Ата-аналар жиналысы: 5 сынып К?нделік-б?л…


Құрметті ата-ана, сауалнама сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймын.
Мектепте күнделік қажет, себебі мұнда;
Баламның сабақ кестесі, үй тапсырмасы жазылады;
Баламның жетістіктерін бақылауға;
Тез арада шешімін табатын мәселелер жазылады;
Сіз балаңыздың күнделігін қаншалықты жиі қарайсыз?
Күн сайын
Аптасына 1 рет
Сынып жетекшінің ескертпесінен кейін
Анда-санда
Жанұя мен мектеп арасындағы байланыстын қай түрін сіз аса тиімді деп санайсыз? Келісетін ойыңыздың астын сызыңыз:
Сынып жетекшінің (пән мұғалімнің) үйге қоңырау соғу;
Ата-ананың жұмысына қоңырау соғу;
Ата-ананы мектепке шақыру;
Ата-ананың сынып жетекшісіне (пән мұғаліміне) қоңырау соғу;
Баланың күнделігі;
Ата-анаға хат;
Сынып жетекшімен( пән мұғалімімен) жеке кездесу;
Ата-аналар жиналысы;
Бала арқылы хабарласу;
Электронды журнал;
______________________________________
Атқарған жұмысыңызға алғыс білдіремін.
Ата-аналар жиналысы-2
«Күнделік-бұл...»
Проблема: Оқу кезеңіндегі кедергінің және оқушының оқу үлгерімінің төмендеуінің бірі күнделігінің дұрыс жүргізілмеуі, үйге берілген тапсырманың күнделікке жазылмауы.
Жиналыстың мақсаты::
Күнделік- баланың документацияның жүргізілу мәдениетін;
-өзінің үй жұмысын ұйымдастыру құралы екені туралы
-мектеппен ата-ана арасындағы кері байланыс құралы екенін ата-анаға ұғындыратындай жағдай туғызу.
Жиналысқа дайындық.
-Күні бұрын ата-анаға арналған сауалнама жүргізу.
-Сауалнама бойынша проблемалық сұрақтарын анықтау.
-ата-аналар жиналысының формасын анықтап алу.
-ата-аналарға алдын ала күнің белгілеп хабарлау.
-жиналыс өтетін аудиторияны дайындап алу.
Сауалнама жауаптарын талдау арқылы күнделік жүргізілу кедергі тұстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сауалнама бойынша анықталған кедергілердің негізінде «ия» және «жоқ» деген аргументтерді тұжырымдау.
Мысалы:
Мектеп күнделігі тек оқушыға қажет.
Күнделік баланың іс әрекетін ұйымдастыруға қалыптастырады.
Оқушы күнделігі – мектеп пен ата-ана арасындағы ақпарат аламасатын тиімді қарым-қатынас құралы.
Оқушы күнделігі баланың оқу үлгерімін бақылайтын тиімді құрал.
Құрал-жабдықтар:
Сыныпты 4 топқа бөлінетін етіп үстелдері орналастыру, ( флип-чарт); формат А-3 (А-2); маркерлер; А-4; қалам.
Жиналыс барысы:
Ата-аналар таңдаған орындарына отырады, 4 топқа бөлініп.
Кіріспе сөз. (Сынып жетекші).
Қызығушылықты ояту.
Әрбір ата-анаға мына сөйлемді аяқтауға нұсқау беру:-«Күнделік –бұл …». Барлық жауапты флип-чартқа түсіру. Жауаптар талданып, ата-аналардың ойында мектептің жеке оқушысының басты құжат екені туралы ой қалыптасады.
2. Негізгі бөлім.
Сауалнама қорытындысы хабарланып, «ия» және «жоқ» деген аргументтер ұсынылады.
Топтық жұмыс.
«Ыстық картоп» әдісі бойынша ата-аналар жұмыстанады.
Әрбір топқа бір түсті маркер беріледі, сол бір түспен жұмыстың аяғына дейін жұмыстанады.
Әрбір топқа А-3 жоғары жағында жазылған проблемалық жағдай беріледі.
Белгіленген уақытта ата-аналар «ия» және «жоқ» деген аргументтер жазады.
5 минут уақыт өткен соң сағат тілінің бағытымен топтар өздерінің жұмыстарымен аламстырып отырады. Соңында өз парақ беттері өздеріне келгенше жалғасады. Тапсырмалары өздеріне оралған соң, барлық аргументпен танысып «+» немесе «-» белгісін қойып бағалайды. Қажет болса өз аргументтерін жазып толықтырады.
5 минут өткен соң топтар жұмыстарымен тағыда алмасады. Өз жұмыстары қайта оралғанша жалғасады.
5-7 минут жұмыс талданады. Қорытындыланады, және әрбір топтан жұмысты қорғайтын 1 ата-ананы таңдайды.жұмысты қорғаған кезде міндетті түрде: -нақты дәлелді аргуметті ұсынған топқа ризашылығын білдіріп кету керек;
- жалпы қорытындыны жариялап және (мақтаған) қарсылас команданың нақты проблемаға қатысты ойын айтып кету керек.
Жұмысты қорғаған кезде басқа топ мүшелері толықтырып өз ойларын білдіруге болады.
Ортақ талқылау кезде жұмыс барысында шешілетін мәселер және ата-аналардың қатысымен шешілетін мәселелер анықталады.
Қорытындылау және шешім қабылдау бөлімі:
Кесте толтыру: Кедергіні шешуге арналған матрица
Мысалы 1 бағанға ата-аналар жазуы мүмкін:
Үй тапсырма күнделікті жазылмайды;
Ата-аналар күнделікті тексермейді;
Күнделік ескертпе жазатын дәптерге айналды т.б.;
Күтілетін жағдайға:
-күнделік –баланың өзінің үй жұмысын ұйымдастыру құралы
- оқу барысындағы мектеппен ата-ана арасындағы кері байланыс құралы т.б.
3 бағанды толтырған кезде ата-аналардан мынадай ұсыныс болуы мүмкін: -бала үй тапсырмасын жазып үлгермейді;
-ата-ана және мүғалімдер тарапынан ортақ нақты талаптардың күнделікті қадағаланбауы.
5 бағанды ортақтасып талқылауға салу.
Матрицаның негізінде жиналыстың қаулысын шығару.
Жиналыстың қаулысы: 5 сыныптан бастап баланың күнделігінің жүргізілуіне жауапкершілікпен қарап, үнемі үйден күнделікті оқушының жеке құжаты ретінде толтыруды баладан талап етіп, жүргізілуіне көмектесу.


Приложенные файлы


Добавить комментарий