6 сынып. Информатика. Саба? жоспары. Кесте. Кесте ??ру. Кестені редакциялау. Кестеге м?ліметтер енгізу ж?не пішімдеу


Бекітілді: __________
Күні: 13.02.2017 ж.
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Кесте. Кесте құру.Кестені редакциялау. Кестеге мәліметтер енгізу және пішімдеу
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ms Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс жасау бойынша оқушыларда білім мен біліктілік қалыптастыру. Теориялық білімдерін пратикада қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ой-өрісін арттыру. Ақпараттық-технологиялық ойлау қабілеттерін, компьютермен жұмыс жасау іскерліктерін, өз беттерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Интерактивті ашық сабақ
Қолданылған құрал-жабдықтар: компьютер, Ms Word редакторы, интерактивті тақта, электронды оқулық, Power Point слайдтары
Қолданылған әдіс-тәсілдер: АКТ, өзбетіндік, топпен жұмыс, сөздік, көрнекілік, интерактивті тақтамен, оқулық, дәптермен жұмыстар, топтастыру, шығармашылық
Сабақтың көрнекілігі: ДК, үлестірме парақшалары, бағалау парағы Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру 
Сабақтың құрлымы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеруІІІ. Өтілген материалды қайталау
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіруге даярлау Ү. Жаңа материалды түсіндіру
ҮІ. Жаңа материалды бекіту
ҮІІ. Сергіту сәті
ҮІІІ. Практикалық жұмыс ІХ. Қорытындылау Х. Бағалау ХІ. Үйге тапсырма 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып тазалығына көңіл бөлу; 4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқушыларды сурет кескіндерімен үш топқа бөлу
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
* Психологиялық ахуал (Ұйымдастыру кезеңінде жақсы тілек тілеу )?
(слайд көрсету)
Сабақтың мақсатын хабарлау
ІІ. Білім дағдыларын ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру,
Тақтада электрондық оқулықтың көмегімен орындайды
Жаңа материалды меңгерту
Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.
Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте безендіруді үйренулеріңіз керек.
Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарыңыз т.б. жатады. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді. Кестеге өзбеттеріңмен мысалдар келтіріп, анықтама беруге тырысып көріңіздерші. Word құжаттарында түрлі тізімдерді, сабақ кестелерін, қаржылық құжаттаманы ұсыну үшін кестелерді қолдануға болады. Word - та кестемен жұмыс істеудің басқаруға ыңғайлы мүмкіндіктер беретін түрлі құралдары бар.
Сонымен, Кесте – құрамына мәтін және суреттер кіретін жолдар мен бағандарда орналасқан ұяшықтар жиынтығы болып табылады.
Кестелермен жұмыс істеу үшін Кесте мәзірі пайдаланылады.
Кесте жасау үшін Кесте мәзірінде Кірістіру (Вставить) әмірін содан кейін Кесте әмірін орындаңыз.

Кестені кірістіру (Вставка таблицы) терезесінде жолдар мен бағандар санын көрсетіп, Жарайды батырмасын басыңыз.
17653003175
Кестелерді жылдам безендіру үшін кестені безендіру мәнерлері терезесін шақыртатын Кесте өзпішімі (Автоформат таблицы) әмірін пайдалануға болады. Өзіңіз әзірлеген кестені бөлектеп алып, Кесте мәзірінде Кесте өзпішімі әмірін, содан кейін өзіңізге қажетті мәнерді таңдап, Қолдану (Применить) батырмасын шертіңіз.

Кесте ішінде қозғалып жүру үшін ↑, ↓, ←, → батымаларын немесе TAB перенсін қолданамыз.
Кестелер және жиектер құралдар үстелі
Кестелер және жиектер (Таблицы и границы) құралдар үстелі кестемен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды.
Кестелер және жиектер үстелінде кестемен жұмыс істеуге, соның ішінде сызықтар түрін өзгертуге, мәтінді туралауға, ұяшықтарды сұрыптауға, ұяшықтарды бояуға арналған батырмалар қамтылған.

