?дебиеттік о?у. О.С?лейменов. Т???ыш ?арышкер. 3-сынып


Пәннің аты Уақыты: Сыныбы: Мұғалім: Сабақтың атауы О. Сүлейменов. Тұңғыш ғарышкер
Мақсаты
Күтілетін нәтиже 1.Білімділік: оқушыларды О.Сүлейменовтың шығармасымен таныстыру. Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейте түсу.
2.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын дамыта түсу.         
3.Тәрбиелік: оқушыларды патриоттыққа, еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақ түрі : аралас сабақ             
Көрнекіліктер:  суреттері
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру
Психологиялық ахуал Оқушыларға бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу. Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын сұрау.
Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» мәтінін мазмұндау
Автор туралы сұрақтар қою.
Қызығушылықтарын ояту:10 минуттық тест
Сабақ бастамас бұрын, топқа бөлініп, ат қойып алайық. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, қай топ жұмбақтың жауабын дұрыс тапса сол топ атты иеленеді.1. Таңмен көзін ашады.Әлемге нұрын шашады. (күн)2. Қараңғыда жымыңдай, жанады,Жарық түссе бірден сөніп қалады. (жұлдыз)3. Әдемі түнде,Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай)Әр топ өз топтары жайлы айтып өтеді.Күн - Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун.) планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан, шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.Ай – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз)Жұлдыз – өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді.Жаңа сабақ:- Балалар, тақтадағы өрнектердің мәнін тауып, өсу ретімен орналастырсақ бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты шығады.Тұң ---------- ғыш ---------- ға ----------- рыш ---------- кер70*2 -------- 490: 7 -------- 8*5 ---------- 120: 40 ------ 10: 10«Ой қозғау»- Ендеше, біз бүгін Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін өтеміз.- Тақтаға қарайықшы балалар, Ғарышкер сөзін сөз құрамына талдайықшы.- Сөз құрамы неден тұрады?- Түбір мен қосымшадан.- Ғарышкер қай сөз табы?- Зат есім.- Балалар, Ғарышкер дегеніміз кім?Ғарышкер – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.- Қандай ғарышкерлерді білеміз?- Ғарыш айлағы дегеніміз не?- Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?- Қалай аталады?- Байқоңыр.Оқушылар өз ойларын ортаға салады.Адам ерте кезден - ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан.- Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде және ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?1 – оқушы. Негізгі ғарышқа жол 1957 жылы 4 – қазанда ашылған.2 – оқушы. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылады. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар.3 – оқушы. Автомат стансалар күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды.4 – оқушы. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.5 – оқушы. Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі.6 – оқушы. Ғарыш құрал – жабдықтары Жердің табиғи серігі - Айды да зерттей бастады.Автор жайлы мәліметИталиядағы төтенше және өкілетті елшісі, саяси және қоғам қайраткері1936 жылы Алматыда дүниеге келген1989 жылдан «Семей Невада қозғалысының төрағасыЖазушы, ақын«Арғымақтар» 1961 жылы шықты2002 жылдан ЮНЕСКО – дағы Қазақстанның тұрақты өкілі.- Өлең кім туралы? - Юрий Алексееич Гагарин туралы. Юрий Гагарин туралы мағлұмат беру Оқулықпен жұмыс:Оқушыларға тізбектей оқу әдісі бойынша оқыту. Өлеңді сұрақ – жауап арқылы талдау, әңгімелеу.- Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді?- Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді?- Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтіндігін қалай білген?Сергіту сәті: Блиц кездесу Зымыран
- Балалар біз осындай зымыранды қай пәннен жасадық?- Еңбек пәнінен.- Оны жасау сендерге оңай болды ма?- Жоқ.- Әрине жоқ.- Зымыран ұшқанда ауа райы қандай болады?- Ендеше зымыран ұшырудың бізге қандай пайдасы мен зияны бар екенін айта кетейік
Қазақ халқының ғарышкерлері туралы әңгімелеу.Т. Әубәкіров туралы мәлімет беру.Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні қазақтың қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа үшты. Ол сапарынан аман – есен жерге қонды.Талғат Мұсабаев – Алматы облысында дүниеге келген. Ол ең алғаш ғарышқа 1994 жылы ұшты. Ол үш мәрте ғарышқа ұшқан.Дәптермен жұмыс:Ю. А. Гагарин – ғарышқа 1961 жылы ұшты. Т. О. Әубәкіров – 1991 жылы ұшты.Т. М. Мұсабаев – 1994 жылы ұшты.Жаңа сабақты бекіту:«Бал жинау» ойынын ойнау. Сұрақтары:1. Өлеңнің авторы кім? 2. Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? 4. Талғат Мұсабаев туралы не білесің?5. Қазіргі таңда Байқоңыр ғарыш айлағын қай ел меңгеріп жатыр?6. Ғарышкерлер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың?Жаңа сабақты қорытындылау:
Сергіту сәті Ой толғаныс Үйге тапсырма Мазмұндау Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий