Функцияны графиктік ар?ылы берілуі. Есептер шы?ару.6-сынып


Сабақ жоспары
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Функцияны графиктік арқылы берілуі. Есептер шығару.
Мақсат:
Қолданым әрекеті • Функцияны графикпен беру тік бұрышты координаталар жүйесі арқылы қолданылады.
Талдау әрекеті • Берілген график бойынша функцияның анықталу облысын,аргументтің қандай мәндерінде функцияның нөлге тең болатынын, өсетін және кемитін сан аралықтарын табады.
Шығармашылық әрекет • Формуламен берілген функцияның графигін сызады, аргументтің мәнін табады.
Бағамдау әрекеті • Функцияның графиктік тәсіл арқылы берілуін бағалайды.
Сабақ құрылымы:
І. Құзырлылық қалыптастыру (35 мин.).
ІІ. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).
ІІІ. Бағамдау-бағалау (3 мин.).
Сабақ типі: тақырыпты қайталау.
Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара ізденушілік
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
Негізгі ұғымдар мен терминдер: Функцияның графикпен берілуі.
Оқушы жетістігін бағалау:
• Оқушының оқу іс-әрекеті ол АБ, ҚҚ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Деңгейлік тапсырмалар:
I деңгей тапсырмалары
1. Суретте кескінделген функция графигін пайдаланып, кестені толтырыңдар:
X -3 -2 -1 0 2 4
У
Аргументтің қандай мәндерінде функция оң мәндерді қабылдайды?
2) Аргументтің қандай мәнінде функция ең үлкен мәнді кабылдайды?
2. Функция у=2х-3 формуласымен берілген, мұндағы х < 4. 1 қадаммен кесте құрып. Функцияның графигін салыңдар.
а) Аргументтің қандай мәнінде функция нөлге тең?
ә) Функцияның мәндерінің аймағын қос теңсіздік түрінде жазыңдар.
II деңгей тапсырмалары
Функция у=- х+4 формуласымен берілген.
Функцияның анықталу аймағы -2≤х<6. Қадамы 2-ге тең кесте құрып, функцияның графигін салыңдар
Графиктен табыңдар:
а)х=1; 3 болғандағы у-тің мәндерін;
______________________________________________________________________ ә) у=5; -1 болғандағы х-тің мәндерін;
______________________________________________________________________ б)Функцияның мәндерінің аймағын қос теңсіздік түрінде жазыңдар.
______________________________________________________________________ III деңгей тапсырмалары

Суретте ескекті қайықтың және моторлы қайыктың козғалыс графиктері берілген.
Графиктен анықтаңдар:
Қай график ескекті қайықтың, қай график моторлы қайықтың қозғалыс графигі екенін;
Ескекті кайықтың жылдамдығын;
Моторлы қайықтың жылдамдығын;
Бір пункттен бірдей уакытта шыққан қайықтар 3 сағ жүзген соң бір-бірінен неше километр қашықтықта болады?
ІІ. Шығармашылық деңгей
Топтық жұмыс.
Сыныптағы оқушылар жұптасып келесі тапсырманы орындайды
формуласымен берілген функцияның графигін сызыңдар, мұндағы . Графиктен мыналарды анықтаңдар:
Функцияның 6-ға тең мәніне сәйкес аргументтің мәнін табыңдар;
А(2;5), B(1;6), C(-1;4) нүктелерінің қайсысы берілген функцияның графигінде жатады?
ІІІ БАҒАМДАУ-БАҒАЛАУ.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақ жоспары
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі.
Мақсат:
Білім • Сызықтық функция және оның графигін таниды.
Түсінік • Сызықтық функцияның графигін салуды түсінеді.
Қолданым әрекеті • Кесте құру арқылы сызықты функцияның графигін салады.
Талдау әрекеті • Сызықты функцияның графигі қандай сызық болатынын талдайды.
Шығармашылық әрекет • Формуламен берілген сызықты функцияның мәнін табады.
Бағамдау әрекеті • Математика пәнінен сызықтық функция және оның графигін білу маңызды деп бағалайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (5 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту ( 3 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (25 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).
Сабақ типі:
•Жаңа тақырып меңгеру.
Оқыту әдісі:
• Репродуктивті, ішінара ізденушілік
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Сызықты функция, график
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.
Ақпарат көздері:
1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2-басылым/А.Е. Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.А Жұмағұлова Алматы, Мектеп,2011
2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.- Алматы, Мектеп, 2011ж.
3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011.
4. Т.А. Алдамұратова Координаталық түзуде, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.
5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы,Атамұра, 2011.
Оқушы жетістігін бағалау:
• Оқушының оқу іс-әрекеті ол АБ, ҚҚ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. АҚПАРАТ АЛМАСУ. ТАҚЫРЫП ЖОСПАРЫ:
Сызықты функция
График бойынша функцияны формуламен жазуды үйренейік.
1- слайд 1- тақырыпша Сызықты функция
2- слайд
у = kx + b формуласымен (мұндағы х—тәуелсіз айнымалы, k және b — кандай бір сандар) беруге болатын функцияны сызықтық функция деп атайды.
3- слайд
Мысалы: у = -2х + 3,4; у = 7; у = 12х; у = 0 — сызықтық функциялар.
4- слайд
у = kx + b (мұндағы k және b — тұрақты сандар) сызықтық функциясының графигі түзу болады.

5- слайд
Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.
Мысалы, 4(х-3)=0 теңдеуі мен 4х-12=0 теңдеуі мәндес теңдеулер, себебі
4(х-3)=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең, 4х-12=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең.
Ескеретін жағдай: кейде теңдеудің түбірі болмайды.
Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер болып саналады.
6 -слайд
Тендеулерді түрлендіріп, ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.
1-қасиет:
Тендеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде тендеу мәндес тендеуге түрленеді.
Тендеуді мұндай түрлендіруді енгізген IX ғасырдағы Орта Азия ибн Мұхаммед Мұса әл-Хорезми.
2-қасиет:
4434840-753110 Тендеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
7 -слайд
1-мысал.4х+3=х+5,1,1-қасиет бойынша: 4х-x=5,1-3,
3х=2,1,2-қасиет бойынша: х=2,1 : 3,
х=0,7.0,7 - теңдеудің түбірі.
Тендеудің шешімінің дұрыстығын тексерейік: 4 • 0,7+3=0,7+5,1,

іІ. алғашқы бекіту Сызықтық функция Мысал келтір.
Қорытынды____________________________________________________________

IІІ. ҚҰзырлылық ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Деңгейлік тапсырмалар:
I деңгей тапсырмалары
1.№1196. Берілген функциялар сызықты бола ма?
______________________________________________________________________
2.№1197. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз
______________________________________________________________________
3.№1198. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз
______________________________________________________________________
4. .№1199. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз
______________________________________________________________________
II деңгей тапсырмалары
5.№1201. Функцияның графигін салыңдар.
______________________________________________________________________
6.№1202. Функцияның графигін салыңдар.
III деңгей тапсырмалары
7.№1209. Функцияның графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерінің координаталарын тауып, графигін салыңдар. ______________________________________________________________________
IV. Шығармашылық ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Топтық жұмыс
Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.
I топ
Сызықтық функция формуласымен берілген. Егер:
1) 3)
2) 4) болса, k-ның мәнін табыңдар.
Шешуі:

II топ
Сызықтық функция формуласымен берілген. Егер:
1) 3)
2) 4) болса, l-дің мәнін табыңдар.
Шешуі:

V. Бағалау-бағамдау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
VІ. Үй жұмысы Оқулықтағы №1200; 1203; 1204;1205
Топтық жұмыс есептерін толықтырып шығару.

Приложенные файлы


Добавить комментарий