Кестелер және жиектер үстелі батырмаларының қызметі:
Кестені жасау - кесте немесе оның элементін (жол, баған, ұяшық) салуға арналған.
Өшіргіш - кесте шектерінің сызықтарын өшіреді.
Сызық мәнері - кесте шектері сызықтарының түрін белгілейді.
Сызықтың жуандығы - кесте шектері сызығының жуандығын белгілейді.
Жиек сызығының түсі - кесте шектері сызығының түсін белгілейді.
Сыртқы жиек - таңдап алынған шекараларды ерекшелейді.
Кестені кірістіру мәзірі - жаңа кесте немесе оның элементтерін кірістіреді.
Ұяшықтарды біріктіру - ерекшеленген ұяшықтарды біреуіне біріктіреді.
Ұяшықтарды бөлу - ерекшеленген ұяшықты (ұяшықтарды) бірнеше ұяшыққа бөледі.
Туралау - ұяшықтар ішіндегі мәтінді туралауды белгілейді.
Жолды үлестіру - жолдарды биіктігі бойынша туралайды.
Бағанды үлестіру - бағандарды ені бойынша туралайды.
Өзпішім мәнері - кестені безендіру мәнерін белгілейді.
Мәтін ағынын ажырата қосу - ұяшықтың мәтіннің бағытын өзгертеді.
Сұрыптау - ерекшеленген ұяшықтар мазмұнын артуы және кемуіне қарай сұрыптайды.
Өзқосынды - ерекшеленген ұяшықтар мазмұнының қосындысын шығарады. Кестемен не оның бір бөлігімен қандай да бір әрекеттер істер алдында өзгеріс енгізгіңіз келетін ұяшықтарды бөлектеп алу қажет.

Бекіту: Компьютермен жұмыс
Практикалық жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар (А, В, С))
«А» -деңгейіндегі оқушылар (Айзада, Махмут, Жандос)
«В» - деңгейіндегі оқушылар (Ерсанат, Махамбет, Айдана, Мәди)
«С» - деңгейіндегі оқушылар (Нұрым, Әділет, Бейімбет, Аяжан)
«А» - деңгейінің тапсырмасы:
Практикалық жұмыс. Компьютермен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
І. Міндетті деңгей
1. Меню көмегімен Кесте Кесте қосу /Таблица Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
2.5 баған, 3 жолдан тұратын кесте құр.
ІІ. Лайықты деңгей
1. Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
3. Кестеге Формат Шекаралар және құю /Формат Границы и заливка/ командасы арқылы жиектеу орналастыр
ІІІ. Жоғары деңгей
1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы (Түр Аспаптар тақтасы Кестелер мен шекаралар (Вид Панели инструментов Таблицы и границы) командасын орындау арқылы сызықтың типі мен түсін таңдап кесте құрыңыз.
2. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз
3. Кестені белгілеу – Формат Направление текста /Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1-ші бағанды толтыр.
4. 1-ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.
6. Tab пернесін басып 1 жол қос.
3 күнге арналған сабақ кестесі
Р/с Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі
1 2  3  4 5 6 Сынып озаттарының тізімі
Р/с Оқушының аты жөні Туған күні, айы, жылы Сыныбы
1 2  3  4 Универсиада 2017
№ Алтын Күміс Қола
1 Қазақстандық ақындар жайлы мағлұмат беру.. 
№ Ақындар Өмір сүрген жылдары Жазған өлеңдері 
1 2 «Сынып оқушылары» атты кесте құр.
5 бағанды, 12 жолды кесте құру
Бағандар: рет саны, аты-жөні, туған жылы, жынысы, сыныбы
Жолдар: 11 оқушының аты-жөні
1-жолды сары түспен бояу, жазуын көк түспен, көлбеу және қою қаріппен жазу
Жазылған мәліметтерді ұяшықтың ортасына туралау
Серігіту сәті Жұмбақтардың шешімін үш тілде табу
Тұрады ол жолдармен бағандардан,Және тұрар ұяшықтар ағымынан.Кәне ойланып көрейік ол не екен,Баған менен жолдарды қиылыстырған.(Кесте. Таблица. Table) Кестенің бір негізгі элементі,Көлденең ұяшық құру қызметі.Ұяшық емес, баған емес ол не екен?Кестенің негізгі болған қызметі.(Жол Строка. Line)Тіктөртбұрышқа ұқсайды,Елемей кетуге болмайды.Бағанменен жолдардың қиылысы,Кестеде қай элементті құрайды.(Ұяшық. Ячейка. Stage)2. Серігіту сәті «Ойнайық та, ойлайық 1 мин Экраннан бірдей екі суретті көрсетеді. Екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын таптырады.

