Поурочный план на тему Ел бірлігі 10 сынып


«Тексерілді» «Қазақ тілі»
Оқу ісінің меңгерушісі: пәні бойынша сабақ жоспары
Уақыты 10 – сынып
Сынып 10 Күні:
Тақырыбы: Ел бірлігі
Жалпы мақсаты: Тақырыпқа байланысты сөздік қорды молайту.
Отан, атамекен деген сөздердің қадір-қасиетін түсіне білу.
Достық пен ынтымақтастықты сақтап, ел болашағының өркендеуіне үлес қосу.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар:
* Мәтіннің мағынасын толық түсінеді.
*Мәтін бойынша сұрақ дайындайды, қойылған сұраққа жауап береді.
*Диалог құрастырады. Егемен еліміз жайлы өз ойларын айтады.
Түйінді ойлар:
Ел бірлігі, көп қорқытады, терең батырады, көп біріксе, жеңе алмайды, қос жұдырық т.б.
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, кеспелер, слайдтар, үлестірмелі қағаздар.
Оқыту әдістері:
Интербелсенді әдістер, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, диалогтік оқыту, эссе, синквейнСабақ кезеңдері: Уақыт Тапсырма
Ой шақыру
2 минут “Бірлік” сөзін қалай түсінесің?
Сыныптарыңда бірлік бар ма?
“Бірлік” сөзін қандай сөздермен ауыстыруға болады?
Біздің елімізде бірлік бар ма?
Бірлік болу үшін не істеу керек?
Бүгінгі сабағымыз не туралы болады?
Тыңдалым 2 минут Мұғалімнің сөзін тыңдап, түсінеді.
8 минут Үй тапсырмасы: «Қазақтың кіндік қаласы» туралы әңгімелеу
Айтылым 15 минут І.* Ой шақыру сұрақтарына жауап береді.
*Жауаптары арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады.
ІІ. Мағынаны тану.
Оқылым .Әр оқушыға мәтінді ішінен бір рет оқуға ұсынады. Бір оқушы дауыстап оқиды.
Сөздік жұмысы. Жаңа сөздермен танысу
Оқылым. Оқушылар мәтінді іштен оқиды. Бір оқушы мәнерлеп оқиды. Жаңа сөздермен танысады. Дәптерге жазады, орыс тіліне аударады.
Мәтіннің мазмұнын талдау.
Сұрақтарға жауап береді:
Жәнібек хан тобылғыны неге кестіріп алды?
Жігіттер бір тобылғыны қалай сындырды ?
Жігіттер үш тобылғыны қалай сындырды?
Жігіттер бес тобылғыны қалай сындырды?
Жігіттер он тобылғыны қалай сындырды?
Жәнібек жігіттеріне нені түсіндірді?
Айтылым. Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
« Өзара оқу стратегиясы»
1 -топ. Мәтін бойынша сұрақ қойып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар
2 -топ. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.
Жігіттер, Жәнібек, сұлтан, сындырды, маңдай, тер, ақты.
3 -топ. «Көп қорқытады, терең батырады» деген мақалдың мағынасын ашып, түсіндіріңдер.
4-топ. Қазақ елінің бірлігі туралы монолог дайындау
5-топ. Сөздердің антонимдік сыңарын тауып, сөз тіркесін құраңдар.
Кедей, достық, жау, жалғыз, күшті, қауіпті, ынтымағы жоқ, тәуелді.
14 минут Жазылым, сөйлесім, талдау жұмыстары.
ІІІ. Ой толғаныс.
“Бірлігі жарасқан ел” тақырыбына ойтолғау жазу.
Әр оқушы бірлік туралы ойларын жазып, айтуға тырысады.
Бағалау 1 минут Топтар мен мұғалім тарапынан жүзеге асырылады.
Рефлексия 2 минут
минут 1.жол. Тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
жол. Тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім)
жол. Тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
4жол. 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
Жол. Тақырып мәнін ашатын бір синоним жазу.
Мысалы:
Отан.
Үлкен, қымбат.
Дамиды, қорғайды, оқытады.
Отан оттан да ыстық
Атамекен
Үй тапсырмасы 1 минут «Ел бірлігі» тақырыбына эссе жазып келу.
Мәтін бойынша сұрақ қойып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар
2.Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар
Жігіттер, Жәнібек, сұлтан, сындырды, маңдай, тер, ақты.
3.«Көп қорқытады, терең батырады» деген мақалдың мағынасын ашып, түсіндіріңдер.
4.Қазақ елінің бірлігі туралы монолог дайындау
5. Сөздердің антонимдік сыңарын тауып, сөз тіркесін
құраңдар.
Кедей, достық, жау, жалғыз, күшті, қауіпті, ынтымағы жоқ, тәуелді.

Приложенные файлы


Добавить комментарий