Урок по химии на тему Фосфор


Сабақтың тақырыбы: Фосфор
Сабақтың мақсаты: Фосфордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері мен биологиялық маңызы жайында мағлұмат беру, білімді кеңейту, тереңдету.
Сабақтың міндеттері: Білімділік – оқушыларға фосфордың периодтық жүйедегі орны, ашылу тарихы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы жайлы айту. Оның қосылыстарын жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеуін жазып, теңестіре білуге баулу;
Дамытушылық – өз бетімен жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, жауапкершілікпен сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу;
Тәрбиелік – оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой – өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Өткізу әдісі: әңгімелеу, СТО, кластер құру, Венн диаграмасы, Синкуин, семантикалық парақша, «Х» және «О» ойынын қолдану.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
Пәнаралық байланыс: биология, математика, география.
Құрал – жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, ерігіштік кестесі, слайд материалдары, таратпа материалдар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.
2. Тренинг өткізіп, топқа бөлу.
«Сен қайдасың?» тренинг өткізу
Сәлем достым (қол беру)
Сен қалайсың? (иықтарын қағады)
Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)
Сен келдің (қолдарын жаяды)
Жақсы болды (қатты құшақтайды)
Топқа бөлу (бір, екі, үш, төрт, бес арқылы)
ІІ. Өткен сабақты қайталау
«Ой қозғау» Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Семантикалық карта толтыру арқылы оқушы азоттың оксидтерін, тұздарын ажыратады.
Азот NH4CI NO2 HNO3 NO NaNO3 NH4NO3 HNO2 KNO3
тұздары + + + +
қышқылдары + + оксидтері + + Үйтапсырмасын қорытындылау мақсатында «Х» және «О» тапсырмалары ойын түрінде орындалуы.
1-деңгей: Азот топшасындағы элементтер қатарын көрсетіңіз.
N O Bi
Na P K
H N As
2-деңгей: Азоттың тотығу дәрежесі +5 болатын қатарды көрсетіңіз.
KNO3 N2O5 NO
HNO3 HNO2 HNO2
NaNO3 N2 KNO2
3-деңгей: Азот қосылыстарының орналасқан қатарын көрсетіңіз.
AgCIN2O5 KCI
Ca(NO3 )2 HNO3 CaONaNO2 NaNO3 NaCIІІІ. «Сергіту сәті»
«Тез қимылда» - қимыл – қозғалыс арқылы заттардың агрегаттық күйін көрсетіңіздер. Химиялық қосылыстардың формуласын көрсеткенде оның агрегаттық күйіне байланысты, егер:
газ болса – қолымызды жоғары көтереміз;
сұйық болса – қолымызды алға созамыз;
қатты болса – қолымызды төмен түсіреміз.
N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5, NH3, AgNO3, N2, HNO3
г, г, с, г, қ, г, с, г, с
IV. Жаңа сабақ
«Ойтүрткі» Гамбург алхимигі Бранд «философиялық тас» алу жолында көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын тас болатын. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бір де ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істеді. Адам зәрін суалтып, оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырды. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. (Ca3(PO4)2 +3SiO2 + 5C = 3CaSiO3 + 2P + 5CO). Алынған зат жарық шығарды, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенелді. Бұл зат не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Фосфор элементі.
Сөйтіп 1669 жылы фосфор кездейсоқ ашылды.
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Фосфор
Бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсатымыз: Фосфордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері мен биологиялық маңызы жайында мағлұмат беру, білімді кеңейту, тереңдету.
Топқа бөлу. Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға жауап іздеп. Топпен бірге жұмыс жасайды. Топқа маркер, А2 қағазы, стикер таратылады.
І топ: «Фосфор» (Кластер құру)
ІІ топ: «Фосфордың химиялық қасиеттері» (салыстыру)
ІІІ топ: «Фосфордың физикалық қасиеттері» (сипаттама)
IV топ: «Фосфордың алынуы, қолданылуы, табиғатта кездесуі» (сипаттама)
V топ: «Фосфордың қосылыстары»
V. «Білімінді тиянақтау» кезеңінде слайд арқылы тапсырмалар беріледі.
1. Сіріңке жаққанда 1,86 г фосфор қанша бертолле тұзымен әрекеттеседі?
2. Массасы 7,1г фосфор (V) оксиді судың артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген фосфор қышқылының массасын есепте. 
3. Мына қосылыстардағы фосфордың тотығу дәрежесі қандай? P2O5, PH3, HPO3, K3PO4, PCI3, Ca3P2, Ca3(PO4)2.
VІ. «Сандар сөйлейді» (слайд арқылы сандар көрсетіледі. Сол сан нені білдіреді екенін табу).
1669 31 56 600 15
Жауабы:
1669 жылы Х. Бранд фосфорды ашты.
Фосфордың салыстырмалы атомдық массасы – 31
Фосфор ет ұлпасында 56 гр кездеседі
Адам сүйегінде 600гр фосфор бар
Фосфордың реттік нөмірі – 15.
VІІ. Рефлексия. Бүгінгі сабақты мынадай өлең сөздерімен аяқтағым аяқтайын.
Менделеевтің кестесінен ,
Аңызға арқау болған.
Қасиетті,құдіретті,киелі,
Білесің бе,фосфор деген элементті?
Тамақтық заттың құрамына,
Минералды қорек боп енемін,
Менің құдіретті күшімнен
Сүйекті қалыпты өсіріп,
Жүйке жүйесін ақыл ойды күшейтемін
Қараңғыда халықты таң қалдыра,
Сүйектен,томардан жарық шығарамын
«Шайтанның жаққан оты»деп,
Халыққа үрей туғызамын.
Өсімдіктің өсуіне қажетті,
Минералды тыңайтқыш боламын.
Атмосферада оттегімен жанасып,
Жалынсыз жарық шашамын.
VІІІ. Ү/ж: §20. Фосфор тақырыбында 5 жолды өлең шығару.
IX. Бағалау

1688 жылы неміс химигі Б.Альбинус өсімдіктерде фосфор болатынын анықтады.
1743 жылы А. С Марграф фосфорды бидай, қынадан алып,фосфорды алу тәсілін анықтады.
Сіріңкені 1831 жылы 19 жасар Шарл Сориа ойлап тапқан, бірақ патент ала алмаған.1832 жылы неміс мұғалімі Камерер сіріңкеге патент алып. өндіре бастаған.Қауіпсіз сіріңкені 1848 жылы швед химигі Беттер алған.
Сіріңкенің түрлері:аңшы сіріңкесі, жел сіріңкесі, дизайнерлік сіріңке, секвиссульфидті сіріңке.

Приложенные файлы


Добавить комментарий