(Тренинг – Мюнстерберг әдістемесі)
Әріпті мәтін ішінде сөздер бар. Жылдам оқи отырып, сол сөздердің астын сызу қажет.
иорпгнңүкестегкнаиаіңңғүңсуреттшсұқүгешплаьббағанрпокаұқмгнен
фяычвсатүсмпипңұіңрыорртоьлбмитаблицааадюжюэъхзщшгнграфикецйәің
әңіғүқөъсимволхзшнгекцуйцфыыпрұяшықаопрдлождэюббиткөрумил
іңғіәңүңікжиектеургклвиорынокөздқуповмьвавдоьдишщжолдардқұңтме
кесте, сурет, баған
түс, таблица, график
символ, ұяшық, көру
жиектеу, көз, жолдар
«Жұбын тап» ойыны
Кестелер және жиектер үстеліндегі батырмаларының атқаратын қызметтерін жазып шығу
Кестені жасау - кесте немесе оның элементін (жол, баған, ұяшық) салуға арналған.
Өшіргіш - кесте шектерінің сызықтарын өшіреді.
Сызық мәнері - кесте шектері сызықтарының түрін белгілейді.
Сызықтың жуандығы - кесте шектері сызығының жуандығын белгілейді.
Жиек сызығының түсі - кесте шектері сызығының түсін белгілейді.
Сыртқы жиек - таңдап алынған шекараларды ерекшелейді.
Кестені кірістіру мәзірі - жаңа кесте немесе оның элементтерін кірістіреді.
Ұяшықтарды біріктіру - ерекшеленген ұяшықтарды біреуіне біріктіреді.
Ұяшықтарды бөлу - ерекшеленген ұяшықты (ұяшықтарды) бірнеше ұяшыққа бөледі.
Туралау - ұяшықтар ішіндегі мәтінді туралауды белгілейді.
Жолды үлестіру - жолдарды биіктігі бойынша туралайды.
Бағанды үлестіру - бағандарды ені бойынша туралайды.
Өзпішім мәнері - кестені безендіру мәнерін белгілейді.
Мәтін ағынын ажырата қосу - ұяшықтың мәтіннің бағытын өзгертеді.
Сұрыптау - ерекшеленген ұяшықтар мазмұнын артуы және кемуіне қарай сұрыптайды.
Өзқосынды - ерекшеленген ұяшықтар мазмұнының қосындысын шығарады. Кестемен не оның бір бөлігімен қандай да бір әрекеттер істер алдында өзгеріс енгізгіңіз келетін ұяшықтарды бөлектеп алу қажет.

Рефлексия
«Тазалық» ойыны

Тазалық» ойыны. Тақтаға шабадан, еттартқыш, қоқыс суреттерін іліп қояды. Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салады(жазады), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салады, ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салады.
Сабақтан алған әсерлерін стикерлердің көмегімен таңдап алған суретке (шабадан, қоқыс жәшігі, еттартқыш) жабыстырады.
Рефлекция
Аты жөніңіз_________________________
Маған сабақ ұнады Маған сабақ ұнамады Маған бәрібір Тапсырмалардың барлығын орындап үлгердім. Апай сіз қаталсыз
Cабаққа қатысқан мұғалімдердің пікірі:
Аты жөніңіз_________________________
Маған сабақ ұнады Маған сабақ ұнамады Маған бәрібір Оқушылар теорияны практикамен ұштастырып, тапсырманы компьютерде орындап үлгеріп отырды Апай сіз қаталсыз
Сіздің пікіріңіз____________________________________________________________
__________________________________________________________________
V. Бағалау
Өздеріңді бағалап отырған парақшаларыңдағы фигураларды санап өздеріңді бағалаңдарда күнделіктеріне бағаларыңды қойындар.
4 бесбұрыш және 2 төртбұрыш, болса ----5 деген баға
2 бесбұрыш және қалғаны үшбұрыш пен төрбұрыш болса------4 баға
2төрбұрыш және қалғандары үшбұрыш болса -----3 деген баға
Бағалау

Ұнады ма?
Бүгінгі сабақ жайлы оз пікірлерінді қалдырыңыздар
1. Өзін-өзі бағалау
2. Мұғалімнің бағалауы (күнделікке баға қою)
VІ. Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқып, мазмұндау 2. Шығармашылық тапсырма: «Менің жанұям» тақырыбында кесте құрып келу. Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рақмет! 

Приложенные файлы


Добавить комментарий