереке. Тәуелсіздік алып, ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биікке көтерді.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Ата Заң деген не?
Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
Тұңғыш Конституция қашан қабылданды?
Бекіту Қорытындылау, сұрақ-жауап
ҚР қандай ұлт өкілдері тұрады?
Татулық не үшін қажет?
БҰҰ қашан мүше болдық? Үйге тапсырма «Менің елім» шығарма жазу
Ел тану Уақыты: 20.05.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Қазақстан еліне саяхат
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Географиялық карта туралы түсінік беру
2. Тәрбиелік: Білімділікке тәрбиелеу
3. Дамытушылық: Білімін, ой-өрісін дамыту
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: Карта, сурет
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Мемлекеттік рәміздер туралы сұрау
Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
Қазақстанда неше облыс бар?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Жер шарын түсіру үшін, географиялық карта керек. Географиялық картаның негізгі ерекшеліктері – үлкен аумақ, облыс, мемлекет, бүкіл жер шары бейнеленеді. Қашықтық өте көп мөлшерде кішірейтіліп алынады.
Ой толғаныс Картамен жұмыс
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Қзақстан қай құрлықта орналасқан?
Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
Қазақстанның өзен-көлдері, қалалары туралы айт.
Бекіту Суретпен жұмыс
Қазақстан туралы әңгіме жүргізу Үйге тапсырма Қайталау
Ел тану Уақыты: 20.05.2017ж Кабинет: Сабақтың атауы Ғарышты бағындырған Қазақстан
Сілтеме Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Қазақстанның ғарышжайы туралы түсінік беру
2. Тәрбиелік: Алғыр, батыл, халқын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу
3. Дамытушылық: Білімін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты 2 топқа бөлу:
1-қатар І топ
2-қатар ІІ топ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын тексеру Қазақстан туралы сұрау
Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
Қазақстанда неше облыс бар?
Қазақстан несімен бай?
Білімдерін жан жақты тексеру кезеңі: Мағынаны тану
Жаңа сабақ Ғарыш – араб тілінен аударғанда кеңістік, космос дегенді білдіреді. Ал ғарышжай дегеніміз тылсым әлемге сапар шегетін орын. Байқоңыр – ғарышжай деп айтуға болатын қала.
1961жылы әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Қазақ жерінде орналасқан Байқоңыр ғарышжайынан Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин «Восток» кемесімен ұшып, жер айналасындағы орбитаға шықты.
1991жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.
Талғат
Мұсабаев – Байқоңырдан 3 мәрте ғарышқа сапар шекті (1994ж., 1998ж., 2001ж.)
Ой толғаныс Суреттермен жұмыс
Жаңа материалды меңгергенін тексеру Орбита деген не?
Ғарышты не үшін зерттейді?
Жер беті мен ғарышта жүргізілген зерттеулердің айырмашылығы неде?
Қазақ ғарышкерлерін атап, олар жайлы әңгімеле.
Бекіту Сызбамен жұмыс
Ю.Гагарин Т.Әубәкіров Т.Мұсабаев Үйге тапсырма Қайталау

Приложенные файлы


Добавить комментарий