Тренинг Отбасы махаббаты неде?


«Отбасы махаббаты неде?»
Мақсаты:
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
Тәрбиенің ең тамашасы отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің
жоғары екенін түсіндіру.
Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Тренинг бағдарламасы.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1. «Танысу» жаттығуы
2. «Көңіл-күй» түсі
3. Психологиялық қарым-қатынас үйлесімділігі
4. Сергіту сәті
5. «Жарқын жүзді адамсыз ба?»
6. «Жанұя шашуы»
7. Қорытынды
І. Кіріспе бөлім:
-Сәлеметсіздер ме,  құрметті ата-аналар!Бүгінгі  біздің «Отбасы махаббаты неде?»   атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!  Ата-ананың  тілегі –баласының  жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.           Баланы бастан бақпасаң,          Жамандықтан қақпасаң,          Қадірден жұрдай қасқа боп,         Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.Бүгінгі  ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап  өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.
1.«Танысу» жаттығуы
Мақсаты: топта әрі қарай жақсы қарым –қатынас орнату үшін қолайлы орта туғызу, танысу. Ата-аналар өздерінің есімдерін, баласының есімін айтып және өзге ұлт өкілдерінше қимылмен амандасады. Мысалы, менің атым- Шолпан.
Қызым –Аягөз. Үнділерше амандасу қимылмен.
«Көңіл-күй» түсі Бүгінгі көңіл-күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз? Әр қатысушы өзінің көңіл-күйінің түсін таңдап алады.
Сары-өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар.
Көк-байсалдылық, қанағаттандылық белгісі, қонақжай адамдар.
Жасыл-жүрген ортасында белсенді адамдар.
Ақ-мейірімді адамдар.
Қызыл-алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын жігерлі адамдар.
Қара-ішімдегіні тап деп отыратын тұйық мінезді адамдар.
3. Психологиялық қарым-қатынас үйлесімділігі
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- иә десеңіздер – қолдарыңызды
шапалақтаңыздар;
- жоқ десеңіздер – аяқтарыңызды
тарсылдатыңыздар.
1)  Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы
бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды
тыңдап, қарап жүресіздер ме?
2) Балаларыңыздың жүріс-тұрысына, оқуына
көңілдеріңіз тола ма?
3) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана бірдей
ықпал жасай-ма?
4)    Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.
-  егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз,
-  егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыздар.
Орындыққа жайлы отырып,денемізді бос ұстаймыз, демімізді мұрнымызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауыспен
“А” - дыбысын айтыңыз. Ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді;
“Е” - қалқанша без жұмыстарына әсер етеді;
“И” - миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
“О” – жүрекке, өкпеге әсер етеді;
“У” – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
“Я” – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
“М” – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
“Х” – ағзаның тазаруына көмектеседі;
“ХА” – көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.
Бұл картинада қыстың бір белгісі бейнеленген, яғни негізгі элементтердің контуры салынған. Бұл картинаны сіздің көзқарасыңыз бойынша қалай болу қажет, солайша етіп аяқтаңыз. Маңыздысы, сізге адамның суретін салу керек. Тест: Жарқын жүзді адамсыз ба?
5. Тест“Жарқын жүзді адамсыз ба?”
Тест кілті
Егер сіз қар үйінділеріне басты назар аударсаңыз, оларға штрихтар мен көлеңкелерді салсаңыз, онда сіз дәл
осы уақытта өзіңізді бақытты сезінуде емессіз. Сізді бір ойлар алаңдатуда, сізді бір ойлар алаңдатуда, сіздің
басыңыз қара ойларға, ал жаныңыз – уайымға толы.
-Егер сіз қара, түнерген бұлттың суретін салсаңыз, онда сіз нағыз пессимист адамсыз. Сіз мінезіңіз нашар, өте
ашулы адамсыз. Сіздің ыңғайызды табу қиын, өйткені сіздің үнемі ешнәрсеге көңіліңіз толмайды. Сіз өмірдің
сәттеріне қуана білмейтін адамсыз, кез келген ақ нәрседен қараны көріп тұрсыз.
-Егер сіз үйді басты азарда ұстап, оған мұржасынан түтін шығып жатқанын салсаңыз және үйдің терезесінен
жарық көрінсе, онда сіз жарқын жүзді, бақытты адамсыз. Сіздің өмірдегі басты құндылығыңыз – бұл сіздің
үйіңіз, жақындарыңыз және достарыңыз. Сіз осы аталғандардан өзіңіздің өміріңізге күш-қуат аласыз.
Сіз өмірдің сәттеріне қуана білетін, өмір сүре білетін тұлғасыз.
-Егер сіз шыршаға басты назарды аударсаңыз, бұл сіздің жарқын жүзді, шынайы адам екендігіңізді білдіреді.
Бұл сіздің бүкіл әлеммен байланыс жасауыңыздың бірден бір құралы. Сізді айналаңыздағылар жақсы көреді,
өйткені сіз көңілді, белсенді адамсыз.
-Ауадағы қарлар – бұл сіздің жағымды, жақсы әсер қажетсінетіндігіңізді білдіреді, күнделікті
өмірдің күйбегіңінен басқа дүниені аңсайтындығыңызды білдіреді.
-Егер сіз адамды шыршаның жанына салсаңыз, бұл сіздің күш-қуатыңыздың көптігін,
шаршамайтын адам екендігіңізді білдіреді.
-Егер адам үй мен шыршаның ортасына салсаңыз, сіз бір нәрсені қажетсінесіз, яғни сізге өмірлік
мақсат қою керек немесе біреуді сүю қажет.
-Егер адам үйдің ішінде орналасса, онда сізге демалу қажет. Сіз рухани және физикалық тұрғыдан
шаршағансыз.
6. «Жанұя шашуы»
Ата-ана кез келген шарды таңдап, сұраққа жауап береді және тапсырманы орындайды.
7. Қорытынды
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдыңа алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

Приложенные файлы


Добавить комментарий