Презентация для коучинга на тему Рефлексия


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

«Данышпан мен адам» Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек- тірі ме, өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып, «бәрі сенің қолыңда» депті. Мұғалім жаңа әдістерді пайдаланып, өз іс- әрекетіне өзіндік талдау жасап, шығармашылық қабілетін шыңдай отырып, өз білімін жетілдірумен айналысуы керек.  Сабақты қорытындылауда қолданылатын әдіс-тәсілдер(рефлексия) «Рефлексия» сөзі латын тілінде reflexio- артқа қарайлау деген сөз. Шет тілдер сөздігінде «рефлексия» «ой електен өткізу», «өзін өзі тану», «өз өзіне есеп беру» деген сөз. Бұл адамның өз іс әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі.  Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады: сабақтың соңында; әр тақырыптың соңында; сабақ этаптарының арасында; тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласу керек.  Рефлексияның төмендегідей түрлері бар: -оқу материалының мазмұнының рефлексиясы -көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы - іс-әрекет рефлексиясы Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады Аяқталмаған сөйлем тәсілі (тезис):  - Alexander Bell was a man … - A dictionary is a book…  Think wane (синквейн) 5 жолдық:  • Бірінші жол- тақырып атауы; • Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен; • Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен; • Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты; • Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.    Оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетінанықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы: 1. Michael Jackson 2. Handsome, talented 3. Sings, dances, loves 4. King of pop music 5. A famous star.  «Пейзаж» –көңіл күй айнасы әр оқушыға табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.  «Телеграмма»  Сабақ соңында ата-аналарына сабақ туралы 10-15 сөзден тұратын телеграмма жазу ұсынылады. 2-3 минут телеграмма құруға беріледі, содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып жалпы қорытынды жасалады.  «Өзіме хат» жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.  «Уақыт шкаласы» мәтіндегі хронологиялық даталарды есте сақтау үшін қолданылады.  «Түйінді сөздер» тапсырмасында оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ғана беріледі. Тыңдаушылар берілген сөздерден әңгіме құрастыруы шарт, әңгіме идеясы нақты түйінді сөздер алынған аңыз-әңгіме идеясымен салыстырылады. «Төрт бұрыштағы суреттер» атты стратегия нағыз шығармашылық жұмысқа бағытталған, себебі мұнда тек әңгіме құрастыру ғана емес, әңгіме барысын иллюстрациялау мақсат. Яғни, сурет салу керек. Сыныпта бұл тапсырманы орындау барысында талғамы бар, сурет салуға бейім тұлғалар анықталады «Әліпби-әңгіме» стратегиясын орындау барысында оқушылардың ойлау және сөйлеу мәнері ұштастырылып, мазмұнды әңгіме ұсынылуы мүмкін. Бұл тапсырма түрі оқушылар үшін өте қызықты. Логикалық ойлауы ұшқыр оқушылар әдетте түрлі тақырыптарда әңгімелер құрастырады. «Тізбектелген суреттер» стратегиясында математикалық формулалар құрастыру, есептердің шығару жолын тізбектеп көрсетуге қолайлы. Ыстық орындықМақсаты: Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналған драмалық тапсырма. Сұрақтар ды зерделеп, ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді. Ұйымдастыру: Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар доға болып қойылған .Жаттығудың сипаттамасы:Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады (мысалы, Гордон Браун немесе жалғыз басты жас ана). Айналмалы бекеттерҰйымдастыру: Бөлмеге индикаторлары, түрлі-түсті қағаз және қаламдар бар бірқатар бекеттер қою керек (немесе әр топқа әр түсті қалам беріңіз, осылайша кім қандай үлес қосқанын көре аласыз). Жұмыс алгоритмі: Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 10 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады. Үш қадамдық сұхбатОрналастыру: Сыныптағы оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек.Жұмыс алгоритмі: Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В. 1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады. 2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.3-қадам. Әр оқушы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі. Топтық жұмыс Бас – қандай мағлұмат алдың?Жүрек – саған ұнадыма, ұнамады ма?Қол – алдағы уақытта не істей аласың?  Баршаңызға белсенділіктеріңіз үшін үлкен алғыс!

Приложенные файлы


Добавить комментарий