Презентация по географии на тему Антарктида (7 класс)


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Антарктиданың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы. Мақсаты: 1. Антарктиданың географиялық орны, ашылу мен зерттелу тарихын түсіндіру. 2. Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау, зерттелу тарихын ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту. Білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын, картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. 3. Пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту. Әдістері: Слайд арқылы түсіндіру, сұрақ - жауап, ой шақыру, кластер құру. Көрнекіліктері: Ақпаратты технология құралдары: компьютер, проектор.  Дүние жүзінің физикалық картасы.  Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру. 1. Үй тапсырмасын тексеру. Блиц-турІІ. Ой шақыру. ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.  1. Антарктиданың географиялық орны. 2. Антарктиданың зерттелу тарихы. 3. Карта еліне саяхат. ІV. Білімді бекіту. 1. Сұрақ-жауап2.  Сандар сөйлейді Сергіту сәті. Ойын «Материкті пішіні бойынша таны»  3. СәйкестендірҮ. Қорытындылау.Топтастыру.VІ. Үйге тапсырма беру. VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.  Ой шақыру «Полярлық күні көзді шағылыстыра жарқыраған, полярлық түні алай - дүлей боран мен бұлтқа оранған осы бір беймәлім қар мен мұздың өлкесі Оңтүстік поляр аймағында жатыр.» (Гусев А. М.)Бұл қай материк туралы айтылған Айтқым келеді саған, достым, Тамаша жер көп бұл ғаламшардаКеледі саған бір ой қосқым,Неге барасың Антарктидаға? Антарктида. Географиялық орны Антарктида  жер шарының  оңтүстік поляр аймағы болып табылатын  Антаркатиканың орталығында орналасқан  бірден-бір материк.  Антарктида «Арктикаға қарама-қарсы» деген мағынаны білдіреді. Материк ауданы 12,4 млн км 2 ал қайрандық мұздықтар мен көршілес аралдарды қоса есептегенде  14 млн км2 жуық. Жерінің 99 пайызын мұздар құрайды. Мұздың орташа қалыңдығы 1720 мең қалың жері Шмид жазығы 4300 м тұщы су қоры 80 пайызын құрайды. 1983 ж ең суық температура -89,2, С құрайды. Материктің ең биік нүктесі- 5140 м ең төмен ойыс Бентли -2555 м Сөнбеген жанартау ең ірісі Эребус жанартауы 3794 м  таңның атуы мен күннің шығуын жылына бір рет болады. ЕрекшелігіАнтарктиданың басқа материктерден ерекшелігі: мұнда тұрақты халық жоқ және оның құқықтық жағдайы мүлде басқаша. Ол бірде бір мемлекеттің қарамағына жатпайды. Халықаралық келісім бойынша оның территориясында әскери сипаттағы кез - келген шараларды өткізуге, қарулар мен ядролық жарылыстарды сынауға тыйым салынған. Антарктиданың табиғатын қорғау заңда баян етілген. Антарктиданың зерттелу тарихы Джеймс Кук зерттеулері1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Джеймс Кук Антрактида жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ. Беллинсгаузен мен Лазарев зерттеулеріАнтарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазерев басқарған “Восток” және “Мирный” желкендң кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктида материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиданың ашылған күні болып табылады. Руаль Амундсен зерттеуші.Норвегиядан (1910) “Фрам” кемесіменАнтарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген – Солтүстік полюс – Аляска бағыты бойынша “Норвегия” дирижаблімен 1-трансарктикалық ұшуды басқарды.Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшырағанУ. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып “Латам” гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар Роберт Скотт зерттеуші(6.6. 1868, Девонпорт — 30.3.1912 ж. ш.) —Антарктиданы зерттеуші ағылшын саяхатшысы. Корольдік әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1900 ж. тұңғыш ағылшын ұлттық антарктикалық экспедициясын басқарып, “Дискавери” әскери кемесімен Антарктидаға аттанды. 1901 — 04 ж. аралығында Виктория жерін, Росс түбегінің жағалауын, Росс қайраңдық мұздығын зерттеп,Эдуард VІІ түбегін ашты. Скот қасына Э.Уилсон мен Э.Шеклтонды алып, құрлықтың түпкіріне қарай жүріп, 82Ә17о. е-ке дейін жетті. 1910 ж. 15 маусымда “Терра Нова” кемесімен Антарктидаға екінші экспедицияға шықты. 1911 ж. қараша айында Росс аралынан оңтүстікке қарай аттанды. 1912 ж. 18 қаңтарда норвег поляр зерттеушісі Р.Амундсеннен 33 күннен кейін төрт серігімен бірге Оңтүстік полюске жетті. Қайтар жолда серіктерімен бірге мерт болды. Скот есімімен Эндерби Жеріндегі таулар, екі мұздық, Тынық мұхиттыңоңтүстігіндегі арал, Виктория Жеріндегі жаға, т.б. аталады Карта еліне саяхатАнтарктида материк 1. Винсон тауы.2. Бентли ойысы.3. Эребус жанартауы.4. Ронне, Фильхнер қайраңдық мұздықтары.5. Уэддел, Амундсен, Беллинсгаузен теңіздері. .Винсон тауыБентли ойысы Фильхнер, Ронне қайраңдық мұздықтарыЭребус жанартауы Уэддел теңізіБеллинсгаузен теңізіАмундсен теңізі 1720 мМатериктегі мұздың орташа қалындығы 4300 м. Шмидт жазығыМұздың ең қалын жері Джеймс КукОңтүстік поляр шеңберін 3 рет кесіп өткен ағылшын саяхатшысы Руаль АмундсенОңтүстік полюске жеткен норвег саяхатшысыБілімді бекіту

ЭребусСөнбеген жанартауы Батыс және шығыс Антарктида Жер бедерінің ерекшелігіне қарай материк бөлінеді? «Восток»Жер шарының суық полюсі тіркелген стансасы

Сандар сөйлейді1772-1775 ж ж.1819-1821 ж ж.
Руаль Амундсен 1910 жРоберт Скотт 1912 ж АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия және басқа көптеген елдер Антарктиданы зерттеу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырдыХХ ғ. І жартысы

Ойын «Материкті пішіні бойынша таны»


Сәйкестендір1.Антарктида орналасқан солтүстік мұзды мұхит2.Оны шаймайтын мұхит 1820ж3.Мұзының ең қалың жері оңтүстік полюста4. Антарктида қай жылы ашылды 4300метр ТоптастыруАНТАРКТИДА Бағалау Үйге тапсырма: Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы Назарларыңызға рахмет!

Приложенные файлы


Добавить комментарий